Сауат ашу 1 сынып Жж дыбысы мен әрпі

Пән:Сауат ашу
Сынып: 1
Күні: Мектеп: № 15 Абай атындағы орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Басибкалиева Сара Басибкалиевна
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Табиғатқа саяхат
Ж ж дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)
1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді, сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға жауап береді, сөйлемді бас әріппен жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
Көптеген оқушылар: Алған білімдері бойынша мәтіннен сұрақтар құрастырады және көп мағыналы сөздерді тауып, сөйлемдер құрастырады.
Кейбір оқушылар: Көп мағыналы сөздерге басқа да мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрайды.
Ойлау дағдылары Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері — әріпті танып, ажыратып және оны дыбыспен сәйкестендіреді;
— оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу ) түсініп оқиды
— мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қойып немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап береді;
— сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды;
— мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады;
— сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды;
Құндылықтарды дарыту Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
Өмір бойы оқуға дайын болу
АКТ қолдану дағдысы Слайд
Пәнаралық байланыстар Математика, дүниетану
Бастапқы білім
Дыбыс пен әріпті танып, ажыратады
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут
І.Психологиялық ахуал
«Ақ тілек. Әсем күлкі».
— Көңіл – күйлеріңіз қалай?
— Керемет! (Қолдарын көтереді)
— Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
— Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
— Ынталарыңыз ше?
— Ғажап! (Қолдарын көтереді).
— Ендеше бастайық!
Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.
Оқушыларды фигуралар арқылы 3 топқа бөлу.
1-топ «Сары жұлдыз»
2-топ «Қызыл жұлдыз»
3-топ «Көк жұлдыз»

«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен сабаққа шолу жасау
1. Әріп деген не?
2. Дыбыс деген не?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
5. Сөйлем деген не?
6. Сөйлемнің неше түрі бар?
7. Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал айтыңдар.
8. Құрамында «Ә» дыбысы бар сөз айт?
Фигуралар
Ыстық орындық
Сұрақтар
Сабақтың ортасы
Тыңдалым
Айтылым
Оқылым
Жазылым

2 минут

Қызығушылығын ояту «Сөзді тап» ойыны.
(бейнежазба арқылы көрсету)
Ж дыбысы мен әрпі бар сөздерді тауып оларды атап, дыбыстық, буындық талдау жасап, сөйлемдер құрау.

Жіп, жапырақ, жолбарыс, жылан, жұмыртқа, жаңбыр, жүзім, жол, жел, жарқанат, жастық, жәшік.
Дескриптор (ҚБ)
1. Берілген суреттегі Ж ж дыбысына қатысты сөздерді табады.
2. Ж ж дыбысы мен әрпіне байланысты сөздерді атап, дыбыстық, буындық талдау жасайды.
3. Табылған сөздерге сөйлемдер құрастырады.
Топтар бір-бірін от шашу әдісі арқылы бағалайды

-Сонымен, балалар! Біз сендермен бүгінгі сауат ашу пәнінен Ж ж дыбысымен әрпін өтіп, танысатын боламыз. Ж ж дыбысы дауыссыз дыбысқа жатады. Ж ж дыбысын айтқан кезде, өкпеден шыққан ауамыз белгілі бір кедергілерге ұшырайды. Ж ж дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.

Оқулықпен жұмыс. (Ұ)
Оқы. Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау,әр сөздің мағынасын ашу. Сөйлем құрастыру.
Жаға Жасау Жақсы Жауын
Жаса Жасыл Жаман Жарыс
Жалау Жайлау Жылтыр Жарас

ҚБ Жарайсыңдар!

«Ойлы болсаң озып көр» (Ж)
Мәтінді түсініп оқы:
Жарыс
Жарыс, жарыс. Жайлауда ат жарысы өтуде. Жанаттың аты желден де жүйрік. Жарастың жорғасы мықты. Кім жарыс мәресіне тез жетеді?
Енді осы оқыған «Жарыс» мәтіні бойынша жұптық жұмыс жасап бірнеше сұраққа құрастырайық.
Сұрақтар:
1. Жарыс қай жерде өтуде?
2. Жарысқа кімдер қатысты?
3. Кім жарыс мәресіне тез жетеді?
4. Мәтінде жиі қайталанып тұрған қандай дыбыс бар?
5. Ж ж дыбысы бар сөздерге буындық талдау жаса?

ҚБ Жарайсыңдар!
Сергіту сәті:
Ж ж дыбысына қатысты сөздерді іс-қимыл арқылы көрсету
Дәптермен жұмыс
Ж ж дыбысы мен әрпінің элементтерін ауада, дәптерге жазу.
Дәптерімізді ашайық.
Қолға қалам алайық,
Жазуымызды әдемі,
Маржандай қылып жазайық. (оқушылар сөзі)

«Ойлан-жұптас-бөліс» (Ж)
Тапсырма:Берілген буындар бойынша жаңбыр тамшыларынан сөз құрап,сол сөздің буынын, дауысты, дауыссыз дыбыстарын тауып , сызбасын сыз.

лау жал жыл
жа жол ға
сыл рық
жу тыр
а жу зім
Дескриптор:
1.Жаңбыр тамшыларынан сөз құрай алады.
2. Құраған сөздерін жазады
3. Дауысты дыбыстарды ажыратады
4. Дауыссыз дыбыстарды ажыратады

Осы тапсырманың орындалу барысын кері байланыс арқылы жұппен жұмыс жасап , дұрыс берілген жауаптары арқылы тапсырмаларын тексереді. Мұғалім, оқушы кері байланыс арқылы қорытынды жасайды.

Саралау тапсырмасы
1-тапсырма
Берілген сөздерді оқыңыз. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады
Ж…ға, …апырақ, …аз, к…шік,
(ы, о, а) (л, ж, қ) (б, д, ж) (ұ, ү, о)
жар…анат, құл…н, жү…ік, жақ…ы,
(ғ, г, л) (ы, ұ, і) (д, з, р) (з, с, ж)
Дескриптор (ҚБ)
-сөздерді дұрыс оқиды
-көп нүктенің орнына қойылатын әріпті анықтайды және белгілейді.

2-тапсырма: Қарамен берілген сөздердің мағынасын ажыратып, мәнін ажыратқан сөздерге анықтама беріп, мысал келтіріп сөйлем құрау.
Тұрма жай,
Қамыр жай.
Суға жуа-жуа,
Тазаланды жуа.
Көп мағыналы сөздер: Сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Мысалы: бас –адамның, айуанның , жәндіктің дене мүшесі.Таудың, бұлақтың басы. Бір нәрсені бас қимыл-іс-әрекет.
Жарайсыңдар!
Бейнежазба
Сурет Ж ж дыбысына арналған

Ж ж дыбысы мен әрпінің баспа, жазбаша түрі

Сауат ашу
оқулығы

Оқулық
https://www.
Youtube.com
Ат жарыс 2
Сурет

Смайликтер

Сауат ашу пәніне арналған жұмыс дәптер

Ақ түсті парақтар

Көп мағыналы сөздер, мысалдар

Оқулық
Үлестірмелі парақша
Сабақтың соңы
3 минут Бүгінгі сабағымды жинақтау мақсатында «Қар кесегі» әдісін қолдана отырып, ашық сұрақтар қойдым.
«Ай» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.

«Ай» әдісі бойынша қалыптастырушы бағалау

Толық ай Жарты ай Жаңа ай
бәрін түсіндім түсініксіздеу түсінбедім

Кері байланыс

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *