“Бауырсақ пен бірге саяхатқа шығамыз”

Джаксылыкова Айгуль Кенескановна

№66 «Толағай» балабақшасы II cанатты тәрбиеші

 

Тақырыбы: «Бауырсақ пен бірге саяхатқа шығамыз»

Сабақтың мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.

Біз балдырған баламыз!
Дос құшағын елге ашкан.

Тілейміз біз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан

Мықты болсын іргеміз

Бәріміз де  біргеміз.
Ертегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.
–         жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)
–         қиял-ғажайып ертегілер
–         шыншыл ертегілер
Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.
Онда шындық оқиға мен қиял.

Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

ЖҰМБАҚТАР:

1.     / Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/

2.     Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

 

3.     / Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/

 

4.      Өзі бір қу,

Жүрген жері  шу./Түлкі/

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап  ашылды /музыкамен сиқырлы қорап ашылады/ бізге қаншама әдемі суреттер сыйлады.  Балалар  мына суреттерден не көріп отырсыңдар?

Балалар: Ата, Әже,Бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.

Тәрбиеші: Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері? Дұрыс айтасыңдар. Ертегіні балалар  біз баріміз жақсы көреміз. Ендеше  ертегіні балалар қонаққа шақырайық. Ертегі бізге қонаққа келді. Біздің бүгінгі ертегіміз қалай аталады?

Балалар: «Бауырсақ»

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз  «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз. Ал, балалар біздің бүгінгі «Бауырсақ» ертегіміздің кейіпкерлері сендер боласыңдар. Әуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып кетеді).
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:
Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер!

Ертекші (Томирис): Ерте –ерте ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Шал (Амир):
–         Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір(Аяжан Д.): 
–    Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Шал :
–         Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Ертекші(Томирис)
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян(Аделя): 

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ(Медина) :
Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.
Ертекші:
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:
Бауырсақ:
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қоян сенен де кашып құтылам.
Ертекші: Осылайша
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр( Бейбарыс):
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
– Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Ертекші:
Бауырсақ әндете жөнеледі
Бауырсақ :
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған
Ертекші: Осылай Бауырсақ  әрі қарай  орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю: (Жанмұханбет)
–         Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ :
– Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!

Ертекші: деп, осылай Бауырсақ әрі қарай домалап келе жатса алдынан  түлкі шығады.
Түлкі(Гаухар) :
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Ертекші:
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей, бауырымен сырғып, жақындай береді.
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!

Түлкі :
–    Оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында, мүмкін сонда жіберермін.

Тәрбиеші: Балалар  Бауырсаққа көмектесеміз бе?

Балалар : Иә. Түлкінің сұрақтарына жауап береді.

Түлкі :

1 сұрақ: Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
-Ұн неден алынады? (Бидайдан)
2 сұрақ: Бауырсақтың түсі қандай?

( Сары. )

3 сұрақ: Бауырсақтың пішіні қандай?
                          

           (Домалақ, шеңбер.)
4 сұрақ: Ұннан жасалатын тағамдар?

( Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.)

Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.

Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.

Тәрбиеші: Біздің көрермендеіміз отырып зерігіп кетпес үшін сергіті сәтін өткізейк

Сергіті сәт:

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Бір орнында қозғалып,

Кезек басып  тұрамын

Жоғары , төмен қарайық

Орнымызды табайық

Деп балалар орнындарына отырады

Тәрбиеші: Балалар енді келесі тапсырмаға көшейік, Бауырсақ Ата, Әжеге аман- есен  жету үшін біз оған жол салып берейік, алдымыздағы Бауырсақтын суретінің жаңына үлпілдек ысқышты тарелкедегі бояуға батырып, үзбей бір қимылмен жол саламыз.

Сөздік жұмыс: Губка – үлпілдек ысқыш

Тәрбиеші: Балалар тапсырмаға кіріспей тұрып саусақ жаттуғын жасайық

Саусақ жаттығуы:

Біз орманнның емшісіміз

Тоқ, тоқ, тоқ

Құрт біткенді жоқ етеміз

Жоқ, жоқ, жоқ

Тоқ, тоқ, тоқ

Жоқ, жоқ,жоқ

Саусақ жаттығуынан кейін балар жолдың суретін салады

Сұрақ – жауап арқылы жұмыс:

-Бауырсақтың пішіні қандай?

– Домалақ?

-Түсі қандай?

– Сары.

-Салған жолымыздың көлемі қандай?

– Жалпақ.

-Балалар тағы қандай жолдар болады?

-Жалпақ, жінішке, ұзын , қысқа.

Бауырсақ жолмен домалап келе жатқан суректте тағы нелер бейнеленген?

·        Санырауқұлақтар, құлпынай, торғайлар, гүлдер.

·        Жақсы балалар, енді санайық неше Санырауқұлақтар, құлпынай, торғайлар, гүлдер.

·        Барлығы неше торғай.

·        Барлығы 4 торғай.

·        Барлығы 5 саңырауқұлақ.

·        2 құлпынай.

·        1 бауырсақ.

·        4 гүл

·        Жақсы балар міне біз бүгін 5 дейінгі сандарды қайталап шықтық

·        Міне біздің Бауырсаққа салған жолдарымызда кеуіпті, көрейік кімнін жолы түзу , әдемі болып шығыпты. (Балардың жұмысын қортыңдылау, мадақтау).

–         Келесі тапсырма алымызда жатқан пішіндердің ішінен бауырсаққа ұқсайтын пішінді тауып көрсетеміз.

–         Дұрыс балалар.

–         Енді тапсырма құу қызметінің қортындылауға берілед Бауырасқ ертегісінің кейіпкерлерімен логикалық тапсырма.

–         Бауырсақпен кездескен аңдарды кездесу ретімен  сандарды қойып шығамыз және артық  кейіпкерді сызып тастаймыз.

Тапсырманы орындағаннан кейін балардың жұмысын тексеріп, мадақтау.

 Қорытындылау:
Тәрбиеші:
– Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.
Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.)
– Өте жақсы!
– Ал, түлкі ше?
-Түлкі қу, айлакер.
Жағымсыз кейіпкер, бірақ та балалдар достық, мейрімділік арқылы зұлымдықты женуге болады. Әр қашанда достарына көмек көрсетіп, мейрімді болуға уәде береміз бе ?

Ендеше біз Баурсаққа салған жолдмен Баурсақты аман –есен Ата мен Әжеге табыс етейік балалар Бауырсақты қолынан ұстап Ата мен Әжеге табыстайды.

Бауырсақ Ата ,Әжемен қауышып ертегіміз аяқталады.

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Бауырсақ пен бірге саяхатқа шығамыз»

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *