Жаратылыстану .Тақ: Өсімдіктердің қандай түрлерін білесің?

Жаратылыстану Тақ: Өсімдіктердің қандай түрлерін білесің? Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ оқытылу
мақсаты 0.1.2.2. Өсімдіктерді ағаштар, бұталар, шөптер тобына ажырату.
Күтілетін нәтиже Барлық балалар:
• әр топтан (шөпті, бұталар, ағаштар) 5-6 өсімдікті атай алады;
• органдардың құрылысы мен орналасу ерекшелігін көрсете отырып, өсімдікті сипаттай алады;
• өсімдік дамуының бірізділігін түсінеді.
Көпшілік балалар:
• тірек көмегімен мақсатты құруды түсінеді;
• өсімдіктің әрбір органы атқаратын қызметтерді санап шығады;
• өсімдікті кесте бойынша сипаттайды.
Кейбір балалар:
• жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі;
• бақылау іс-әрекеті барысында талқылай алады.
Тілдік мақсат Дағдыларды жетілдіру.
Өзінің жинақтаған білімінің нәтижесінде баланың осы ҰОҚ-ның тақырыбын, танымдық іс-
әрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «қалай?», «неге?», «не үшін?»,
«бұл немен байланысты?», «егер…, не болады? деген сұрақтарды пайдалану.
Көптілділік: шөптесін – травянистый – gramineous
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: өсімдік топтары, ағаш, бұта, шөптектес өсімдіктер.
Талқылауға арналған сұрақтар.
Өсімдіктердің топтарын қалай ажыратуға болады?
Ағаш туралы не білесіңдер?
Бұта арқылы өсетін өсімдіктерді кім атап береді?
Шөптектес өсімдіктердің ерекшелігі қандай?
Өткен сабақтардан
алған білім Өсімдіктің табиғаттағы, адам өміріндегі рөлі және олардың тіршілік қарекетіндегі үдерістердің
ерекшеліктері; өсімдік түрлері туралы білім.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату.
0-2 минут Шаттық шеңбері.
Арайлап атқан күнге!
Армысың, Жер-ана,
Армысың, алтын күн,
Армысыңдар, балалар!
Көңіл күйлерің қалай?
-Жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болып жатыр? Өлең.
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут

ІІІ. Тақырып
бойынша жұмыс
6-27 минут

– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Ауа райы бүгін қандай болып тұр?
– Сендер ағаш түрлерін атап бере аласыңдар ма?
«Кім жылдам?» ойыны.
• Ағаштар, гүлдер, шөп – бұлар …..
• Қайың, қарағай, шаған, үйеңкі – бұлар …..
• Сексеуіл, итмұрын, сирень, таңқұрай – бұлар …..
• Боз, жусан, бақбақ, бәйшешек – бұлар ….. Өсімдіктерді қалай ажыратасың? Өсімдіктің қандай бөліктерін көріп тұрмыз? Олар қандай жұмыс атқарады? Өсімдіктің қандай бөліктерін біз көрмейміз? Өсімдік түрлеріне: ағаштар,бұталар, шөптесін өсімдіктер жатады. Ағаштарға: емен, қайың, қарағаш, тал, жөке, жеміс ағаштары жатады.
Шөптесін өсімдіктерге: бақбақ, раушангүл, құлпынай, қоңыраугүл, қалампыр, қызғалдақ жатады.
Бұталарға: шырғанақ, жыңғыл, бөртегүл жатады.
Анықтама: өсімдіктің тіршілігінде көктемде қандай өзгерістер болады?
Гүлдерден қандай пайда бар?
Гүлдердің бәрі неге хош иісті?
Гүлі мен тұқымдық дәндері бар ұрық – бұл өсімдік бөліктері.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық!
Балаларға өсімдік топтары туралы мәтінді түсіндіремін. Балаларды не қызықтырғаны, сұрақтарға жауап табу үшін не істеу керектігі жайында әңгімелесемін.
1-тәжірибе: «Ерекше өсімдікті ата». Өсімдіктер арасынан ерекше болып тұрған өсімдікті таңдап, неге ондай таңдау жасағанын түсіндіру (шөптесін өсімдіктердің арасында тұрған бір ағашты таңдау).
2-тәжірибе: «Өсімдік құрылысының ерекшеліктері». Өсімдіктер не үшін топтарға бөлінетіндігін, бір-бірінен қалай ерекшеленетінін айту.
«Алақан соғу-үндемеу» ойыны.
Ағашты атаймын, егер ол біздің өлкеде өссе – балалар алақандарын соғады, егер біздің орманда, далада кездеспесе – үндемейді.
Алма ағашы, алмұрт, таңқурай, мимоза.
Шырша, сексеуіл, шырғанақ (бүрген), қайың. Әліппе-дәптермен жұмыс.
1. Ағаштардың аттарын айтады.
2. Бұталарды айтады.
3. Шөптесін өсімдіктердің аттарын атайды.
Слайд көрсетемін

Әртүрлі өсімдік
түрлері.
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беруді ұсынамын:Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? Адам өмірінде, жануарлар тіршілігінде гүл қандай рөл атқарады? Сабақтан соңғы көңіл күйлерің қандай? Жасыл алма –менің қолымнан бәрі келді, сары – кейде қиналатынмын, қызыл – менің ішім пысатын.
Әліппе-дәптердегі гүлшанақтарын бояу.
Сабаққа белсене қатысқан атап өтемін, балаларды мадақтаймын Әліппе-дәптер,
түрлі түсті қарын-
даштар.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *