Нұрдаулет Ақыш. “Нағыз әже”
Күні: | Мектеп | |||||||||||||||||||||||||||||||
Пәні: қазақ әдебиеті | Мұғалімнің аты-жөні: Шоқбарова М.Қ | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?” әңгімесі. Қонақта | ҰМЖ бөлімі: 4.Отбасы құндылықтары | ||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлау деңгейі | Түсіну, талдау, бағалау | |||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т/Ж4. Көркем шығармадан шағын көлемді үзінділерді көркем оқу, есте сақтау.
Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: шағын көлемдіүзінділерді көркем оқиды. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шағын көлемдіүзінділердегі негізгі кейіпкер бейнесіншынайы өмірмен салыстырады, бағалайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: шағын көлемдіүзінділердегі диалог арқылы кейіпкерлерге баға баға береді, болжам жасайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді көркем оқып, есте сақтайды.
Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырады, бағалайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Әңгімеден үзінді, кейіпкер, бейне, диалог, эпизод, сипаттама |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Менің ойымша…., Маған…………… әсер етті, …………….болғанын қалаймын, Менің болжамым бойынша………. . Меніңше,……….. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
· Әже қандай болу керек?
· Шығармадағы әже қандай? · Өмірде қандай әже көп? · Сенің әжең қандай?
|
* Үзіндідегі диалог кімдердікі?
* Қай оқиғаға байланысты айтылды? * Бұл қай кейіпкердің сөзі? * Саған қалай әсер етті? * Аликтің анасы болашақта қандай әже болуы мүмкін?
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Отбасылық құндылықтар, ұрпақ болашағы. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, әдебиет, өзін-өзі тану, халықтық педагогика | |||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?” әңгімесі. «Шіркін, менің әжем» тақырыбы бойынша тарихи құндылықты бағалау. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі:/3минут/ тарихи құндылықтарды бағалау негізінде атақты ақын-жазушыларымыздың әжелерінің атымен топқа бөлу.
ТЖ. 1-тапсырма: /8минут/ «Адасқан үзінді » әдісі бойынша сынып қабырғаларында әңгімеден 4 үзінді тұрады. Әр топ мүшелерінен бір адам үзіндіні көркем оқыңыз. Әңгіме желісі бойынша әңгімелесе отырып үзінділерді тақтадағы ұяшықтарға ретін анықтап қойып, түсіндіріңіз. 1-үзінді Бұл жолы шақырылған жерге желп етіп жетіп бара салмай , кәдімгідей мән беріп дайындалдық. Тіпті өз отбасымыздағы қуанышты қарсы алатындай-ақ қарадай қарбалас жасап, әбігерге түсіп кеттік… Әсіресе, қыздарымыз алабөтен қуанышты. «Әжеге барамыз, әжені көреміз» деп өздерінше мәз-мейрам… 2-үзінді -Әже, онда бізге ертек айтып берші,-деді сөздің ретін бағып отырған Ая сабырлы қалпын сақтаған күйі. Осы кезде Жолдастың жұбайының саңқылдаған өктем үні тағы естілді: -Әй, мына Азаттың қыздары мүлдем басынайын деді ғой, ей! Біздің бабушка сендерге, немене, ойыншық па еді сонша… 3-үзінді Біреуден ұрыс естіген адамдай болып, тымырайып үнсіз тұрған –Ая екеуміз. Бір-екі рет өзара жасқана қарағанымыз болмаса, бір-бірімізбен жаратып сөйлескеніміз де жоқ. Екеумізді мазалаған ойдың ортақтығын содан-ақ сездім. Жанымды қинаған жайсыз сезімді ашып айта алмай, қуыстанатын секілдімін. «Сәбидің алдында өтірікші болдым-ау» деген өкініш те бір сәт өзегімді жалап өтті… 4-үзінді Әлгі бір уақыттан бері іштей жақын тартып, өзімше пір тұтып отырған шешей осыны айтуы-ақ мұң екен, біртүрлі жатырқап сала бердім.Әлденеден бойым тітіркенгендей ішіме салқындық үйірілді.
|
Үзінді жазылған парақшалар |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
БС
ЖЖ. 2-тапсырма. /10 минут/
Салыстыру аймағы» әдісі арқылы шығармадағы әже мен әңгіме кейіпкерлері Ая мен Райханның қиялындағы әжелердің бейнесін салыстырады. 3-тапсырма/10 минут/ ЖЖ.«Пікірлер желісі» әдісі арқылы берілген проблемалық сұрақтар бойынша кейіпкер бейнесін шынайы өмірмен байланыстыра отырып, өзойыңызды білдіріңіз, дәлелдеңіз. · Әже қандай болу керек? · Шығармадағы әже қандай? · Өмірде қай әже көп? · Сенің әжең қандай? |
http://kitap.kz/reader/bota_nagiz
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
Рефлексия |
ТЖ. 4-тапсырма: /8 минут/
Диалогпен жұмыс /тақтаға кейіпкерлер суреті ілінеді/ Әр топқа үзінді бойынша 4 диалог таратылады. Топ мүшелері үзінділердегі диалогқа байланысты сұрақтар бойынша кейіпкерлерге баға береді,болжам /50 сөз жазу/ жасаңыз. 1-диалог -Жоқ, бұрынғының ертегіші кемпірі ғой деп пе едіңдер, өтірік шынды қиыстырып соға беретін. Кісінің мазасын алмай, ойнаңдар ана балалармен. 2-диалог -Папа, Аликтің әйбат кітабы көп екен. Бірақ бізге көрсеткен жоқ. «Жыртып тастайсыңдар, сосын мұғалім ұрсады» деп бермей қойды. 3-диалог -Жоқ, папа. Ол әже емес. Ол жай ғана бабушка.Мен білем, әже деген ондай болмайды. Өзің айтқансың. 4-диалог -«Әже емесің» не, қызым-ау. Енді кім екен, ә? Қой олай деме, ұят болады. Сұрақтар легі: 1. Үзіндідегі диалог кімдердікі? 2. Қай оқиғаға байланысты айтылды? 3. Бұл қай кейіпкердің сөзі? 4. Саған қалай әсер етті? 5. Аликтің анасы болашақта қандай әже болуы мүмкін?
«Шығу билеті» /2 минут/ әдісі арқылысабақтан алған әсерін стикерге жазады. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |