Әңгіме оқимын. Сөз.

Сабақ: Сауат ашу Ортақ тақырып: Тағам және сусын
Дағдылар.
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың тақырыбы: Әңгіме оқимын. Сөз.
Күні: 05.05.20
мұғалімі Боранбаева М.Т.
Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді, берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады, сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі: тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді, берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады, сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтауға арналған жаттығулар орындайды.
Кейбір оқушылар: тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді, берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады, сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтап өз бетінше мысалдар келтіреді.
Бағалау критерийлері тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді, берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады, сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды.
Тілдік мақсат Пәнге тән терминология: АКТ
Түйінді сөздер:Қаймақ. Зілдей, суық,
Талқылауға арналған сұрақтар:
— Сөз неден құралады?
— Сөз нені құрайды?
— Сөздің қандай түрлерін білеміз?
Құндылықтарды дарыту Оқушылардың сыни ойлауын және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану, жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Ойлау деңгейлерінің дағдылары Білу, түсіну, қолдану.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут

Тыңдалым Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық .Ширату жаттығулары.
Мейлі мен толық болайын,
Мейлі мен арық болайын.
Мейлі мен биік болайын,
Мейлі мен аласа болайын
— Мен мынандай баламын!!!!
— Мынандай балалар қандай болады?
— Жақсы оқиды, олай болса білімімізді толықтырайық. Сұрақтар қатары.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
— Біз жаңа қандай іс-әрекет жасадық?
— Әңгімелестік. — Әңгіме деген не?
Бүгінгі сабғымыздың тақырыбы Әңгіме оқимын. Сөз.
Табыс критерии.
Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді, берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады, сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды.

Сабақтың ортасы
8 минут

Айтылым

Жазылым
(Ұ)1-жаттығу 61 -бет. Мысалды түсініп оқы.
-«Еске түсіру» ойыны.
Қарамен берілген сөздердің мағынсын түсіндір, басқа қандай сөздермен алмастыруға болады.? Сабақ басталғандағы өлең жолдарын еске түсір.
«Серпілген сауал» әдісі.
— Сөз неден құралады?
— Сөз нені құрайды?
— Сөздің қандай түрлерін білеміз?
Бағалау «Үш шапалақ»-әдісі.

Жұптық жұмыс. «Көршіңізге айтыңыз»
2-жаттығу Көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасы жуық сөзді тауып жаз.
Зілдей- сәлемдесу —
Суық — әдемі —
Бағалау «Бесбармақ» әдісі. Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Ұлттық тағам түрлері. Слайд
Көгөністер суреттері
Сергіту сәті
2 минут Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) Сергіту сәтіне арналған жинақ

Жазылым

Оқылым

Саралау жұмысына арналған тапсырма.«Әңгімеге негізделген жазу» әдісі
А. – Қаймақ сөзіндегі әріптерді пайдаланып жаңа сөздер жазады.\аймақ, ай, май\
В. -Қаймақ сөзін пайдаланып сөйлем құрайды. \Апам ауылдан қаймақ әкелді\
С.-Қаймақты көп пайдаланған жағдайда адам денсаулығына зиян тигізетінін жариялап, дәлелдеулер жазады. \майлы, тсс\
Бағалау «Фигуралар» әдісі.

Жеке жұмыс: ҚБ тапсырмасы«Күтіңіз және түйіндеңіз»
Ертегіні тыңдай отырып, суреттердің ретін анықтаңыз. Нөмірлеп көрсетіңіз.
Екі әтеш
(Ертегі)
Ертеде бір шал мен кемпірдің екі әтеші болыпты. Бір күні кемпір оларға жем шашыпты. Әтештер жемді жей бастапты. Шұбар әтеш жемді қызғанып, сұр әтешті қайта-қайта шоқи беріпті. Ызаланған сұр әтеш те оны шоқып алыпты. Содан соң екеуі төбелесе кетіпті. Олар бір-бірімен таласып жатқанда, көрші үйдің балапандары келіп, жемнің бәрін жеп қойыпты.

Суретке сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айтыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
— мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтайды;
— мәтінді жүйелі мазмұндайды
Бағалау «От шашу» әдісі.

Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

Микрафон
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ

Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Бағамдау.
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1. Қалыптастырушы бағалау қолданып отырғаным.
2. Шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1. Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
2. Әріптерді пайдаланып сөздер жазу
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет
1. Бағалауды тақырыпқа сай ұйымдастыру арқылы оқудың іске асатынын білдім.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *