Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

Мектеп: №29 Жаңатұрмыс орта мектебі
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Күн Мұғалімнің есімі: Табиева Ш.Б.
Сынып: 6 Қатысқандар саны: 19 оқушы Қатыспағандар саны: —
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 6.1.2.1.Әдеби шығармадағы көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Өлеңіндегі көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсінеді, адамдық қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажыратып, талдайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Өлеңді талдай отырып, қасиеттерді өмірмен байланыстырып салыстырады.
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсінеді.
Өлеңдегі көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені ашады.
Адамдық қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажыратып, салыстырады.
Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ғылым, бес асыл іс, бес дұшпан, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Құндылықтарды дарыту Зайырлы қоғам және жоғары руханият. Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, тарих.
АКТ қолдану дағдылары Ноутбук
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі.
Сабақтың барысы
Жоспарлан-ған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Сабақтың басы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
2.Топқа бөлу. (Суреттер арқылы)
1. Топ: Бала Абай.
2. Топ: Ақын Абай
3. Топ: Дана Абай
Сабақтың ортасы 3.Жаңа сабаққа кіріспе: «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту. (Ж.Ж)
1.Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер?
А) Қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
Ә) Отбасы жайлы не білесіңдер?
Б) Қанша жасынан бастап білім алды?
В) Қай жасынан бастап ел билеу ісіне араласты?
2.Абайдың қандай шығармаларын оқыдыңдар?
А) Ақын Абайдың өлең жазудағы мақсаты қандай?
Ә) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңімен Абай не айтқысы келді?
Б) Абайдың қанша қара сөзі бар және қай жылдары жазды?
В) Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі туралы не білесіңдер?
4. Тыңдалым тапсырмасы. Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі тыңдалады.
5. Оқу мақсаты мен бағалау критериі оқушыларға түсіндіріледі.
6. «Постер қорғау» әдісі (Т.Ж.)
Талқылауға арналған сұрақтар:
1-топ: А) Өлеңдегі автордың негізгі идеясы қандай?
Ә) «Ғылым таппай мақтанба» деп айтуының себебін түсіндіріңдер.
2-топ: Өлеңдегі жақсы қасиеттерге түсініктеме беріңдер.
3-топ: Өлеңдегі жаман қасиеттерге түсініктеме беріңдер.
Дескриптор:
• Аудиожазбаны мұқият тыңдайды.
• Тақырыпқа байланысты ойларын жүйелейді.
• Тыңдаған өлең бойынша сұраққа жауап береді.
Қ.Б. Дескрипторға байланысты өзара бағалау.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау
7. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» (Т.Ж)
Өлеңнен үзінді Идеясы Ойтүйін

Дескриптор:
• Берілген үзіндінің мағынасын ашады.
• Идеясын анықтайды.
• Қорытынды шығарады.
Қ.Б. Дескрипторға байланысты «Гамбургер» әдісі арқылы топ бірін-бірі бағалайды.
8. Эссе: (Ж.Ж)
Әр оқушыға тақырып беріледі.

Тақырыптар:
1. Өсіп келе жатқан жеткіншектерге қандай қасиеттер қажет?
2. Ғылымның адам баласына пайдасы қандай?
Дескриптор:
• Көтерілген мәселенің мәнін ашады.
• Кем дегенде 5-6 сөйлемнен құралады.
• Сөйлемдердің байланысуына назар аударады.
Қ.Б. Дескрипторға байланысты өзара бағалау.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау Оқулық
Үйге тапсырма
Өлеңді жаттап, ақынның мәтініне сүйене отырып, өз ойын қарасөз немесе өлең түрінде жазып келу

Сабақтың соңы
3 минут Кері байланыс:
Құпия хат
• Сабақта маған не пайда болды?
• Сабақта маған не қызықты болды?
• Сабақта маған не қиын болды?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *