«Ұстаздық ұлы іс»

«Ұстаздық – ұлы іс»
Жоспар

Кіріспе бөлім:
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
Негізгі бөлім:
«Білімді ұрпақ-заман талабы»
Қорытынды
Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы
құрбы, жақсы ұстаздан болады.
А.Құнанбаев
Қазақтың біртуар ұлы, 175 жылдық мерейтойын қазақ елі атап өткелі
отырған дана Абай айтқандай адамның бойындағы өркениетті тұлғаға тән игі
қасиеттердің барлығы, алдымен отбасындағы жақсы тәрбиеден, содан соң
білікті әрі білімді ұстаздан беріледі. Ұстаздың берген тәрбиесі мен білімі
адамға қоғамның барлық саласына, жан-жақты әрі сенімді түрде белсене
араласуына азық болатыны сөзсіз. Сол себепті қай кезеңде де өркениеттің
өркендеп, қоғамның қызу өмірі қайнаған тұсындада мамандықтардың ішінде
асылы қашанда мұғалімдік деп саналған. Бұл қиын және күрделі міндет.
Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең
білумен, сол білімді балалардың бойына сіңіре білуімен көзге түсіп
ерекшеленеді. Расында осы бір қадірлі сөзді естігенде ұрпаққа жол көрсетіп,
болашаққа бағыт сілтеп қана қоймай, ең әуелі сол ұрпақтың сауатын ашып,
білім нәрімен сусындатқан жандарға деген көңілдегі құрмет арта түседі. «Бір
әріп үйреткенге 40 жыл сәлем бер» демекші ұстаздарға қашанда ерекше
ілтипат орын алады. Ұстаздық ету- барлық мамандықтың анасы. Ұстаз елдің
ертеңі- ұрпақты тәрбиелейді. Ал адам тәрбиелеу ұлы міндет десек, оның
ұлылығы мен қадірін арттыру мұғалімнің өзіне тікелей байланысты екені
анық. Бүгінгідей жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың
көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенетіні хақ. Әлемдік білім кеңістігіне еніп,
білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеру кезек күттірмейтін өзекті
мәселе болса, бұл мәселені шешуде ұстаздардың аянбай еңбек ететіні сөзсіз.
Осы орайда елімізде ұстаздықтың қадір-қасиетін өз ісімен көрсетіп, елге
сыйлы, шәкіртіне құрметті атанған ұстаздардың қатары да аз емес. Ұстаз
болудың мақсаты – оқушыларға ұлттық тәрбие, білім берумен қатар олардың
шығармашылық қабілеттерін арттыру. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер
жоғары сапалы білім беру жүйесіне ұмтылуда. Өйткені мемлекет
болашағының кепілі бәйгеден оза шауып, білімімен алға түсетін жастардың
қолында. Сондықтан жас буынға сапалы білім беру, оларды жаңа заманға

жаңашыл көзқараспен қарай білетіндей бәсекеге қабілетті ету барлық
педагогтың басты міндеті.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына
байланысты бүгінгі күні білім беру ұйымдарында жұмыс істеу барған сайын
күрделене түсуде. Осы күрделілік пен қатар педагогтың талабына сай білімді,
ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мұғалім
болу жоғары бағаланады. Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек шәкіртке білім беріп
қана қоймай, жаңашылдықты игеріп өзін-өзі жетілдіру басты міндет етіп
жүктелген. Сондықтан да елімізде педагогтардың біліктілігін арттырып,
шығармашылық шеберліктерін шыңдау үшін арнайы оқу курстары өтіп
тұрады. Ондағы негізгі мақсат мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін
үйретіп, соның нәтижесінде ойын қымсынбай еркін, өзіндік дәлелдерін
айғақпен айта алатын, ынтасы таудай, сенімі берік, сыни пікір-көзқарастары
қалыптасқан, сандық технологияларды мейлінше игерген сауатты оқушы
қалыптастыру болып табылады. Сондай –ақ жаңартылған курстар,
педагогтарға, үйретілген жаңа технологиялар арқылы сабақ үйретіп
өздерінің де, шәкірттерінің де өзін-өзі жетілдіруге жетелейді. Жазушы
Ж.Аймауытов «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны
табатын өнер» деген сөздері қазіргі жаңадан пайда болған білім берудегі
инновациялық технологиялар сипатына сәйкес келетін сияқты.
Елағаларының білім беру ісіне бейжай қарамай, мұндай бағдарламаларды
ойлап табуда белсенділік танытуы бірізді білім беру жүйесіне өзгеріс еңгізу
арқылы, іс-әрекет түрін жаңашылдыққа бағыттау. Жаңартылған білім беру
өзге дамыған елдердегідей ұстаздан көрі баланың өз пікірін анық та еркін
айтуға, баланың үнін тыңдауға, оның пікірін ескере отырып, тікелей
шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, сыни ойлай білуіне мол мүмкіндік
береді. Білім беру саласына еніп отырған мұндай өзгерістер өзге елдермен
иық тірестірер ұрпақтың білімді танып, ғылымды зерттеуге, жаңа
жаңалықтар ашып, қиялын тәжірибесімен ұштастыруға мол мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жас буынның оқу процесіне ерекше қызығушылықпен, ізденіспен
ұмтылуына себеп болады. Елімізде білім беру саласына еңген мұндай
өзгерістердің көңіл қуантарлығы бұл бастама жоғары оқу орындарында,
мектеп табалдырықтарынан бастап қана емес, мектепке дейінгі тәрбие мен
білім беру ошақтарында да қарқынды түрде қолға алынған. Баланың білім
мен ғылым, өркениет пен өнер туралы алғашқы түсініктері дәл осы мектепке
дейінгі тәрбие ошақтарында қалыптасатындығын ескерсек, өзгерісті
балабақшадан бастау әлбетте жемісті нәтижесін береді деп сенеміз. Білім
беру ісіндегі бірізділікті бақшадан бастап өзгертіп, жаңа технологияға

тәрбиешіден бастап тәрбиелеп үйрету білімге деген биік белестерге
жасаланып жатырған қадам.
Жоғарыда аталған өзгерістерге бейімделіп, берілген мүмкіндікті
пайдаланып, жаңалықтың барлығын жарыса қабылдап, жас буынға
қызықтыра жеткізе білу міндеті тағы да педагогқа жүктелген. Тәуелсіз елдің
болашағына балайтын өскелең ұпақты сапалы біліммен жетілдіріп, жаңа
жаңашылдықпен қаруландырып, бәсекеге қабілетті болатындай белсенді етіп,
саналы ұрпаққа айналдыру даәл осы мамандық иелеріне жүктелген жауапты
міндет. Артылған міндетті абыроймен алып шығу үшін, өзін-өзі үнемі
жетілдіріп, қызмет барысында қандай мәселеде болмасын шыдамдылық
танытатын да ұстаз ! Сол себепті елдің ертеңі, жаңашыл дәуреннің жарқын
болашағы үшін ұрпақтарымызды тәрбиелеуде бар жігерлі зейінін салатын
ұстаздар қашанда құрметке лайық!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *