М.Шаханов “Төрт ана”

Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов  «Төрт ана»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:М.Шахановтың өмірі туралы мәлімет бере отырып,“Төрт Ана” өлеңін оқып мағынасын ашу.
Дамытушылығы:оқушылардың сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын молайту, ойлау, сезіну қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған жерін қастерлеп, тілді құрметтеуге, әдеп-ғұрыптарды және тарихымызды тереңінен білу. Өзіне тірек болатын тілін, салт-дәстүрін қастерлеу.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Пән аралық байланыс:Қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка.
Сабақтың әдісі:мәтінмен,топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:М.Шахановтың портреті,сергіту сәті,топтастыру әдісі,үлестірме қағаздар,интерактивті тақта,жауап белгісі,слаид,ребус,«Тиінге азық жинау» ойыны
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. 3 минут

-Сәлеметсіңдер ме,балалар?

-Орындарымызға отырайық.

-Бүгін кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Өте жақсы балалар,ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ.Психологиялық дайындық. 5 минут

-Мен үшін әрқайсыңның орның бөлек,

Бейне бір сендер жеміс,мен-бәйтерек.

Бүгінгі сабағымыз сәтті өтуге,

Ұшқыр ой,ашық көңіл,білім керек -деп бүгінгі ашық сабағымызды бастайық.

– Шаттық шеңбері: Табиғат-біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды,

Осының бәрін меңгертер

Әдебиеттік оқу сабағы.

– Топқа бөлу.Қанекей менің алдымдағы жемісті алыңдар.Сол жеміс бойынша топқа бөлінеміз.

Топтарға ат беру
1-топ «Туған жер»
2-топ «Туған тіл»
ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. 15 минут
– балалар үйге қандай тапсырма берілді?

– «Құстардың айтысы». Үнді ертегісі

– 2 топтан бір-бір оқушыдан сұрау.
Ойын: «Тиінге азық жинау»
1. Торға қандай құстар түсті? (қарға,торғай,көгершін)
2. Құсбегі деген кім? (құсты баптайтын адам)
3. Құстар тордан босанудың қандай жолын ақылдасты? (қанатымызды бірдей қағып ұшып көрейік,мүмкін торды көтеріп кетерміз)
4. Бірлік туралы мақал айт? (бірлік болмай,тірлік болмас)
5. Көгершіндер қандай сөздер айтты? (Жетер енді,қарғалар!Көп мақтана бермеңдер!Біз сендерден артық болмаса кем көтеріп келе жатқан жоқпыз)
6. Ертегі соңы қалай аяқталды? (басқа құстар бір-бірін сөгіп ұрсыса бастады.Олар қанаттарын ақырын қаты.Тор жерге салбырап түсе бастады.Құс аулаушы жүгіріп жетіп,төмен салбыраған жерінен шап беріп ұстап,құстармен қоса тартып алды.Олардың бәрін үйіне апарды да,торға қамап қойды.)
Жаңа материал бойынша. 20 минут

– Ребус шешкізу.Шешуі: Төрт ана.

– Бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты «Төрт ана»

– «Төрт ана» өлеңін жазған М.Шаханов атамыз екен.
№1.Слайд.
Мұхтар Шахановтың өмірбаянын көрсету.

– Даласындай дарқан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.
Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,
Кім Мұқанша бағындырар бағытты
Қазақ халқы – Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты. –дей отыра М.Шахановтың өмірдерегіне назар салайық.

– Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2-ші шілдеде Оңтүстік Қазақстан Облысы, Төлеби ауданы, «Қасқа су»селосында дүниеге келген.1969 жылы «Оңтүстік Қазақстан»институтын бітірген. Қазіргі таңда «ХХІ ғасыр және Руханият»атты халықаралық лига клубының президенті. Ақынның ұстанымы – халықтың көзін ашу. Себебі, бүгінгі тақырыбымыз Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналады. Биыл толымды талант, сөз шебері Мұхтар Шаханов 74  жасқа толады. Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұхтар Шаханов шығармалары жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай түседі. Иә, М.Шаханов ғажайып, бүгінгі әлемдік өркениет тағылымдарын пайымдауға өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қырлы талантты философ ақын.
Сергіту сәті.

–  «Төрт ана» өлеңін видеоролик арқылы тыңдату.

– Мұхтар Шаханов «Төрт ана» өлеңінде адамның адам болып, мемлекеттің мемлекет болып қалуы үшін, әрқашан төрт анаға сүйену керек дегенді айтады. Олар: туған жер, туған тіл, салт-дәстүр және туған тарих.

–  Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.
Топпен жұмыс
I . Туған жер (Мақал-мәтел)

– Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.
– Ақ шашты ана: “жастығым — балам” дейді.
Ақылды бала: “ай-күнім — анам” дейді.
– Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.
– Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
– Аналы баланың өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ.
– Ананың басқан жерінде пейіш бар.
-Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
– Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ та тимейді.
– Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.

– Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың
II . Туған тіл (оқушыларға өлең оқыту «Ана» туралы)
III .Салт-дәстүр (Бата сөздер: бақытты бол,өркеннің өссін,өмір жасың ұзақ болсын)
IV .Туған тарих (оқулықтағы өлеңді мәнерлеп оқыту)
Қорытындылау. 2 минут
Оқушылармен жұмыс:
Сұрақ-жауап
1. М.Шаханов кім?
2. “Төрт ананы” ата?
3. Ақын неше жаста?
4. Ақын қандай өлеңдер жазған?

– Ендеше,бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерің қандай?

Көңіл-күй сипаттайық: Орташа – 1 шапалақ

Жақсы – 2 шапалақ

Өте жақсы – 3 шапалақ

– Ана бәріміздің ақылшымыз,қамқоршымыз екен.

– Ана деген қасиетті сөз екендігіне келісесіңдерме?

– Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған-Ана.Бала-ананың бауыр еті.Ана баласы үшін отқа да күйеді,суға да түседі. «Қарға баласын аппағым,кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей барлығымыз өміріміздің бізге берген сыйы анамызды сыйлайық.
Бекіту.

– Үйге тапсырма: “Төрт Ана” жаттау. 79-бет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *