«Ауаның қасиеттері»
Білім беру саласы: «Әлеумет», «Денсаулық», «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы:«Ауаның қасиеттері»
Жаңа технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, Триз технологиясы
Мақсаты: Жер бетіндегі тіршілік атаулының негізгі қайнар көзі ауаның қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы айқындау.
Тәрбиелілігі:Сын тұрғысынан ауа туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: Ауаның қасиеттерімен таныстыру, әртүрлі тәжірибелер жасауға үйрету.
Дамытушылық: Табиғатқа қызығушылық арттыру, байқағыштық пен зеректікті дамыту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжірибе жасау.
Көрнекілігі: тақырыпқа сай слайд, су құйылған ыдыс пен түтікшелер, целлофан.
Тәрбиеші:
-Қане, балалар ортаға тұрып шаттық шеңберін жасайық
Шаттық шеңбері:
Қол алысып, қане біз,
Достасайық бәріміз.
Армысың, Алтын күнім!
Армысың, балабақшам!
Армысың, достарым!
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Бәріңізге амандасып,
Басымызды иеміз біз.
Тәрбиеші:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
-Қазір жылдың қыс мезгілі.
Тәрбиеші:
-Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?
Балалар:
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші:
-Апта түндерін кім атап береді маған?
Балалар:
-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Тірбиеші:
-Балалар қазір сендерге жұмбақ жасырамын,шешуін табуға дайынсыңдар ма?
Балалар:
-Ия.
Тәрбиеші:
Жұмбақ:
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. /Ауа/
Тәрбиеші:
-Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ. Біз бүгін «Ауаның қасиеттері» туралы білетін боламыз. Балалар сендер ауа дегеннің не екенін білесіңдер ме? Ауа дегеніміз әрқашанда біздің жанымызда бірақ, біз оны көре алмаймыз. Себебі ауа түссіз, иіссіз, пішінсіз, жеңіл болады. Біз ауамен мұрын арқылы дем аламыз. Ауа болмаса барлық жанды өмір сүре алмайды. Тамақсыз адам 5 апта өмір сүреді, сусыз 5 күн, ал ауасыз ең ұзағы 5 минут. Сонымен қатар адамға да, жануарларға да, өсімдіктерге де ауа қажет. Қане, балалар барлығымыз бір сәтке көзімізді жұмып, мұрнымызбен терең дем алайық.
/Балалармұрынмен тыныс алып, тәжірибе жасайды/.
Тәрбиеші:
-Біз мұрнымызбен не істедік?
Балалар:
-Біз мұрнымызбен демалдық.
Тәрбиеші:
-Біз немен демалдық?
Балалар:
-Біз ауамен тыныс алдық.
Тәрбиеші:
-Яғни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді. Тыныс шығарғанда ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады.
Тәрбиеші:
-Балалар, ауа бізге көріне ма, қолға ұстала ма, қане, ұстап көрейікші?
Балалар:
-Ауа қолға ұсталмайды
Тәрбиеші:
-Ауа тағы қай жерлерде жасырынып жатуы мүмкін? Бізде өзімізді ғалым деп сезініп, тәжірибе жасап көрейік.
Тәрбиеші:
-Ауа бөлмеде көрінбейді. «Ауаны көру үшін, оны ұстап ал» тәжірибесін жасайық.
Целлофан қалтаны балаларға таратып, ішіне ауа толтырып аузын бекітуін айту. Ауа толған қалта жастыққа ұқсайды. Енді қалта аузын шешіп, ауаны жіберейік кішкене, бос болып қалды. Осылай 2-3рет жасаймыз.
/Балаларцеллофан қалтаны үрлеп, ауаға толтырады. Қалта аузын шешіп, ауаны босатады. 2-3рет қайталайды/.
Тәрбиеші:
-Қалта қандай көлемде?
Балалар:
-Қалта үлкен болды.
Тәрбиеші:
-Қалтада не бар?
-Біз не туралы білдік? Ауаның түсі бар ма екен?
Балалар:
-Қалтада ауа бар.
-Ауаның түсі түссіз.
Тәрбиеші:
-Біздің келесі тәжірибеміз «Көңілді көпіршіктер» деп аталады.
/Балаларшыны ыдыстағы суға түтікше арқылы үрлейді/.
Тәрбиеші:
-Не байқадық?
Балалар:
-Ауа көпіршіктерін
Тәрбиеші:
-Ол ауа қайдан келді?
Балалар:
-Ауаны үрлегеннен келді.
Тәрбиеші:
-Ауа көпіршіктері қайда кетті?
Балалар:
-Ауа көпіршіктері жоғарыға көтеріліп, бөлмеге тарады. Себебі ауа суда жеңіл.
Тәрбиеші:
-Балалар, бойымызды бір сергітіп тынығып алайық.
Сергіту сәті: «Бала-бала балақан»
Тәрбиеші:
-Балалар, біздің табиғатымыз өте керемет. Сулары, таулары, жері қандай тамаша, қандай сұлу. Табиғаттың маңызды бір бөлшегі ағаштар. Айтыңдаршы, ағаштың адамдарға қандай пайдасы бар?
Балалар:
-Ағаштар жеміс береді, көлеңке болады, таза ауа береді.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар балалар, ағаштар көлеңке болып қана қоймай ауаны тазартып тұрады екен. Ал біздің ауамызды күл-қоқыстар, фабрика, заводтар, машинаның түтіндері ауаны ластап жатыр. Ағаштар осы улы түтіндерді бойына сіңіріп алып, бізге таза ауаны жіберіп тұрады екен. Сондықтан ағаштарға қамқорлық жасап, оларды сындырмай көп өсіруіміз керек.
-Балалар, ауа, табиғат жайлы кім тақпақ біледі?
1-бала:
Таза ауада демалып,
Шынығамыз жаттығып.
Айналаны қорғаймыз,
Күл-қоқыстан тазартып.
2-бала:
Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық.
3-бала:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Тәрбиеші:
-Балалар алдымызда тұрған заттармен тәжіртбе жасап көруге дайынсыңдар ма?
Балалар:
-Ия,дайынбыз.
Тәжірибе:
-Балалар, қалай ойлайсыңдар мына шекерде ауа бар ма? Мұны тексеріп көрейікші. Стакандағы суға салайық. Не көріп тұрсыңдар? Көпіршіктер. Яғни ол не? Ауа.
-Мына таста ауа бар ма екен, көрейікші. Суға салып көрейік. Не болды? Суға батып кетті, өйткені ол ауыр, бірақ көпіршіктер де пайда болды, өйткені таста да ауа бар.
Қорытынды:
Тәрбиеші:
-Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік?
Балалар:
-Ауаның қасиеттері туралы.
Тәрбиеші:
-Ауа бізге не үшін керек?
Балалар:
-Дем алу үшін.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар балалар.Осымен бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.