Абай Құнанбаев «Бірінші сөз»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
ІІ бөлім:Абайды оқы, таңырқа! Мектеп: РОСО «Балдаурен»
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Таутанова Тогжан
Сынып: 6 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз»
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары А/И4. Шығармашылық жұмыс
Сабақтың мақсаттары Әдеби көркемдегіш құралдардыпайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу
Бағалау критерийлері • Көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады
Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
жер ортасы, күйік, кездеме, кез, шер тарқатысу, ақ қағаз бен көк сия,
Сабақта қамтылатын құндылықтар Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу;
Еңбек және шығармашылық: берілген қара сөздерді оқу, берілген мақсаттарды меңгеру барысында шығармашылық жұмыстар атқарады, шығармашылық танытады.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады. Медиақұрал арқылы бейнероликтеркөреді.
Осыған дейін меңгерілген білім Алдыңғы сабақта оқушылар шығармадағы көркем ауыстыруларды(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтаған болатын
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақтың басы
7 минут
Қызығушылықты ояту кезеңі
ЖЖ.
Инфографиканы пайдалана отырып, тақырыпты болжаңыз.

Дескриптор Білім алушы
— инфографиканы пайдаланады;
— тақырыпта болжайды.
Бағалау «3-2-1»
Оқушыларды оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру, күтілетін нәтижені талқылау; Суреттер

Сабақтың ортасы
8 минут

5 минут

5 минут

10 минут

Мағынаны тану кезеңі
ТЖ.
Тұжырымдамалық кесте
Оқушылар төрт немесе бес адамнан құралған топтарға бөлініп жұмыс істейді. Әр топта флипчартқа арналған қағаз бен маркер беріледі. Олар Абай Құнанбайұлы туралы не білетінін шамалап көрсету үшін тұжырымдамалық карта жасайды. Тұжырымдамалық карталар жасалып болған соң, әр топтың мүшесі өздерінің жұмысын таныстырады.

Дескриптор Білім алушы
• тақырып туралы біледі;
• өз тұжырымын талқылайды.

Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

С.
1-тапсырма
Тыңдалым. Абай Құнанбайұлының «Бірінші қара сөзін» тыңдату әрі мәтінін оқуға ұсыну

Бірінші қара сөз
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, бірталай өмірді өткіздік; алыстық, жұлыстық, тартыстық, әурешілікті де көрдік. Енді жер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық, ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі де қоршылық екенін білдік. Қалған өмірді қалай, қайтіп, не істеп өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Тек елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтағай!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Керегінше өздері бағар. Қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана, өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеңінді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатысар кісіболмаған соң,ғылым өзі бір тез ескіретін күйік.
Софлық қылып, дін бағу? Жоқ, оның да болмайды. Оған да тыныштық керек-ақ қой. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ. Осы елге, осы жерде не қылған софлық, қайдан шыққан?!
Балаларды бағу? Жоқ, балаларды баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын бұны? Балаларымның өзіне ілгері өмірімнің, білімнің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ.Қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырып, не бол деп, кім бол деп бағам? Бұны да бір ермек қыла алмадым.
Ақыры ойландым, осы бір ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, жаза беріп, ақ қағаз бен көк сияны ермек қылып, ішінен керекті сөздерді, ойларды тапса, жазып алсын. Я болмаса оқысын, керек емес десе, өзімнің сөзім деп, ақыры осыған ойланып, байландым, басқа ешбір жұмысым жоқ.
http://aitaber.kz/blog/Asyl_soz/4270.html

ЖЖ. “Түртіп алу” әдісі: Мәтіннен көркемдегіш құралдарды түртіп алады. Жұптық жұмыс барысында көркемдегіш құралдар түрі талқыланады.

Мысалы: жер ортасы, күйік, кездеме, кез, шер тарқатысу, ақ қағаз бен көк сия, т.б.

Дескриптор Білім алушы
• көркемдегіш құралдарды анықтайды;
• көркемдегіш құрал мазмұнын түсіндіреді.

Ж.
2-тапсырма
Шығарма кейіпкері туралы ойыңыз қандай? Неге? Көркемдегіш құралдарды пайдала отарып, кейіпкер болмысын сипаттаңыз.

ДескрипторБілім алушы
• кейіпкер бейнесін сипаттайды;
• көркемдегіш құралдарды пайдаланады.

Бағалау «Бас бармақ» Флипчарт, маркер

http://aitaber.kz/blog/Asyl_soz/4270.html

Сабақтың соңы
5 минут Ой-толғаныс кезеңі
Рефлексия. «Не қиын? Не оңай? Не жеңіл?»
Бағалау. Балалардың және мұғалімнің кері байланысы, бағалау критерийі негізінде жүргізіледі.
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Оқушыларға қолдау көрсету үшін оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұптық тапсырмалар беремін. Қолдауды қажет ететін оқушыларға үнемі бағыт-бағдар беріп отырамын. Оқылым мәтіні бойынша оқушылардың қабілеттерін ескеріп, сараланған мәтіндер мен тапсырмалар беремін.

Оқушыларды бағалауда «Екі жұлдыз, бір тілек», «3-2-1», «Бас бармақ» әдістерін пайдаланамын. Оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізгеніне көз жеткізу үшін, бағалау критерийлері мен дескрипторларды қолданамын. Оқушыларға тиімді кері байланыс беріп отырамын. Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады: оқушылардың түзу отыруына, тақтаға дұрыс қарауына мән беріледі, жалпы, СӨС ережелері сақталады.
Сабақта интербелсенді тақтаны қолдану арқылы оқушылардың АКТ дағдылары дамиды. Топта, жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрметпен қарауға үйренеді.
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *