Кеме

Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Кеме» (Е. Өтетілеуұлы)
Мақсаты: Көліктер, олардың түрлері, қолданылу аясы туралы түсінік беру,есте сақтау, танымдық қабілеттерін арттыру.
Сөздерді түрлендіруге сыни көзқарасын және қызығушылықты дұрыс сөйлей білуге деген ұмтылысты тәрбилеу.Сөйлемде көпмағыналы сөздерін білуге жаттықтыру.Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу,өлеңнің мазмұнын дұрыс,рет-ретімен айту,белгілі бір түсінікті сипаттау,баяндау әңгімелері түрінде жеткізе білуге үйрету.
Сөздік жұмыс: сағымданған, бұлдыраған, түзде, шалғай.
Көлік– транспорт-transport, кеме-карабль-ship.

Ұйымдастыру-іздестіруші:
Шаттық шеңберін қүрып ілтипатпен қонақтармен амандасып алайық.
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой!
Сәлеметсіздерме,здраствуйте, cood morning үш тілде амандасады.

Балалар, бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміз қызықты өту үшін көңілдене атсалысайықшы.Алдымен, көңіл-күйлеріңе тоқталайын.

Бүгінгі көңіл күйлерің қалай? Балалар жауабы:
Балабақшаға келуге асығасыңдар ма? Балалар жауабы:
Балабақшаға қандай көлік түрлерімен келесіңдер? Балалар жауабы:
Көліктердің атқаратын қызметі қандай екен? Балалар жауабы:

Олай болса біздің бүгінгі өтілетін ашық оқу қызметіміз
Қатынас саласы бойынша,
сөйлеуді дамыту ,балалар!
Ал,енді тақтадағы суретке назар аударайықшы: Нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар?
Балалар жауабы: Шолу жасамас бұрын

Дидактикалық ойын: «Жақсы -жаман»
Көліктің болғаны жақсы ма? Балалар жауабы:
Неге жақсы деп ойлайсыңдар? Балалар жауабы:
Жаман жағы бар ма? Балалар жауабы:
Сондықтан балалар біз қандай жағдай болса да көліктердің өмірімізге пайдасы үлкен екен.

Ал,енді тақтаға назар аудара қойыңдар,мен үш топқа бөліп қойдым.Балалар осы көліктер қайда жүреді,кім айтады? Кім айтады? Жекелеп сұрау.
Қандай көлік түрлерін көріп тұрсың? Атай қойшы.
Жерде жүреді.
Демек қай көлік түрлеріне жатқызамыз?
Адамдар машинамен, автобуспен, пойызбен жерде жүреді,сондықтан жер көліктеріне жатқызамыз.
Пойызбен машинаның айырмашылығы қандай екен? Кім айтады?
Поезд темір рельспен жүреді.
Машина дөңгелекпен,поезд темір рельспен жүрседе жерде жүретін болғандықтан жер көліктері деп айтамыз. Жарайсыңдар!

Енді қандай көліктің түрлерін көріп тұрсыңдар?
Әуе көлігі
Тік ұшақ көлігі,зымыран көлігі.
Ал енді бұл көліктер қайда ұшады? Аспанда,дұрыс айтасыңдар.
Демек қандай көлік түріне жатады екен? Аспанда ұшатын болғандықтан,әуе көлігі деп айтамыз.
Балалар аспанда әуе көлігінен басқа нелер ұшады? Балалар жауабы:
Жарайсыңдар, міне ұшақты нелерге ұқсатып жасаған екен? Құстарға қарап жасаған екен.

Су көлігі
Кеме көлігі
Қайық көлігі
Катамаран көлігі
Кемемен, қайықпен суда жүзеді.Суда жүзетін болғандықтан су көлігі деп атаймыз.
Ал,балалар осы көліктердің атауын бір сөзбен көліктер деп атаймыз.
Балалар сонымен бір сөзбен қалай атайды екенбіз,бірг қайталайықшы ?
Балалармен жалпы атауын қайталау: көліктер деп атаймыз! Жарайсыңдар!
Сонымен қатар енді мен арнайы көліктердің тұрақтарына саяхат жасаған болатынмын,назар аударамыз.

Слайд жүргізіледі; Көліктерге саяхат.

Бейнеролик сендерге ұнады ма?
Бейнероликте қайда саяхат жасаған болатынмын? Балалар жауабы:

Ғажайып сәтке музыкамен «Кеменің келуі» Неннің дыбысы болды екен?

Балалар жаңа бейнероликтегі катамараннан үлкен қандай көлік екен?
Балалар жауабы:
Кеме жағалауға жақындағанда осылай дыбыс шығарады екен.Мен Кемеге уақытым болмай саяхатқа бармаған едім,тосыннан қонаққа өзімен Е.Өтетілеуұлының «Кеме» өлеңін сендерге таныстырумды еске сала келіпті.

Ал енді, үш тілде, көлік– транспорт-transport, кеме-карабль-ship. қайталату балаларға.

Ермек Өтетілеуұлы ағамыздың суреті.Ол балаларға арнап көптеген өлең шумақтар,шығармалар жазған
Кемеге мініп көрдіңдер ме? Олай болса, өзімізді бір сәт кемеде отырғандай елестетейік.
(Баяу теңіз әуенімен, шағала дыбысы ойналады. )
Мұхият тындап отырамыз!
А )Автормен қысқаша таныстыру. Ә )Өлеңді мәнерлеп оқып беру,
Б) Балалардан өлең не жайында екенін сұрап, мәтінді ашып түсіндіру,
В) Сұрақтар қою арқылы жауаптарын тыңдау…
Г) Өлең жолдарын балалармен қайталау

тәрбиешіден кейін қайталау арқылы өлең шумақты балаларға қайталатып есте сақтау қабілетін дамытып,тілдерін жаттықтыру.
«Кеме»
Міне, кеме,
Мінем мен де.
Сапарға алыс шығамын,
Теңіз сырын ұғамын.
Жолсеріктей, жан достардай бізден қалмай,
Шағалалар шаршамастан шарқ ұрады:
Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай.
Кемемізді жағалаулар шақырады.

1.Балалар өлең-шумақ сендерге ұнады ма?
– Өлең не туралы? –Кеме туралы,сапарға шығатын бала туралы.
2.«Кемеге жолсерік», – деп нелерді айтып отыр? –Шағалаларды
3.Алыс шалғайда не көрінеді? -Жағалау көрінеді.
4.Кеме не үшін керек? – Теңіз арқылы адамдарды, ауыр жүктерді тасу үшін.
Жаңа дұрыс айтып өттіңдер Кемемен сапарға шыққан баланың алған әсері жайында айтылған екен.
5.Сөздік жұмыс.
-Өлеңдегі «Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай» деген өлең жолдары «өте алыста, көз ұшында» деген мағынада.
6.Өлең жолдарын балалармен қайталау

7.Кеме сөзін буынға бөліп көрейікші. Балалар жауабы:
8.Неше буыннан тұрады? Неше дауысты дыбыс бар екен? Балалар жауабы:
9.Балалар, Кеме сөзінде екі дауысты дыбыс барын қалай анықтадық? Балалар жауабы:

10.Тіл ұстарту жаттығуы: Ме –ме-ме
Суда жүзді кеме

Сергіту сәті: « Жүргек пойыз кетті»

Үш топқа бөліп жұмыс жасату.
1–топ «Теңізшілер» тобы. Қағаздан су көлігі қайықты жасау. Қайық тез жүзу үшін үрлеп толқын жасату.

2-топ «Ұшқыштар» тобы. Сөйлеуді дамыту дәптерімен жұмыс.
Көлік түрлерін ата,көліктерд кім жүргізетінін сүрау.Көліктердің жоқ бөліктерін салып,әңгімелеу.

3-топ «Жүргізушілер» тобы.
Геоконт тақтайшасымен резенкелермен кеме бейнесін салу,немесе санағыштардан көліктерді салу.
Қай топ көлік жайында кім өлең шумақ біледі?
Жасаған жұмыстарын орындарынан сұрап,қорытындылау.мадақтау.

-Бүгінгі ашық оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?
Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде нелер жайлы айтылды? -Көліктер жайлы айтылды.
Өлеңнің тақырыбы қандай еді? –Кеме өлеңі

Дидактикалық ойын: «Көліктер қалай жүреді?»
Машина қалай жүреді? – Жолда зулайды.
Қайық қалай жүреді? – Суда жүзеді.
Ұшақ қайтеді? – Зымырайды, самғайды.
Пойыз қайтеді? – Жүйткиді.
Жарайсыңдар,балалар!
Топтық мадақтау.
-Бейнелер арқылы өзімізді бағалап жіберейікші
-Балалар екі түрдегі бейненің суретін көрсетіп бағалайды.Менде сендерді бағалауға рұқсат етіңдер.

Бүгінгі оқу қызметіміз осымен аяқталды. Назар салып, белсене қатысқандарың үшін рахмет, қонақтармен қоштасайық! Сау болыңыздар үш тілде қоштасады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *