Бейне жасау.

Мұқаш Меруерт Қанатқызы.

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

3-бөлім – Бейне жасау

(ортақ тақырыбы: «Табиғи құбылыстар»)

Мектеп: №24 лицей

 

Күні: 15.01.2020 Мұғалімнің аты-жөні: Мұқаш Меруерт  Қанатқызы
Сыныбы: 4 Ә Қатысқандар: Қатыспағандар:

 

Сабақтың тақырыбы Бейнежазба
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.2.4.1 бейнеклиптерді жасау;
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, Түсіну, Қолдану
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:

ü  VideoPad программасының бейнежазу құралдарымен танысады.

ü  Бейне камерамен  белгілі бір тақырыпқа бейнеклиптерді  жазуды үйренеді.

Бағалау критерийлері VideoPad программасының бейнежазу құралдарымен танысып,

бейне камерамен  белгілі бір тақырыпқа бейнеклиптерді  жазуды үйренеді.

Тілдік мақсаттар

 

     Пәндік  лексика және терминология:

ü  бейнежазу – запись видео – video recording;

ü  файлды қосу-добавить файл-add file

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

ü   Бейнекамера немесе телефоныңмен қандай  көріністерді  жиі түсіресің?

ü   Бейне көріністерді түсіруде  қандай әдеп нормаларын ұстану керек?

ü   Жаратылыстану сабағында қай табиғи құбылысты видеоға түсіріп, зерттеуіңе пайдаландың? (ауа райы, судың ластануы т.б)

ü   Бейнежазбаларды  компьютерде өң-деуге  арналған қандай программалар жұмысымен таныссың?

Құндылықтарға баулу 1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы”, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Астана» құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік  дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар, сурет.
Алдыңғы білім Цифрлық құрылғылар және бейнежазбаларды өңдеу программалары.
 

Сабақтың  барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы  жоспарланған  жаттығу  түрлері Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

2 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Сыныпта жағымды ахуал орнату  “Жылы жүрек-ізгі тілек”

оқушылар журекті бір-біріне ұсыну арқылы  ізгі тілектерін айтады.

          Топтастыру

(Топтық ережемен таныстыру интербелсенді тақтада топтың ережелері көрсетіледі)

1.                 Мұғалімнен бағыт-бағдар алу

2.                 Тәртіп сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс жасау

3.                 Уақытқа бағыну

4.                 Белсенді қатысу

5.                 Бір-бірін тыңдау

Оқушыларға сәттілік тілеу)

      Топтастыру.  Оқушылар жеміс ағашынан өзіне ұнаған жемісін таңдап топқа бірігеді. Алма жемісін таңдағандар «Камера» тобына, Алмұрт жемісін таңдағандар «Видеокамера» тобына бірігеді.

(Ұ) Ой қозғау!

 «Ашық микрофон» әдісі арқылы  жүргізіледі.

Қойылатын сұрақтар алдын ала интерактивті тақтада төмендегі үлгіде  беріледі.

ü   Бейнекамера немесе телефоныңмен қандай  көріністерді  жиі түсіресің?

ü   Бейне көріністерді түсіруде  қандай әдеп нормаларын ұстану керек?

ü   Жаратылыстану сабағында қай табиғи құбылысты видеоға түсіріп, зерттеуіңе пайдаландың? (ауа райы, судың ластануы т.б)

ü   Бейнежазбаларды  компьютерде өңдеуге  арналған қандай программалар жұмысымен таныссың?

 

қағаз қималары, АКТ, слайд, оқулық,

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

2 мин.

 

 

 

 

 

6 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 мин.

 

 

 

 

 

(Ұ) Сөздікпен жұмыс: Түртіп алу.

ü  бейнежазу – запись видео – video recording;

ü  файлды қосу-добавить файл-add file

Мақсаты: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді. Тиімділігі: Балалар үш тілділікке дағдыланады.

 

(Т) Оқулықпен жұмыс. 

Тапсырма: Төменде берілген тақырыпшалар бойынша екі топ оқулықты оқып, топ ішінде талқылайды. Топ арасында бір-біріне баяндайды.

1. «Камера» тобы:  «VideoPad  программасы»

2. «Бейнекамера» тобы:  «Бейнежазба»

 

Дескриптор Қалыптастырушы бағалау
-Оқулықты оқып, топ ішінде талқылау жүргізеді.

-Бір-бірімен топ арасында өз тақырыптары бойынша баяндама жасайды.

“От шашу” әдісі

 

Бағалау:«Жапондық бағалау» әдісі. Екі топ бір-бірін бағалайды. Осы әдіс бойынша бірінші топ екінші топқа қосатын пікірі болса  айтады немесе сұрақтарын қояды.

 

(Ұ) Компьютермен жұмыс.

Тапсырма: Төменде берілген тапсырманы барлық оқушылар оқулықтағы нұсқаулық бойынша компьютерде жасайды.

1. Жұмыс үстеліндегі «Табиғат» тақырыбында бейнежазбаны көшіріп,  компьютеріңдегі  «Бейне» бумасына сақта.

2.VideoPad –ты іске қосып, «Бейне» бумасындағы   файлды Добавить файл командасы арқылы программаға жүктейміз.

3.Ойнату (Воспроизведения) батырмасы арқылы бейнежазбаны тамашалаймыз.  Бейнежазбаның ұзақтығын  анықтаймыз.

4. Жұмыс алаңындағы бейне файлды тінтуір көмегімен  бейне жолаққа орналастырамыз. Бейнежазбаға мәтіндік жү-гіртпе дайындаймыз. Ол үшін: Мәтін орналастыру (Добавить текст) батырмасын басып, мәтін жазу алаңына «Табиғат»  мәтінін тереміз.  Жүгіртпе мәтінді  бейне жолаққа орналастырып, қозғалыс ұзақтығын тінтуір көмегімен тартып белгілейміз .

 

Дескриптор Қалыптастырушы бағалау
-Интернеттен бейнежазба көшіріп,  компьютеріңдегі  «Бейне» бумасына сақтайды.

-VideoPad –ты іске қосып, «Бейне» бумасындағы   файлды Добавить файл командасы арқылы программаға жүктейді.

-Ойнату батырмасы арқылы бейнежазбаны тамашалап, ұзақтығын  анықтайды.

-Жұмыс алаңындағы бейне файлды тінтуір көмегімен  бейне жолаққа орналастырып, оған мәтіндік жүгіртпе дайындайды.

«Жапондық бағалау» әдісі

 

(Т) Дәптермен жұмыс.

Тапсырма: Топ ішінде алдымен жеке-жеке өздері ұсыныстарын жазады. Топ мүшелерімен пікір алмасып, ұсыныстарын біріктіріп, қағазға жазып, келесі топқа ұсынады.

Бейнекамераға түсірумен айналысатын әрбір адамға  қажетті қандай әдептіліктер тізбесін  ұсынар едіңдер?  Ұсыныстарыңды қағазға түсіріңдер.

 

Дескриптор Қалыптастырушы бағалау
-Бейнекамераға түсірумен айналысатын әрбір адамға  қажетті әдептіліктер тізбесін  ұсынып, қағазға түсіреді. «Жапондық бағалау» әдісі

 

(Ж) «Сұрақты қағып ал» әдісі.

Тапсырма: Төмендегі берілген тапсырма бойынша сұрақ байындап, келесі жұптарға ұсынады. Сұрақты қабылдаған жұп жауап беруі керек.

/VideoPad программасының құрал саймандарының қызметі бойынша сұрақтар құрастырып, басқа жұптарға ұсыныңдар/.

 

Дескриптор Қалыптастырушы бағалау
-VideoPad программасының құрал саймандарының қызметі бойынша сұрақтар құрастырады.

-Сұрақтарды

басқа жұптарға ұсынады.

 

«Жапондық бағалау» әдісі
Жұмыс дәптері

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері

А4 қағаз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері,

А4 қағаз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

5 мин.

Рефлексия:

 

(Ұ) Талдау!

VideoPad-тың бейнені өңдеудегі  өзіңе  ұнаған қандай   тұстарын айта аласың?

Бағалау:«Жапондық бағалау» әдісі. Оқушылар бір-бірін бағалайды. Осы әдіс бойынша бір-біріне қосатын пікірі болса  айтады немесе сұрақтарын қояды.

Үй тапсырмасы:

Қызықты тәжірибе. Цифрлық құрылғылар (телефон, планшет, бейнекамера) көмегімен  үй жағдайында  табиғаттағы  су айналымын алу тәжірибесін жоспа-рын жасап, жүргіз. Мысалы, тоңазтқышқа ыдыспен су қойып, мұзға айналдыр, мұзды ыдысқа салып астына отжақ, ерітіп қайта суға айналдыр, суды қайна-тып була.  Тәжірибе бойынша 2 минуттық бейнежазба түсіріңдер.   Бейнежаз-баны CD дискке жаз.

 

 

 

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырма, қарқын, дереккөздер, диалог және қолдау көрсету, бағалау, жіктеу, қорытынды. Саралау тапсырмаларды  іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. «Жапондық  бағалау» әдісі

“От шашу” әдісі

 

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

 

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ кезінде, мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені  анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:

2:

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *