Ойынның бала өміріндегі маңызы
Ойынның бала өміріндегі маңызы.
«Ақ желкен» санаторлық балабақшасының тәрбиешісі
Койлыбаева Багдат Бегалиевна
Түркістан қаласы
«Ойын-баланың алдынан өмір есігі ашып, оның шығармашылық
қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты. Баланың бірінші әрекеті – ойын, сондықтан да ойынның мәні ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» – деген ұлы сөзі арқылы баланың өміріндегі ерекше орын алатынын білеміз. Жас баланың өмірді танып, еңбекке деген қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Баланың қуанышы мен реніші ойын кезінде анық байқалады, сонымен қатар құрбыларымен тез тіл табысып, жақсы қарым – қатынас жасайды. Ойын – балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, өмірге ең қажет қасиеттерге тәрбиелейді, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Осы ойын арқылы балалардың ұсақ моторикасы дамиды, ынтасы артады. бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына
жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі
тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін
еркін ұстайды.
Ойынның түрлері өте көп. Саусақ ойындары- саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау құралы. Мысалы:«Отбасы!», «Он саусақ»,«Қуырмаш», «Добым», «Доп», «Мысық».т.б. ойындарды ойнаймыз.
Қимыл-қозғалыс ойындары – балалардың дене бітімінің қозғалыс белсенділігі,дағдылары мен іскерліктерінің қалыптасуының даму құралы.Мысалы: «Біздің ойын қызықты», «Допты қағып ал», «Жемістер-көкөністер», «Ұшты-ұшты», «Тышқан мен мысық» т.б.ойындарын ойнаймыз.
Сюжетті-рөлді ойындар – балалардың ой-қиялын,сөздік қорын,тілін дамыту құралы.Мысалы: «Дүкен», «Асхана», «Дәрігер», «Пошта», «Кітапхана», «Аурухана» т.б. ойындар ойнаймыз.
Дидактикалық ойындар – балалардың ақыл-ойын дамытып қызығушылығын арттыру құралы. Мысалы: «Қалың үйшік» «Не артық?», «Заттарды топта», «Қарап ал да, есіңе сақта», «Не қайда өмір сүреді?» т.б. ойындарын ойнаймыз
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Есіңде сақта».
Ұлттық ойындар – балалармен ойнаймыз. Мысалы: «Тақия тастамақ»,
«Көкпар», «Сақина салу», «Ақ серек, көк серек», «Қыз қуу», «Бәйге», «Жасырынбақ», т.б ойындарын ойнаймыз.
«Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөліну қажет екенін атап өтсек Әрине, бұл – сабақтың тартымды, қызықты болуының басты шарты, әрі оқушылар сабақты зейін қоя тез ұғып алады».
Ойын технологиясының балалар үшін пайдасы зор екені бәрімізге мәлім. Тек ойын арқылыбалалардың сабаққа қызығушылығы артады, әр баланың танымдық сезім қабілеті дамиды, балалардың сөздік қоры молаяды, тіл байлықтары артады және қоршаған ортаға деген өзіндік жауапкершілік міндеті қалыптасады.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» бар демекші Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы Тіл білімі институтының професоры Н.Оралбаев: «Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөліну қажет екенін атап кетті. Әрине, бұл – сабақтың тартымды, қызықты болуының басты шарты, әрі оқушылар сабақты зейін қоя тез ұғып алады».