Мазмұнға өту

Сандар қатары

Мейрамкул 3 мин оқу 403 оқылым

Сабақтың тақырыбы: Сандар қатары
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Балаларды сандар қатарымен таныстыра отырып бір және екі таңбалы сандармен таныстыру, сандар қатары құрылуының заңдылықтарының анықталуының, сандар қатарын салыстыру үшін пайдаланылуын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін, білім деңгейін дамыту.
Тәрбиелік: Сабаққа қызығушылығын, белсенділігін, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін арттыру.
Сабақтың әдісі: Аралас
Сабақ көрнекілігі: Топтамалар, суреттер, сызбалар

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Балалардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын түгелдеу.

ІІ. Психологиялық дайынды.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан,- дегендей қазір бізде математика сабағы
Ал математика сабағына дайын болу үшін біз не айтушы едік
- Есептеуді білмейтін адам,
Түк білмейтін надан....
- Дұрыс, балалар, бүгінгі сабақ ерекше сабақ болғалы тұр, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр.
Келгенше қонақ ұялады
Келген соң үй иесі ұялады,- дегендей біз ұятқа қалмайық

ІІІ. Негізгі бөлімі
– Балалар 16 - желтоқсан қандай мереке екендігін білесіңдер ме?
- Тәуелсіздік күні
- Дұрыс, еліміздің егемендік алған ерекше мерекесі екендігін жақсы біледі екенсіңдер
- Олай болса сол мерекеде Астана қаласында түрлі іс - шаралар, ойын сауықтар ұйымдастырылады, соған көптеген аңдар да барып ортақтасқысы келіпті. Міне, мына поезд сол Астана қаласына барғалы тұр екен, барлық аңдар вагондарына отырып алған сияқты, бірақ сонда да абыр - сабыр болып жатыр неге екендігін қазір естіп көрейік
Түлкінің даусымен:
- Бұл не деген жағдай, біз өзіміз нешінші вагонда отырмыз, достарымның қайсысы нешінші вагонда екендігін білмей әбден састық қой, Астанаға барғанда адасып кететін шығармын, қоян досым қайдасың, вагондарымыздың санын анықтап беретін адамдар бар ма өзі? Көмектесіңдер, көмектесіңдер.
- Қалай балалар көмектесеміз бе? Шынында өз вагоныңның санын білмеген қиын ғой. Олай болса көмектесу үшін көптеген тапсырмалар орындауымыз керек. Әр вагонда әр түрлі тапсырмалар бар екен
1. Тура санау, кері санау
2. Көңілді санамақ
3. Топтамалар арқылы есептер құрастырып, өрнектер жазу
4. Сандар құрамын қайталау 8, 9, 10 сандарының құрамын еске түсіру
5. Өрнек пен өрнекті салыстыру, ережесін қайталау
6. Сан мен өрнекті салыстыру, ережесін қайталау
7. Қосынды жазу, кері азайту амалына өрнек жазу
Міне, балалар біз аңдардың өздері отырған вагондарының ретін анықтап бердік
Түлкі:
- Рахмет, достар, рахмет. Сабақтарыңды жақсы оқуларыңа тілектеспіз, сау болыңдар.
Ал, аңдарды жолға шығарып салдық, енді артында қалған мына сандарға назар аударайық. Сандар қалай орналасқан екен?
- Қатарласып
- Дұрыс айтасыңдар. Сандардың осылай қатарласып орналасуын сандар қатары деп атайды екенбіз.
- Енді осы сандар қатарына жақсылап қарап алыңдаршы, қандай айырмашылықтарды байқауға болады.
Балалар жауаптарын толықтырып бір және екі таңбалы сандар туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Сергіту сәті
3. Сандар қатары туралы түсінсеңдер енді «Көңілді санамақ» ойынын ойнайық. 2 - 3 оқушыға санату
4. Оқулықпен жұмыс
1тапсырмада сандар қатарын берілген заңдылықпен анықтау.
2, 3 тапсырма берілген сандарды салыстыру
4 тапсырмада өрнектер құрып, мәндерін табу.

Ширату стратегиясы. Логикалық сұрақтарға жауап алу
1. Алма бағы жайнаған
Қызыл алма жайнаған
Алдым үзіп бесеуін
Тағы алдым екеуін

2. Төрт қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарады
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу, бас нешеу?

3. Бір - бірімен жарысқан
Төрт аю, екі арыстан
Екі қоян, бір түлкі
Бәрі нешеу ойлан сен.

4. Тал басында тізіліп
Он жапырақ тұр еді
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі

ІІІ. Қорытынды
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттап, сыйлықтар беру, сабақты қорытындылап аяқтау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Мейрамкул

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

Бабамның киген киімі

Романова Мейрамкул Картаевна Ақтөбе қаласы, №60жалпы білім беретін орта мектеп Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Киім. Сән .Талғам Мектеп: 60 ЖББОМ Күні: Романова Мейрамкул Картаевна Сынып: 5 Қатысқандар:…

Мейрамкул 208 оқылым 5 мин
Қазақ әдебиеті

М.Қабанбаев "Бауыр" әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: М.Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі» Ақтөбе қаласы, №60 ЖББОМ Мұғалімнің аты-жөні: Романова М.К Күні: 03.03.2020 СЫНЫП: 5 «Ғ» Қатысқано қушылар саны: 27 Қатыспаған оқушылар саны: 0 Сабақ негізделген оқу…

Мейрамкул 780 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Мақсаты: Балаларға ҚР Конституциясы — Ата Заң екенін түсіндіру Құқық пен міндет туралы алғашқы ұғым қалыптастыру Отанына, заңға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Көрнекіліктер: Қазақстан Туы, Елтаңбасы, Президент суреті…

Bilimger Media 356 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Тақырыбы: Ата Заң — ел тірегі Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Ата Заңы туралы түсінік беру; Құқықтары мен міндеттері жайлы ой қалыптастыру; Заңды, елді, туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:…

Bilimger Media 424 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

Сабақтың тақырыбы: Ата Заң — ел тірегі Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен таныстыру; Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділікке баулу; Отанды, елді, заңды…

Bilimger Media 660 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Дене тәрбиесінде 3 D технологиясын білім беру жүйесінде қолдану»

Cабақ жоспары Модуль /пән атауы: Дене тәрбиесі, Информатика Дайындаған педагог: Усенова Багила Сәуірбайқызы,Майрамбаев Нұржан Асқарбайұлы,Рзаханов Даурен Мырзабекұлы 20__жылғы «____»____________ 1.Жалпы мәліметтер: Курс,…

Bilimger Media 40 оқылым 4 мин