Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!

Қазіргі таңда ғылым мен техника қарқынды дамып келеді,сол себепті тіл білудің артықтығы жоқ.Әрине ,көп тіл білсең еш жерде адаспай күніңді көресің.Мемлекеттік тіл-мемлекет құрушы ұлттық тіл,орыс тілін білу-ұлы байлық.Көптеген ел ағылшын тілін меңгеріп өзара қолданады,сондықтан ағылшын тіліннен жетістікке жетіп жатсаң ешқандай әбестігі жоқ.Меніңше тіл білу жақсы,сонымен қатар өз туған тіліңді ұмытпау- нағыз патриоттық міндет.жалпы әлеуметтік ортада көбінесе орыс тілімен сөйлейтіндер қазақ бауырларымыз.Осындай жағдайда ойыма мына сұрақ келеді:не үшін қазақ болсада орыс тілін қолданып жатады әлде қазақша сөйлеуге ұялама? Менің ойымша олар өз тілін құрметтемеген,сыйламаған жандар.Сөз соңында айтарым «Өзге тілдің бәрін біл ,өз тіліңді құрметте».Мінекей өз тілімізді құрметтейік және ұмытпайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *