Үкі – киелі құс

Тезис

 

Тақырыбы:  «СУЫҚҚА ТӨЗІМДІЛІГІ МЕН ДӘННІҢ САПАСЫНА            БАЙЛАНЫСТЫ РАПСТЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

Оқушының аты-жөні:  Абдималикова Арайлым    10 «Ә» сынып оқушысы

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының  «С. Керімбеков атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Секция:  Биология

Жоба жетекшісі: Бакирова Зухра Икрамхановна

Жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі

Ғылыми жетекшісі: Қазақ ЕӨШҒЗИ (Егіншілік және Өсімдік шаруашылығы Ғылыми Зерттеу Институты) аналитикалық лабораторияның АҒК,  биология ғылымының кандидаты       Д.А. Юсаева

Пікір жазушы:  Қазақ ЕӨШҒЗИ аналитикалық лабораторияның АҒК,                                                           биология ғылымының кандидаты       Д.А. Юсаева

Пікір:  Биология секциясы ұсынып отырған       Абдималикова Арайлымның                                «Суыққа төзімділігі мен дәнінің сапасына байланысты рапстың физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері» атты ғылыми жобасында оқушы алдына қойған мақсатына жету үшін көп ізденген.

Жобаның тақырыптық ерекшелігіне тоқтала отырып, рапс дәніндегі белок құрамы бойынша талдауында, сортар мен үлгілер өзара айырмашылығы бар екенін, сорттары мен коллекциялық үлгілерінің майдың құрамында эрук   қышқылының болу көрсеткіштерін талдап  көрсетті. Өзіндік зерттеулер арқылы ойын ашық жеткізе білген. Оқушының ізденісінде, ғылыми қорытындысында жаңалық бар.

Зерттеу жұмысының мақсаты: суыққа төзімділігі мен дән сапасына байланысты рапсты зертханада физиологиялық және биохимиялық әдістемелерін жетілдіру мүмкіндігін зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Рапстың сорттары мен коллекциялық үлгілерін дәніндегі белок қорын спектрлер компоненттерінің тіркеу жүйесін жасау үшін круцифериннің спектрлері бойынша үлгілерді біртектілеу;
  • Күздік рапстың коллекциялық үлгілерін суыққа төзімділігін зертханалық әдіс бойынша сынақтан өткізу, олардың өнімділігін анықтау;
  • Рапстың сорттары мен коллекциялық үлгілерін кешенді биохимиялық көрсеткіщтер бойынша бағалау (эрук қышқылы, белок және пролин деңгейі).

Жаңашылдығы:

  • Рапстың 16 сорттары мен коллекциялық үлгілерін белок қоры алынды 0-2009-2 Казахстан және 0-2009-1 Иран қүздік рапс коллекциялық үлгілерін суыққа төзімділігін анықтағанда  -6 °C температурасына төзімді екені байқалды.
  • Рапстың сорттары мен коллекциялық үлгілерінің майдың құрамында эрук қышқылының болу көрсеткіштері келесідей нәтиже көрсетті – жоғары  (6,7 % –  0-2009-1 Иран; 11,6 % – 0-2009-2 Казахстан ) және төмен (0,77 % – Шалқар, Сафия H – 401).
  • Рапс дәніндегі белок құрамы бойынша талдауында, сортар мен үлгілер өзара айырмашылығы бар екенін көрсетті. Белок мөлшерінің деңгейі 18,2%-дан 21,4% -ға дейін ауытқыса, ал дәндегі бос аминқышқылы            24,4 % – дан 121,8% – ға дейінгі аралықта  ауытқыды.
  • Зерттеу жұмысының маңыздылығы: Қазіргі таңда Қазақстандағы майлы дақылдарға аса назар аударылуда. Сондықтан, рапс селекциясы мен тұқымшаруашылығында физиологиялық-биохимиялық тестілерді қолдану таңдап алынған тақырыптың маңыздылығын көрсетеді.

 

10 «Ә» сынып оқушысы Абдималикова Арайлым  зерттеу жұмысын орындау кезінде алғырлығымен, білім мен ғылымға құштарлығымен көзге түсті.  Ізденісінде, ғылыми қорытындысында жаңалығы  бар.  Ғылыми зерттеу жұмысын әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі өте зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *