« Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта »

Тілепбергенова Фарида Темірғалиқызы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: « Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта »
Мақсаты:
1.Білімділігі: Берілген тапсырмаларды зейін қойып орындауға үйрету. Доғаның астымен төрт тағандап өтуге, гимнастикалық скамейкада еңбектеп, қос аяқпен секіруге үйрету.
2.Дамытушылығы: Ертегі желісі арқылы балалардың қимыл іс-әрекетін дамыту.
3.Тәрбиелілігі: Тұлға бітімдерін аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін шынықтыра білуге, достыққа мейрімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,көрсету,ойын
Құрал- жабдықтар: доп, гимнастикалық скамейка, шығыршық ,кубик, доға.
ҰОҚ жүрісі:
Бір қатар «Поезд» өлеңіне саппен кіру.
-Балалар, бізде бүгін ерекше күн, алдымен шеңберге тұрып шаттық шеңберімізді айтып, келген қонақтарымызбен амандасып алайық.
Шаттық шеңбер:
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Бір шынығып алайық.
-Сәлематсыздарма!
-Балалар сендер менімен бірге саяхатқа шыққыларың келеме? -Иә
Ендеше бүгін біз «Бауырсақ» ертегісіне саяхаттайтын боламыз. Жолда бізге әр түрлі кедергілер, тапсырмалар кездесуі мүмкін, солардың бәрін мүдірмей орындауымыз керек.
I.Кіріспе бөлімі
Жәй бірінің артынан бірі жүру, қолды жоғары көтеріп , аяқтың ұшымен жүру.
Қолды белге қойып ,өкшемен жүру.
Аю секелді теңселіп жүру.
Қоян сияқты ытқып секіру, жәй жүгіру,белгі бойынша тоқтау.
ІІ. Негізгі бөлім
Жалпы дамыту жаттығулары:
Жолда тоңып қалмас үшін,мына доптарды алып, денемізді қыздырып алайық.
1.Доппен қолды алға созу,оңға, солға бұрылу.
2.Допты жоғары көтеру , допқа қарау бір қалыпқа оралу.
3.Бір қалыпта допты қолға алып созып, отырып-тұру.
4.Доптың жанында қос аяқтап секіру.
5.Терең дем алып,дем шығару.
-Ал ,балалар «Бауырсақ» ертегісіне келіп жеттік.
Қызықты сәт: Қоян келеді
-Балалар қане Қоянмен амандасайық
-Сәлеметсізбе (Амандасады)
Тәрбиеші: Қош келдіңіз
Біз осы жаққа ормандағы аңдармен кездесуге келдік
Қоян: Жарайсыңдар балалар!
Мен сендердей шымыр балаларды көргеніме қуаныштымын. Ендеше мен бүгін сендерге тапсырмалар беріп қаншалықты шапшаң епті екендеріңді көрейін.
Қ\о :«Кім шапшаң?»
Балалар доғаның астымен төрт тағандап өтіп қораптағы кубиктерді қоянның қапшығына жинап береді . Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Жарайсыңдар балалар! Менің тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар сендерге көп рахмет. Мен енді қайтайын. Сау болыңдар!
Ғажайып сәт
Түлкі кіреді
Сәлеметсіздер ме балалар?
Мен сендердің Қоянмен жаттығу жасап жатқандарыңды көріп , менде сендерге келдім, мына атадан әжейден қашқан бауырсақты жемей сендерге әкелдім, Егер мен әкелген тапсырманы орындасаңдар бауырсақты қалдырамын.
Қ\о : « Кім тыныш өтеді?»
Гимнастикалық скамейкадан еңбектеп өтіп,екі қолымызды белге қойып шығыршықтан қос аяқпен екі рет секіріп өтеміз.
Түлкі бауырсағын, тілегін айтып қоштасады.
Ой, жарайсыңдар балалар! Менің тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар көп рахмет сендерге, менде енді қайтайын сау болыңдар балалар!
III. Қорытынды.
Тыныс алу жаттығулары:
1. «Ұлпақарларды үрлеу»
Балалар сендерге бүгінгі саяхат ұнадыма?
-Біз кімдермен кездестік? (қоян,түлкі).
-Түлкі бізге не берді? (бауырсақ).
Спортпен шұғылданып,денеміз сау шымыр болайық.
Жарайсыңдар, балалар!
Жаттығуларды жақсы орындағандарың үшін мен сендерді медалдармен марапаттаймын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *