Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?»

Сабақтың мақсаты:
Мәтіннің мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғыну. Ағаштар жайлы білімдерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқу және белсенді ынталы оқуға үйрену.
Оқыту нәтижелері:
Тақырып жайлы ұғым, білімнің алғашқы негізі қаланады.
Жаңа білімді өмірде байланыстыра пайдаланудың мүмкіндіктерін біледі және пәнге деген қызығушылықтары артады.
Топтық жұмыс арқылы тақырыпты талқылайды.
Негізгі идеялар:
Оқушының өмірде біліміне, білігіне сүйену.
Жаңа теориялық ақпарат беру арқылы оқушыға сыни ойлау дағдысын, іс- әрекеттің амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Негізгі дереккөздер:
Power Point,ағаштар суреті, google.сom
Тапсырмалар
«Серпілген сауал» стратегиясы
«Ой қозғау» әдісі
«Әлемді шарлау» әдісі
Оқулықпен жұмыс
«Сұрақ-конверт» әдісі
«Білгенге маржан» стратегиясы
Ой толғаныс (топпен жұмыс)
Бағалау критерийі

Ба ға
Бағалау критерийі

3
Ақпаратты анық айта алады, жеткізу кезінде қиындық туындайды.
Тақырыптан түсінігі бар.
Сұрақтарға дұрыс жауап бере алады.
4
Сабақтың өн бойына белсенді қатысады.
Үй тапсырмасынан түсінігі бар.
Қайталау сұрақтарына белсенді жауап береді.
Жаңа сабаққа атсалысып қатысады.
5
Ақпаратты толық және тиімді айта алады.
Жай және күрделі идеяларды қолдана алады.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Өзіндік пікірі бар.
Өз бетімен ізденген.

Әр жұмысты формативті бағалау

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *