С.Сейфулин «Қызыл шұнақ» Ж.Аймауытов «Қыс»

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
1.Сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
1.Мәтіннің авторы кім?  2.Мәтінде қардың қандай түрлері айтылған?  3.Боранға тап болған Абайдың жай күйін сипаттап айт.  4.Үсінуден қалай сақтануға болатынын айт.
IIІ. Жаңа сабақ
1.Қазір қай мезгіл?  2.Қыста қандай өзгерістер болады?  3.Қыс мезгілі несімен қызық?  4.Қыс мезгілі дегенде ойымызға не түседі? Жалпы қыс туралы не білеміз?  5.Олай болса,бүгін біз «Қызыл шұнақ» деген өлеңмен танысамыз.  Автор жайлы мағлұмат беру.
Сәкен  Сейфуллин — қазақтың аса көрнекті ақыны,жазушысы,белгілі қоғам қайраткері.Ол Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында 1894 жылы дүниеге келген. Шығармашылықпен белсене араласқан. 1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімені жазды. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жасауға қатысты.
Өлеңді мәнерлеп түсініп, іштен, жалғастырып, жеке-жеке оқу.
Өлеңдегі қызылмен ерекшеленген сөздерді дауыстап оқу. (Зәрлі деммен ысқырып, мұздай демі, аузын ашады). Ақын бұл сөз тіркестерін неге қатысты айтты? «Қызыл шұнақ аяз» деп қандай аязды айтады?
VI.Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс. Аяз адамның суретін салу.
V.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
VI.Қорытынды: Біз не білдік? Талқылау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *