Алгоритмді сөз түрінде ұсыну

Күні:
Сынып: 5 Мектеп: 4 ЖОжҚББМО
Мұғалім – Дәулетова Сабина Серікқызы
Қатысқандар саны: Қатыспапағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Алгоритмді сөз түрінде ұсыну
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 5.3.2.2 алгоритмді сөз түрінде ұсыну

Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
• Сөздік алгоритм құра білуді меңгереді
Оқушылардың басым бөлігі:
• Түсінеді, талдайды, білімін өзгертілген жағдайда қолданады: сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдер құрады
Кейбір оқушылар:
• Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды, алгоритмнің жазылу формаларын салыстырады
Бағалау критерийлері • Алгоритмді сөздік формада құруды біледі
• Алгоритмнің жазылу формаларын салыстырады
Тілдік мақсат Пәндік лексик мен терминология:
 Алгоритмнің жазылу формасы, алгоритмді сөз түрінде ұсыну, блок-сызба, программалау тілі
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы:
 Талқылау:
Сөздік алгоритмның артықшылығы мен кемшілігін талқылау
 Жазу:
Сөздік алгоритм және графикалық алгоритмді салыстыру
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда патриотизм, азаматтық жауапкершілік және ынтымақтастықты қалыптастыру
Пәнаралық байланыс Математика, сурет
Алдыңғы оқу Алгоритм орындаушысы, орындаушы команда жүйесі
Жоспар
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы
/2 мин/

/5 мин/
— Жағымды психологиялық ахуал
«Мен елімді сүйемін» тренингі

«Конверт» әдісі бойынша үй тапсырмасын қайталау.
Әр топқа ішінде сұрақтары бар конверт беріледі. Сол сұрақтардың жауабын стикерге жазады. Оны топтың бір мүшесі қорғайды.
презентация

Түрлі түсті конверт, стикер
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақты қалыптастыру
/8 мин/

Компьютермен жұмыс

Bilimlan.kz сайтымен жұмыс
/5 мин/

Жұппен жұмыс
/5 мин/

https://imektep.kz/kz -пен жұмыс
/5 мин/

Оқулықпен жұмыс
/3 мин/ Жаңа сабақты баяндау
«Хабарламадағы негізгі тармақтар» әдісі
Әр топқа суреттер беріледі, топ оқушылары ертегіні анықтап, ертегі желісіне сурет бойынша алоритм құрады

Дескриптор:
1. Алгоритм ұғымына анықтама береді
2. Құрастырған ертегі алгоритмінің орындалу жолдарын айтады;
3. Бағдарлама командаларын қолданды.
Осы ертегідегі алгоритмді сөз түрінде жазу арқылы бүгінгі тақырыпты ашып отырмыз.

Bilimlan.kz сайтынан тақырыпты ашатын бейнежазбаны көрсету, түсіндіру

Алгоритмнің жазылу формасы деп алгоритмді түрлі әдіспен ұсынуды айтады.
Жалпы жағдайдағы алгоритм ұсынудың түрлерін еске түсірейік:
1) Сөз түрінде
2) Тірек сөздер арқылы
3) Графикалық түрде
4) Программалау тілінде
Біз осы сабақта алгоритмнің сөз түрінде ұсынылатын түрімен танысатын боламыз. Алгоритмді сөз түрінде ұсыну-қарапайым мәтін түрінде жазылады және оқылады. Мұнда алгоритм табиғи тілде жазылады.
Артықшылығы: сөз түрінде ұсынуды қолданып, кез келген алгоритм құруға болады.
Алгоритмді сөз түрінде ұсынудың кемшіліктері:
• Көп сөз қолданылуы;
• Жеке қадамдарының түсініксіз болып келуі,

Bilimlan.kz сайтынан тақырыпқа сәйкес жаттығуларды орындау

Дескриптор:
1. Алгоритм жазу түрлерін біледі
2. Алгоритм жазылу түрлеріне мысал келтіре алады.

Санның үлесін табудың сөздік алгоритмін жасау.
Дескриптор:
1. Санның үлесін табу үшін алгоритм құрады.
2. Бағдарлама ретін анықтайды.

Оқулықтағы 6-қадамдық тапсырманы орындау. Оқулық, қағаз, презентация, Ертегі сюжеттері бейнеленген суреттер

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritmdi-zhazu-turleri

Оқулық, дәптер

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritmdi-zhazu-turleri

https://imektep.kz/kz/sanin-ulesin-tabu

Оқулық, дәптер
Сабақтың соңы
/2 мин/ Бағалау
Бағалау парағы
Кері байланыс
itest.kz
/5 мин/ Тест тапсырмаларын орындайды
https://itest.kz/kz/test/717272868

Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы):
101 беттегі Сөзжұмбақты шешу
Қосымша ақпарат Интернет ресурстары

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *