МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫМДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМ

Эссе тақырыбы:
МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫМДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМ
«Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармызба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс лағынет аламызба? Кеудесінде көзі бар адам ойланарлық жұмыс» { Ә.Б.-1 } Ия , ойлана білген адамға өте жантүршігерлік сөз. Жауапсыздармен рухсыздардың таразысы басым түсіп, керісінше шырылдауық шегірткедей тер төгіп жатқан екі- үш адамды ғана көресің. Бұл дегені ұлттың рухани қаймағын ірітуге алып келуші жол емес пе? Құдды жеңілдің астымен , ауырдың үстімен жүретін суаяқтардың заманы іспетті. Расында біреудің өтірік айтып тұрғанын біле тұра , соған өтірік сенуді шығардық ғой?!
«Ия ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс. Әйтпесе болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар.» { Ә.Б -2 } Біз алдыңғы буынның салған ізіне қарап бой түзедік. Олардың елден алғандарынан бергендері көп. Ұрпақ алдында үлкен « Өмір мектебін» тұрғызып кетті десем қателеспеймін. Саусақпен санаулы ғана ғұмырларында жерді шегендеп , қара халыққа хат танытып, тиімді әлипбі ұсынудан бастап, әдебиет,тарих, мәдениет, мұнай, техника, дәрігерлік салаға дейінгі оқулықтардың алғашқы әрі құнды нұсқасын қалдырылды.Түсінгенім бізге жеткен аманат бізден кейінгілерге де жетуі тиіс? Қалай жетеміз? Ол үшін бізге кім керек? Әлбетте адамға өмірде ұстаз керек. Неге қазақ «Сабақты сәттерің көп болсын!» деп, айтып жатады. Себебі ұстазбен өткен әр минут оқушы санасына білім нәрін құюшы. «Сабақты ине сәтімен» — деп дана халқымыз бекер айтпаған. Біз тарихтағы қателіктерден сабақ ала отырып, болашаққа жылжуымыз керек. Осы ойлармен терезеге қарап отырып, түннің жарты уақытына келіп қалыппын. Айтпақшы менің биыл тоғызыншы жыл ұстаздық жолға қадам басудамын. Білгенімнен білмегенім көп. Алдымда отырған он үш біз іргетасын қалап жатқан он үш тағдыр иелері. Әр тағдыр — ұлт болашағы. Осы орайда қанмен келген тарих біз үшін жарық бағдаршам. Әр « Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» — депті Жүсіпбек Аймауытұлы. Осы мамандықты таңдаудағы мақсатым — тарих бүгінді ұштастырып болашаққа қадам басу! Әр заманның өз тұлғалары болатын бек рас. Ал мен Салтанат Ертаевна тұлға ретінде қалай елге пайдам тигізе аламын? Осы сұрақ әр адамды мазалауы тиіс.

2018-2019 оқу жылындағы жеткен жетістіктерім:
«Үздік педагогикалық білім» журналының 2018 жылғы №28 қыркүйек күнгі басылымында жарық көрген мақалалар:
1.Ширимбекова Салтанат тарих пәні мұғалімі-«Теңіз саяхаттарына қытай мен еуропалық билеушілердің көзқарастары» тақырыбындағы сабағы
«Ашық сабақ-2018» І Республикалық конкурс (сырттай интернет байқауы) бойынша:
1.Ширимбекова Салтанат тарих пәні мұғалімі-І дәрежелі дипломмен марапатталды
Еdulifе.kz ұстаздарға арналған әдістемелік сайтында жарияланған сабақ:
1.Ширимбекова Салтанат тарих пәні мұғалімі-«Сақтар туралы тарихи деректер» тақырыбындағы сабағы
USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында жарияланған сабақ:
1.Ширимбекова Салтанат тарих пәні мұғалімі-«Үйсіндер туралы деректер» тақырыбындағы сабағы
Республикалық Дәстүрлі Интернет (ТИО) олимпиада бойынша Қазақстан тарихы пәнінен :
1.Паржан Төленді Ғалымжанұлы 7 сынып оқушысы Қазақстан тарихы пәнінен- ІІІ дәрежелі диплом
2.Ширимбекова Салтанат Ертаевна Қазақстан тарихы пәні мұғалімі- Алхыс Хатпен марапатталды
«Алтын Ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына тарих пәні бойынша 6 оқушы.
Тұңғыш тарих ғылымдарының докторы Е.Б.Бекмаханов атындағы І Республикалық олимпиадасында Қазақстан тарихы пәнінен 6 сынып Н.Айту ІІІ Дәрежелі диплом, 7 сынып Әуелхан Айдина , Құлажанқызы Махаббат сертификатпен марапатталды, 10 сынып Нұрғалиев Бекжон сертификатпен марапатталды.
Өз уақытымды аямай тер төгу маған қанмен келген қасиет іспетті. Әкем Ертай Ақылбекұлы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» қазіргі таңда зейнеткер. Ол кісі үнемі былай айтып отырады «Еңбек етпеген, талпынбаған адамның болшағы бұлыңғыр» — деп … Адам өзі қызыққан салада ғана жетістікке жетеді емес пе? Жоғарыдағы еңбек пен өзіме талапшылдығымның арқасында жеттім. Ал енді ары қарай қалай тоқтамауға болады? Оқушылардың саббақа белсенділігі , қайталанбайтын әдістерді күтетіні бір жағынан қуантса, екінші жағынан терең ізденісті қажет етеді. Десе де , осы жұмысыма дән ризамын!
…Кенет біздің мектептің шәкірттері шет елдің оқушыларымен пікірсайысқа түсіп, қазба байлықтармен мақтануда. Оларды өндіріп, қазақ тарихына еңселі жаңалық енгізіп жатыр екенбіз. Докторлық диссертациямды да қорғағалы жүрмін. Кенет ұлымның « Мама!» деген дауысынан оянып кеттім. Оянбасам етті. Жоқ, расында еліміз білім саласында оянса етті…
Біліммен ғана байлыққа кенелеріміз, тарихта қаларымыз хақ! Оян, қазақ!

Дәйектемелер тізімі:
1. { Ә.Б.-1 } — Әлихан Бөкейхан
2. { Ә.Б -2 } — Әлихан Бөкейхан
3. { Ж.А -3 } — Жүсіпбек Аймауытұлы

Тарих пәні мұғалімі: Ширимбекова Салтанат Ертаевна

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *