«Кәсіби шеберлік — шыңдалу мектебі»

«Оқушы Орталығы» КММ — де әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылы «Кәсіби шеберлік — шыңдалу мектебі» аттестаттаудан өтетін педагогтардың ашық сабақ апталығы өтті. Мақсаты: — қосымша білім беру саласын жетілдіруде жаңашыл педагогикалық идеялар мен тиімді білім беру технологияларын насихаттау; — қосымша білім берудегі педагогтардың кәсіби деңгейін көтеру, дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс тәсілдерді жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жаңа технологиялары еңгізу.
Суретте көрсетілген «English study» үйірмесінің қосымша білім педагогы Танатарова А.С. «There is/There are» атты ашық сабағын өткізіп жатыр.
Мақсаты:
— Білімділік: Жаңа тақырыпты суреттермен түсіндіру, жаңа сөздерді тыңдау арқылы игерту-бекіту мақсатында ойын ұйымдастыру, there is, there are-құрылымын сұрақтар арқылы қайталау.
— Дамытушылық: жаңа материалды игертуде миға шабуыл арқылы сабаққа ынталандыру, ойлау, сөйлеу, жазу, тыңдау, аудару дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту.
— Тәрбиелілік: Оңай түсіндірілетін сөздермен ағылшын тілінде сөйлеу жеңіл екенін ұғындыру, жануарлар және табиғат плакаттары мен суреттері арқылы қоршаған ортаға сүйіспеншілігін дамыту.
Мақала дайындаған — Танатарова Айнагүл Сакенқызы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *