Сандар қатары

Сабақтың тақырыбы: Сандар қатары
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Балаларды сандар қатарымен таныстыра отырып бір және екі таңбалы сандармен таныстыру, сандар қатары құрылуының заңдылықтарының анықталуының, сандар қатарын салыстыру үшін пайдаланылуын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін, білім деңгейін дамыту.
Тәрбиелік: Сабаққа қызығушылығын, белсенділігін, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін арттыру.
Сабақтың әдісі: Аралас
Сабақ көрнекілігі: Топтамалар, суреттер, сызбалар

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Балалардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын түгелдеу.

ІІ. Психологиялық дайынды.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан,- дегендей қазір бізде математика сабағы
Ал математика сабағына дайын болу үшін біз не айтушы едік
— Есептеуді білмейтін адам,
Түк білмейтін надан….
— Дұрыс, балалар, бүгінгі сабақ ерекше сабақ болғалы тұр, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр.
Келгенше қонақ ұялады
Келген соң үй иесі ұялады,- дегендей біз ұятқа қалмайық

ІІІ. Негізгі бөлімі
– Балалар 16 — желтоқсан қандай мереке екендігін білесіңдер ме?
— Тәуелсіздік күні
— Дұрыс, еліміздің егемендік алған ерекше мерекесі екендігін жақсы біледі екенсіңдер
— Олай болса сол мерекеде Астана қаласында түрлі іс — шаралар, ойын сауықтар ұйымдастырылады, соған көптеген аңдар да барып ортақтасқысы келіпті. Міне, мына поезд сол Астана қаласына барғалы тұр екен, барлық аңдар вагондарына отырып алған сияқты, бірақ сонда да абыр — сабыр болып жатыр неге екендігін қазір естіп көрейік
Түлкінің даусымен:
— Бұл не деген жағдай, біз өзіміз нешінші вагонда отырмыз, достарымның қайсысы нешінші вагонда екендігін білмей әбден састық қой, Астанаға барғанда адасып кететін шығармын, қоян досым қайдасың, вагондарымыздың санын анықтап беретін адамдар бар ма өзі? Көмектесіңдер, көмектесіңдер.
— Қалай балалар көмектесеміз бе? Шынында өз вагоныңның санын білмеген қиын ғой. Олай болса көмектесу үшін көптеген тапсырмалар орындауымыз керек. Әр вагонда әр түрлі тапсырмалар бар екен
1. Тура санау, кері санау
2. Көңілді санамақ
3. Топтамалар арқылы есептер құрастырып, өрнектер жазу
4. Сандар құрамын қайталау 8, 9, 10 сандарының құрамын еске түсіру
5. Өрнек пен өрнекті салыстыру, ережесін қайталау
6. Сан мен өрнекті салыстыру, ережесін қайталау
7. Қосынды жазу, кері азайту амалына өрнек жазу
Міне, балалар біз аңдардың өздері отырған вагондарының ретін анықтап бердік
Түлкі:
— Рахмет, достар, рахмет. Сабақтарыңды жақсы оқуларыңа тілектеспіз, сау болыңдар.
Ал, аңдарды жолға шығарып салдық, енді артында қалған мына сандарға назар аударайық. Сандар қалай орналасқан екен?
— Қатарласып
— Дұрыс айтасыңдар. Сандардың осылай қатарласып орналасуын сандар қатары деп атайды екенбіз.
— Енді осы сандар қатарына жақсылап қарап алыңдаршы, қандай айырмашылықтарды байқауға болады.
Балалар жауаптарын толықтырып бір және екі таңбалы сандар туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Сергіту сәті
3. Сандар қатары туралы түсінсеңдер енді «Көңілді санамақ» ойынын ойнайық. 2 — 3 оқушыға санату
4. Оқулықпен жұмыс
1тапсырмада сандар қатарын берілген заңдылықпен анықтау.
2, 3 тапсырма берілген сандарды салыстыру
4 тапсырмада өрнектер құрып, мәндерін табу.

Ширату стратегиясы. Логикалық сұрақтарға жауап алу
1. Алма бағы жайнаған
Қызыл алма жайнаған
Алдым үзіп бесеуін
Тағы алдым екеуін

2. Төрт қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарады
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу, бас нешеу?

3. Бір — бірімен жарысқан
Төрт аю, екі арыстан
Екі қоян, бір түлкі
Бәрі нешеу ойлан сен.

4. Тал басында тізіліп
Он жапырақ тұр еді
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі

ІІІ. Қорытынды
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттап, сыйлықтар беру, сабақты қорытындылап аяқтау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *