Мамандығым мақтанышым

Алматы қаласы білім басқармасы

МКҚК №113 бөбекжай-балабақшасы

ГККП ясли-сад №113

Управления образования города Алматы

 

 

 

 

 

 

 

Эссе

«Мамандығым – мақтанышым»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдіскер: Еркинова М.К.

 

 

 

 

 

Алматы, 2019

 

Эссе

«Мамандығым – мақтанышым»

 

Адамның адамшылығы –ақыл,  ғылым, жақсы ата,  жақсы ана, жақсы  құрбы, жақсы  ұстаздан  болады.» А. Құнанбаев

«Әркім өз жолын тауып  кететіндей  бала тәрбиесі  жеңіл  нәрсе  ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай  тауып  айтылған  даналы  сөз  десеңізші. Тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешілетінін, оның  білімді  тұлға  болып

қалыптасатынын, елдің  берік  тірегі  болатынын  көрсетеді. Балалар

тәрбиесіне, келе ұрпақ  тәрбиесіне  қай  кезеңде  болса  да,  қай  елде, қай  ұлтта  болмасын  үлкен  мән  берілген  ғой. Өйткені  бала – біздің  болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен балабақша  міндеті.

Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты.

«Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты. Яғни  «Тәрбие-ананың сүтімен әкенің қанымен беріледі» деп тегін айтпаған. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі.  Қазіргі заманда ең басты мәселе – бала тәрбиесі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   «Мамандығым – мақтанышым»
Балабақша – базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты….
Иә, балабақша – балалық шақтың бақытты мекені іспетті. Алайда, бүгінгі күні ата – анадан кейінгі бала тәрбиесіне жауапты сол бір «бақытты мекеннің» иесі  тәрбиешілер.
Мен де сол бақытты мекеннің психологі әрі әдіскері болу маған бұйырыпты. Өз эссемді Абай атамыздың төрт жол өлеңімен бастағанды жөндеп санадым.

Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

Мамандық таңдау — өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау, тағдырыңызды таңдау деген сөз. Мен 2004 Орта Азиялық Университетінің гуманитарлық фаультетінің  педагогика психология мамандығын бойынша білім алып, еңбек жолымды 2008 жылы Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №113 бөбекжай-балабақшасында психолог қызметінен бастадым. Осы еңбек жолында  жалғастыра отырып  балабақша маманы болу, балалармен жұмыс жасау бүлдіршіндердің қуанышы мен күлкісін көру маған күш-қуат береді. Балапандар ортасында жүріп 2017 жылы Тараз мемелекеттік педагогикалық университетінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша екініші мамандық алдым. 2015 жылы аталған №113 бөбекжай-балабақшасына әдіскер мамандығына тағайындалдым. Бүгінде мектепке дейінгі мекемеде әрі психолог әрі әдіскер болып қызмет атқарамын. Әдіскер болу – жәй ғана мамандық емес. Ол – адамның өмірлік бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астары әдіскер маманның үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу – үлкен мәртебе.

Ғұлама ұстаз Әл — Фараби айтқандай «Білім берме, тәрбие бер» — деген екен «Тәрбие – өмірдің өзекті мәселесі» екенін есімізге сала отырып, біз өз — өзімізді ізгілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелесең ғана, баланы дұрыс баулығаның! Сонда ғана балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған педагогтың мақсаты – бала тағдырына жауапты екенін естен шығармау. Сол себептен өз ісімді балабақшамыздағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт бағдар беріп қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгінде мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу-оқыту үрдісінің сапасын арттыру мәселесінің өзектілігі арта түсті. Себебі, мектепке дейінгі деңгей үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы және маңызды құрамы болып табылады. Сондықтан, өзім қызмет атқаратын №113  бөбекжай- балабақшасында педагогикалық үрдістің сапасын арттыруды қазіргі кезеңдегі басты мәселесі ретінде белгіледім. МДҰ-да тәрбиелеу мен білім мазмұнын жаңартуға, оқытудың сапасын арттыруға ықпал етудің басым бағыттары:

Гуманитарлық бағытта: тәрбиеленушілердің білім алуына, педагогтердің еңбек етуіне қажетті жағдайлар туғызу.

Балаға қатынас жасау бағытында: тұлғалық бағдарлық, топтық жұмыстар барысында балалардың жеке басының және жас ерекшеліктерін ескеру.

Ұйымдастыру бағытына қарай: біліктілікті жетілдіру жүйесінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің үнемі арттырылып отырылуы.

Балалардың жас ерекшелігіне сәйкестік бағытында: жалпы тәрбиелеу мен білім беру мазмұнының баланың табиғи қабілетін дамытуға бағытталуы. Мектепке дейінгі білім берудің сапасы – бұл әртүрлі позициядан қарастырылатын кешенді түсінік. Сапаны жақсарту мәселесін МДҰ-да тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы шешу қажет. МДҰ-дағы білім беру үрдісінің сапасы:

·         тәрбиеші-педагогтың біліктілігі мен құзырлылығына;

·         тәрбиеленушілердің мектепке даярлығына;

·         жалпы тәрбие мен оқыту үрдісінің ұйымдастырылу сапасына;

·         әдіскердің ол үрдісті басқара білу іскерлігіне тікелей байланысты.

Тәрбиеленушілердің білім беру сапасын бағалау мақсатында балабақшада келесі технологияларды жүйелі түрде қолданып отырмыз: диагностика, сараптама, мониторинг.

1.     Диагностика – қандай да бір үдерістің жүру ағымын анықтау деген ұғымды білдіреді. Диагностикалық шараларды жүргізу арқылы топтағы әрбір баланың, нәтижесінде балабақшадағы барлық тәрбиеленушілердің білім деңгейі анықталды.

2.       Деңгейлердің нәтижелерін сараптауды екі кезеңде жүргіздік: диагностикалық таблицаларды толтыру және анықталған нәтижелерді сараптау.

3.      Білім берудің сапасын арттырудың перспективалық құралдарының бірі педагогикалық мониторинг. Педагогикалық мониторингті заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану арқылы жүзеге асырып отырмыз.

·         тәрбиеленушілердің тізімі жасақталды;

·         тәрбиеленушілердің мүмкіндіктері анықталды;

·         бес білім саласындағы басты көрсеткіштер бойынша білім деңгейі бағаланды, бағалау таблицаларға түсірілді.

Оқу жылының соңында шығармашылық топ мүшелерімен бірлесе отырып, алынған көрсеткіштерді салыстыру негізінде оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы жасалады. Бұл технологиялар тәрбиеленушілердің бес білім беру саласы бойынша білім деңгейінің сапасын анықтауға және әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыруға зор ықпалын тигізіп отыр.

Бүгінде жаңашыл әдіскер болу үшін әдіскердің жеке басының ерекшеліктері, іс-тәжірибесі, осы саладағы арнайы білімі, әдіскер болып жасауға деген ынтасы болуы шарт, сондықтан жаңашыл әдіскерге келесідей талаптар қойылады:

1. Жан-жақты болу: бір мезгілде менеджер, психолог, әдіскер, ғалым, заңгер, экономист, шаруашылық маманы, іс жүргізуші, т.б. бола білу;

2. Ұдайы білімімді жетілдіріп отыру (бірінші талапты ескеретін болсақ білім жетілдіру аймағы өте кең);

3. Сабырлы және байсалды болу: кез келген жағдайда ұстамды болу, жауапкершілікпен шешім қабылдай білу және бірнеше мәселені қатар шеше білу.

4. Жинақы болу.МДҰ-дағы білім берудің сапасы ұжымның шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне тікелей байланысты және оған төмендегідей жағдалар жасалынып отыр:

·         Шығармашыл педагогтың «жетістікке жетуіне» жағдай жасау;

·         Қалыптасқан жағдайды сақтау;

·         Ұжымдағы тәртіптің сақталуына ықпал ету;

·         Іс–әрекет барысында дәлдік пен уақытты тиімді үнемдей білу;

·         Өзіне айтылған сынды дұрыс қабылдай білу, одан нәтиже шығару;

·         Барлық уақытта ұжымдық іс–әрекетке белсенді түрде араласу;

·         Бастаған істі соңына дейін жеткізу.

МДҰ-ның қызметінің тиімділігі тек әдіскерге ғана емес, сонымен қатар педагогикалық ұжымға да байланысты. Сондықтан, ұжымның әрбір мүшесіне өзі-өзі жетілдіруге, білімін және құзырлылығын арттыруға жағдайлар жасалады. Балабақшада мамандардың шеберлігін арттыру жұмыстары төмендегідей формада жүргізіліп отыр:

Ғаламтордан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңалықтарымен хабардар болу, инновациялық ізденіс, тәжірибе алмасу түрлі тақырыптарда семинар кеңесте өткізіп отыру.

Шығармашылық топ құру. Балабақшадағы оқу тәрбие үрдісіне қатысты заманауи технологияларды ендіру жолдарын қарастыру. Бұл топқа білікті және тәжірибелі педагог мамандар кіреді.  «Бүгінгі таңда өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру өте өзекті мәселе және бұл жұмыстың мағынасы тереңде жатыр» деген қорытындыға келді. Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамыздағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Ата — аналарда өз баласының тәрбиесімен білікті мамандардың айналысқандарын қалайды. Тұңғыш ағартушы педагог Ы.Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені – бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарда» деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға педагог өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған.

Менің әдістемелік қызметімнің жетістігі өз педагогтарымның өзін — өзін тануға ықпал жасау. Әрбір педагог маман шеберлігін, шығармашылығын, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен үшін үлкен мәртебе. Балабақша тәрбиешілері барлық балабақшалар секілді келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне барынша қызмет етуде.

Сөзімді қорыта айтқанда балабақша кішкентай бүлдіршіндеріміздің екінші үйі. Балалар еліміздің болашағы қоғамымыздың өрлеп дамуы өсіп келе жатқан жеткіншектердің ой — өрісіне рухани адамгершілік тәрбие бере білуімізге байланысты. Сол келешек өсіп келе жатқан жас ұрпақтың иелерін жан — жақты ой — өрісін, өмірге бейімділігін, ақыл парасаты мол, халқын, салт — дәстүрін сүйетін бүлдіршін бала тәрбиелесек нұр үстіне нұр болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *