СУ МОНШАҚТАРДАН ЖАСАЛҒАН ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАР
Сейдәлі Алия Тазабекқызы
Түркістан облысы
Шардара қаласы
№16 колледж
Өндірістік оқыту шебері
СУ МОНШАҚТАРДАН ЖАСАЛҒАН ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАР
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Су моншақтардан жасалған ұлттық нақыштағы әшекей
бұйымдар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, комплекты алқа,білезік, сырға әшекейлер бұйымдарын жасау;
а) Білімділік мақсаты: Оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;
ә)Тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды ізденушілікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, еңбек сүйгіштікке, төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
б) Дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың сабаққа белсенділіктерін арттыру, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыру,талғамын,ой-өрісін шығармашылық қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндірмелі – иллюстрациялық
Көрнекілігі: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, сызбалар, кітаптар, журналдар, плакат.
Пәнаралық байланыс: тарих – бисердің пайда болу тарихы,биология – гүлдердің түрлері, құрылысы, ; математика; бейнелеу өнері – композиция құру, түстерді таңдау;
Қажетті құрал-жабдықтар: мата, қатырма,әр түрлі су моншақтар, бисер, қайшы, бисер, салатын ыдыс, ине, жіптің түрлері.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
- Тігін шеберханасының және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
- Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
-Бисер деген не?Оларды пайдаланып не жасауға болады?
Бисер-ұсақ түрлі түсті моншақтар.Стеклярус-ұзын таяқшалар,рубка-қысқа таяқшалар деп бөлінеді.
Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады.
Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар.
- Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау
мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.
Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.
Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.Жұмыс орнын ұйымдастыру: Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы керек. Ол үшін бір бедерлі фланельді матаға, түрлі түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10мм) тәрелкеге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соқтырады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.
Ағымды нұсқау
Білім алушыға тақырып бойынша тапсырманы бөліп беру
-Жұмыс әдістерін дұрыс орындалуын қадағалау.
-Бұйымның сапалы өңделуі және техникалық шарттарына сәйкес келуі.
-Өзіндік жұмыс: техникалық процестің сақталуы және байқалған қателері
-Ақауларға ескерту жасау.
-Жұмыс орны жағдайын қадағалау, техника қауіпсіздігін ережелерін сақтау.
Қорытынды нұсқау
1 Оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін талдау,тапсырманы орындауы және бағалауы.
2 Жұмыс барысындағы жіберілген қателерді , талдау және оларды түзету жолдарын түсіндіру.
3 Ақауларды анықтау, себептері және оларды жою, түзету жолдарын түсіндіру.
4 Техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу жағдайларын талдау.
5 Тапсырманы барынша жоғары талдау және сапалы еңбек өнімділігіне жеткен оқушылардың іс-әрекетін талдау.