Ашық сабақ Халқымыздың салт- дәстүрі «Бесік жыры»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер Мектеп:Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Шалабаева К.С
Күні: Сынып: 4сынып Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Халқымыздың салт- дәстүрі «Бесік жыры»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
4.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, таныстырылым, бейнежазба жасау
4.2.1.2* Шығарманы іштей көз жүгіртіп шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу
4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзету
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Мәтіннің мәнін түсінеді, сөйлеу арқылы, дәстүрлерді ажыратады.
Көбі: Салт — дәстүрлерді бейнелейтін сөздердің мағынасын түсіндіреді
Кейбірі: Салт- дәстүрлердің құндылықтармен байланысын дәлелдейді
Тілдік мақсаттар • Айтылым дағдылары үшін: Мәтіндегі негізгі ақпаратты беріп тұрған сөздер қайсы?
• Қазақ дәстүрінде қайырымдылық қалай жүзеге асқан?
• Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты түсіндір
• Қандай салт – дәстүрлерді құндылықтар деп есептейсің?
• Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Бесікке салу, бесік түрлері, ас беру, салт-дәстүр
Құндылықтарды дарыту Үлкенді кұрметтеуге, отбасылық дәстүрлерді ұғынуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өзін — өзі тану, тарих
АКТ қолдану дағдылары Кескіндер, суреттер
Бастапқы білім Отбасы дәстүрлері
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Кіріспе:

2-мин.

3-мин.

Жаңа сабақ
7-мин.

5 минут

Сабақтың ортасы
10 мин

Сергіту сәті
3 минут

5 мин Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Алақанмен тілек»
(сергіту және топқа біріктіру) Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.
Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Амандасу.(үш тілде амандасады)
Күннен , жерден нәр алған
Біз — өмірдің гүліміз.
Бүгінгі күннің сәтінде
Сәтті болсын күніміз — деп оқушылармен сабаққа бейімдету психологиялық ахуал жасау
Түстерді таңдау арқылы топқа бөлу
« Мәңгілік Ел»», « Ұлы Дала Елі», «Жасыл ел»1.Таныстыру.4-мин (Үш топқа бөлінген уақыт)(Топтың аты, эмблемасы,ұраны,мазмұны.)
«Ұлы Дала Елі» тобы
«Мәңгілік Ел»тобы
Ұраны: Ел болам десең, бесігіңді түзе.
«Жасыл ел»тобы
Топтардың таныстыруына баға беру
(Смайлик көтеру арқылы бағалау)
Ширату тапсырмасы (Жұптық, ұжымдық жұмыс)
«Шаңырақ» әдісі арқылы өткен сабақты бекіту
Даналық сөз дегенді қалай түсінеміз?
«Мақал сөздің мәйегі» мақал –мәтел жарысы даналық сөздерге байланысты
Сөз мәйегі, халық даналығы -мақал
ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісі.
Видео тамашалау.
Интерактивті тақтадан «Қазақстың салт –дәстүрлері» атты бейнеролик көрсету арқылы оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтап аламыз.
1. Балалар, бұл бейнероликте не жайлы айтылған?
2. Қазақ халқының тағы қандай салт –дәстүрлерін білеміз?
3. Дескрипторы:
3. 1.Әр жұп мәтінді оқиды.
4. 2. Мәтін мазмұнын жұпта баяндайды.
5. 3. Бір-біріне түсіндіреді.
«Қазақ халқының салт – дәстүрлері» бөліміндегі «Бесік жыры» өлеңіне тоқталамыз
Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы
Идея – жазушының айтқысы келген негізгі ойы
Дескрипторы:
1. «Тақырып», «идея» ұғымдарына анықтама береді.
2. Оқу мақсатын таныстыру
3. Күтілетін нәтижені анықтау

4. Ой қозғау.
-Дәстүр дегеніміз не? -Бесік деген не? — Бесік неден жасалған? — Бесікке жатқан бала бар ма? — Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіндер?
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)
Тыңдалым дағдысы.
Жаңа материалмен жұмыс
— Балалар, «Халқымыздың салт-дәстүрі» бөлімін осы «Бесік жырымен» бастаймыз. Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары , ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан – ұрпаққа , атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. . Қазақ халқының дәстүрлі киім- кешегінен бастап , үй жиһаздары, ата – кәсіп құрал – саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған. Басты мұралардың бірі – «Бесік жыры».
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
1) Оқулықпен жұмыс.
Бесік жыры – қазақ халқының көнеден келе жатқан салтының бірі. Мұндай жырлар ананың балаға деген мейіріміне толы. Ананың жақсы тілегі, биік армандары мен қуанышы осы әнге сыйып кетеді. Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушыларға тізбектей оқыту.
Белсенді оқу тапсырмалары(жеке,жұпта,топта, ұжымда)
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
Сергілту сәті
Шығармашылық тапсырма
Топтық жұмыс
1-топ «Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер»,постер қорғау
3-топ «Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғүрыптар»,көрініс көрсету
2-топҚазақ халқының ырымдарын жатқа айту
Бас бармақ арқалы бағалау «Ашық хат»әдісі бойынша сабақты қорытындылау
Салт –дәстүр дегеніміз не?
Әдет-ғұрып дегеніміз не?
Қандай ырымдар мен тиымдарды білесің?
Балаға байланысты қандай салт-дәстүрлер бар?
Сәбидің бесігі неден жасалады?
Бесіктің бала үшін пайдасы қандай?
Бас бармақ арқалы бағалау
Дәптермен жұмыс
1 топ- «5 жолды өлең» Бесік
2 топ- ырым-тыйым сөздер
3топ-«Бесік жырына»эссе жазады
ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісі.
Дәптерге сөздерді көшіріп жазады, жұбымен талқылайды.
Бағалау критерийі
• Тақырыптан ауытқымау
• Берілген уақыттан асырмау
• Сөз әдебін сақтау
• Үндестік заңын сақтау
• Өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі жеткізу
• Топтар критерий бойынша бірін -бірі бағалайды
Интерактивті тақтадан «Қазағымның дәстүрлері -ай» әніне бейнеролик көрсету
Тапсырма. Жеке жұмыс. Суреттерге қарап, оқиғаларды әңгімеле. Салт дәстүрлерді бейнелейтін сөздердің мағынасын тап.
Дескриптор:
1. Ұлттық ойын түрлерін ажыратады.
2. Салт – дәстүрдің қай түріне жататынын табады

Тапсырма жазылған парақтар
Сандықша. Мақалдардың бөліктері жазылған қағаздар

Компьютер, интербелсенді тақта
Ертегі сюжеттері бейнеленген суреттер топтамасы

Ақпараттық- анықтамалық әдебиеттер.
Конверттегі термин сөз

Флипчарттар, фломастер, маркерлер, ақпараттық, анықтамалық әдебиеттер

Сабақтың соңы
3 минут

2 минут
Қорытынды Кезектескен интервью» әдісі.
(Әр топқа өткен сабақтардан сұрақтар беріледі.
Микрафон қолдану.
. Дескрипторы:
1. 1. Халыққа сыйлы адамдарды мысалға алып, тақырыппен байланыстырады. (3–7 сөйлем)
2. 2. Сауатты жазады.
Үйге тапсырма: Үлкендерден естіген «Бесік жырының» бір шумағын сұрастырып жазып ал. Әуенімен айтуға дайындал.
«Өз миыңды сал» әдісі. Оқушыларға мидың суреті салынған қағаздар беріледі де, оқушылар сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен мидың ішін толтырады. Қағаздарын сынып қабырғасына іледі.
(Ж) «Тұжырымда» айдары бойынша«Бесіктен өсіп шығыпты» тақырыбына шағын эссе жазады.

Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты бағдаршам көздеріне жапсыртады.

Кері байланыс парағы

Эссе жазуға арналған парақтар

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *