«Қазақстанда мұздықтардың еруі»

Сабақ: Мектеп: «Балдәурен» РОСО
Күні:14.10.2019 Мұғалім: Сарсенбаева Д.Ж
Сынып: 7 Т2 Қатысқан оқушылар саны: 13 Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы мұздықтардың еруі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т7.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау
А7.2.2.1 ұсыныс жасаудың түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы:
тыңдалған мәтіннің кейбір сөйлемдерді түсінеді, кейбір ақпаратты анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі:
тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, өзекті ақпараттың көбін анықтайды, ұсыныс жасай алады.
Оқушылардың кейбірі
тыңдалған мәтіннің барлық мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін толық анықтайды, барлық мәселеге ұсыныс жасайды.
Құндылықтарды игерту: Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады.
Пәнаралық байланыс: География
АКТ-ны қолдану дағдылары: Таныстырылым
Дескриптор 1. Мәтінді түсінеді.
2. Ақпараттың өзектілігін анықтайды.
3. Ұсыныс жасайды
Тілдік мақсаттар: Пән лексикасы және терминология:
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен терминология.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Менің ойымша, себебі … деп есептеймін
Осыған дейін меңгерілген білім Әлем климатының өзгеруі
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Қосымша
Сабақ басы
3 мин.

4 мин

2 мин Ұйымдастыру кезеңі .
1.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
Өткен тақырыпты қайталап, оқушылар табиғатпен байланыстырып, бір-біріне тілектер айтады, карточкалардың түстеріне байланысты топқа бөліну. «Таулар», «Мұздықтар» топтары.
Таудың ……..биіктігін
Тастың ……..беріктілігін
Ағаштың….. жайқалғанын
Өзендей………. өмір
Бұлақтың ………мөлдірлігін
Қардың…… ақтығын
Аспанның……… ашықтығын
Күннің…………….. нұрын
Желдің……… жүйріктілігін
Кемпірқосақтың….. сұлулығын
Жаңбырдың….. молшылығын
Гүлдің…….. хош иісін
ТІЛЕЙМІН!!!
Қызығушылықты ояту «Пазыл құрастыру» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
1. Ауа-райына 5 сөзбен мінездеме беріңіз /аязды күн, жаңбырлы күн, ашық күн т.б./
2. Суға мінездеме беріңіз
/мөлдір су, шалшық су, таза су т.б./
3. Жерге мінездеме беріңіз /құмды жер, шөлді жер, тасты жер т.б./
4.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы мұздықтардың еруі»
Мақсаты : Т7.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау
А7.2.2.1 ұсыныс жасаудың түрлі формалары мен жағдаяттарына сай сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;
Балалар ,сендер « Аталар сөзі- ақылдың көзі» жас тарихшылар мен географтардың республикалық кездесуі» атты ауысымға келіп, білім нәрін алғалы жатсыздар.Бүгінгі біздің тақырыбымыз да география пәнімен тығыз байланысты.Сол себепті сабақта белсенділік танытып, қызықты өзкізуге тырысайық. Слайд №1

Слайд №2

Сабақ ортасы
2 мин.

5 мин.

4 мин.

3 мин

5 мин.

5 мин.

3 мин 1 Бейнебаян
«Мұздықтар» туралы бейнебаян көрсету
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша алған білімдерін сабақта қолдана алу. Критерий
1.Бейнебаянды түсініп көру
2.Тірек сөздерді теріп жазу
3.Тірек сөздер арқылы мәтіндегі негізгі ойды ашу
2. Жаңа сөздерді қайталау. 1-і топ пен 2-і топтың тапсырмасы:
Жаңа сөздерді қайталау: жоғарлату, қысқарған, жорамалдау, әсер ету, шығын, кері әсер ету. (Оқушылар бірнеше сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құрастырады.)
3.Мәтінмен жұмыс
Критерий
1 Мәтінді түсініп оқу
2 Мәтіндегі өзекті ойды анықтау
3 Мәтіне ат қою.
Оқулықтағы 65 беттегі 5 тапсырманы 1 топ 1 бөлімін, 2 топ 2 бөлімін бөліп оқиды.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы бір –біріне сұрақтар қойып, «Қол сигналдары» әдісімен бағалайды.

1-і топ пен 2-і топтың тапсырмасы:
«Сәйкестендіру».
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.
температура жорамалдайды
тау бөктерінде мұздықтар азайды
ғалымдар жоғарылаған
мұздықтар әсер етеді
өзендердің ағысында жүреді
ауа алмасуы азайған
«Сұрақ- жауап әдісі» арқылы оқушылар алған білімдерін сабақтың барысында қолдана алады, сұрақтарға толық жауап беріп , ойларын анық жеткізе алады.
1 топқа ;
1.Қазақстанда ауаның температурасы қалай өзгерген?
2. Мұздықтардың қандай маңыздылығы мен пайдасы бар?
3.Соңғы 50 жылда мұздықтар неше пайызға азайған?

2 топқа ;
1.Мұздықтардың азаюы неге әсер етеді?
2.Еліміз қай елдерге тәуелді болып отыр?
3.Ғалымдар нені жорамалдайды?

Топта бір-бірін тексереді, алдарында жатқан бағалау парақшалары арқылы бағалайды.
1-тапсырма. 1-топ: 7-тапсырма 66 бет (1-4)
2-топ: 7-тапсырма 67 бет (5-7)
Мұғалім тексеріп, бағалайды.
2-тапсырма. 1-топ. 9 –тапсырма 67 бет
1.1936 жылмен салыстырғанда 2005 жылы Қазақстанда ауаның температурасы ….. 2. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік ……азайған . 3. Ғалымдар «күн жылына берсе, 21 ғасырдың ортасында 6 градусқа жоғарлайды» деп …….4. Бұл жорамал …., Қазақстан үшін үлкен апат болады. 5. Еліміздің 75 % аумағы …. ұшыраған. 6.Мұздықтардың азаюы таулы …. әсер етеді.

Қажетті сөздер: жоғарлаған, бөктеріндегі мұздықтар, жорамалдайды, шындыққа айналса, экологиялық өзгеріске.
Жұпта бір-бірін тексереді, бағалау парақшасында бағалайды.
Бейнебаян

Дәптермен
жұмыс
Слайд №4

Слайд №5

Слайд 10
Сабақ соңы

2 мин. «Кері байланыс әдісі» арқылы сабақты қорыту,стикерді қалаған суретке жапсырды.
«Тастар»- Өкіншке орай мен түсінбедім.
«Таулар»- Жақсы жұмыс жасадым.Талпындым
«Мұздықтар»- қолымнан бәрі келді.Сабақ қызықты өтті.Керемет. Слайд 11

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *