Садыр қамал тарихы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Түркістан обылысы Бәйдібек ауданы
Ж.Жүнісбеков жалпы орта мектебі
Тақырыбы: «Садыр қамал тарихы»

Бағыты: Қазақстанның тарихи өңірлері және
болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секциясы : Тарих
Орындаған: Асан Сырым
тарих пәнінің мұғалімі

Мазмұны
I. Кіріспе 2-бет
Зерттеу бөлімі:
I-тарау. XVIII ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдайының шиеленісуі және Жомарт батыр ұстанымы. 3-бет
I. а) Жомарт өскен орта. 3- бет
II. б) Жомарт батырдың Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі 4-7 бет

II-тарау. Садыр қамал туралы тарихи деректер. 8-бет
II. а) Садыр қамал туралы ауызша деректер 8 бет
II. б) Садыр қамал туралы жазбаша деректер 8-9 бет
Қорытынды 10-бет
Пайдаланылған әдебиеттер 11-бет
Пікір
Ғылыми-ізденіс жұмысының күнделігі
Қосымша материалдар
1

Кіріспе

Зерттеу тақырыбына арқау болған садыр қамал халыққа кеңінен танымал. Қазақ елінің мыңдаған жылдық тарихында басты орын алатын қазақ-жоңғар соғыстарына байланысты кезең туралы сөз қозғалған. Қазақ даласы елін-жерін қорғаған батыр бабалардың ерліктерімен аты шыққан өңір. Тарихымыздың аумалы –төкпелі кезеңінде найзасын қолға алып, орта жүз елінен шыққан, нақты айтқанда найманның садыр руынан шықан Жомарт туралы деректер жинап, қарияларымыздың айтқан аңыз-әңгімелерін жариялап, тереңірек мағлұмат берілген.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
1. Жомарт батыр қалмаққа қарсы соғыста садыр руының мың жасағын басқарғандығы туралы мәлімет беру.
2. Жомарт батырдың Үлкен тұрада орналасқан садыр қамалда жоңғарлармен болған соғыста көрсеткен ерлгі туралы тарихынның негізінен шындықтың барын таныстыру.
3.Үлкен тұрадағы садыр руының батыры Жомарттың шайқас жүргізген жердің садыр қамал аталуының себебін анықтау.
4. Өлкеміздің тарихи жер-су атауларының шығу тарихын анықтау.
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі – тарихта аты қалған жер-су атауларының тарихын жаңғырту.
Ғылыми-зерттеу жұмысының жаңалығы – Садыр қамалдың қазақ тарихындағы алатын орнының анықталуы
Зерттеудің барысы екі кезеңнен тұрады. Зерттеу бірінші кезеңінде
Садыр қамал туралы жергілікті көне-көз қария,ақсақалдармен әңгімелесіп пікірлерін тыңдау. Зерттеудің екінші кезеңінде Жомарт батырдың өмір жолы мен ерліктерінің қыр-сыры жүйеленді.
Зерттеудің әдістері:
Жинақтау
Талдау
Жүйелеу

2

I-тарау. XVII ғ Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайының шиеленісуі

1 Өскен орта
Жомарт батырдың өмірдегі жолы сан-салалы, салмақты болып келген.Жомарт батыр жасынан адамгершілігі мол, елінің намысын жоғары қойған, қарапайым, тұлға болған.Аңыз әңгімелер Жомарт батыр және «Садыр қамал» туралы деректер ел ішінеде кезінде кең таралғанымен, 1930 жылдағы көтерілістер , 1932-33 жылдағы ашаршылық, қудалау, оған қосылған, 1937-38 жылдардағы зобалаң бәрін астан-кестен қылып қазақ елінің басына қараңғылық төгілген уақытта адамдар басымен қайғы болып, қолжазбаны сақтауға мұршасы да болмаған. Алайда ел ішінде ағайын-туыстар ортасында еміс-еміс айтылып жүрген. Кейін бұл шежірені білетіндер қатары азайып, шежіре ұмытылған.
Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-Тұқианнан өзіме шейн» кітабында, жоңғар – ойраттарға қарсы қазақ қосындарының қиан кескі соғыс жүргізгенін білеміз. Бұл ұрыста садыр руының батыры Жомарт батыр аға батырлардай қомданып, жаудың әскерімен кескілескен ұрыс жүргізіп ерлікпен қаза тапқан.Жомарт қатысқан ұрыс болған өңір «Садыр қамал» аталған көрінеді. Аңыз ізімен жазылған шежіре Садыр қамал осылайша әңгімеленіп тарихта қалған. Біз енді мұрағат құжаттарымен сирек кездесетін кітаптардағы «Садыр қамал» туралы деректерді сөйлетіп көрелік.
Садыр қамалда болған соғыс «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»қырғыны 1723-1724 жылдарды қамтиды. Осы жерде ауызша әңгімелер негізінде жазылған Садыр қамалдағы қанды шайқас сол уақытты қамтиды.
Ел аузында бірде ру басшысы, енді бірде батыр атанған өз кезінде айтулы тұлғалардың бірі болған Жомарт батыр. Аңыз хикаялар бойынша ол Үлкен тұраның күнгей бетінде орналасқан кішігірім қамалда соғыс жүргізіп сол жерде қаза тапқан.
Бүгінде ол жерде,жан-жағы тастармен қоршалған қамалдың орнымен іздері қалған.Әлі күнге дейін жергілікті халық арасында сақталған аңыз, әңгімелерінде жауынгерлердің жан қиарлық ерлік істері, ел жадында сақталып, ауыздан- ауызға тараған.

3

2 Жомарт батырдың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
1219жылдар шамасында монғол қолы Қостұра өңіріне аяқ басты деп шамалауға негіз бар.Осы кезеңде Отырарға бағыталған монғолдар Қостұра арқылы Жетім тұраның шығысына таман шыңғыс асуы аталып кеткен жерге Үлкен тұраға жақындау орналасқан шағын қаланы (қазір Теректі әулие делінеді)бағындыру үшін азғана әскер қалдырды.Осы соғыс тарихына қатысты ел ішінде әлі күнге сақталған аңыз әңімелер аз емес.
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысы ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстардың жиілей түскен кезі екендігі тарихтан белгілі.Жоңғар қырғыны қазіргі аудан территориясын тұтас қамтығандығын байқаймыз.1718жылы көктемде жоңғар әскерлерінің Бөген,Шаян,Арыс,Боралдай өзендері жағалауларындағы, қазақтарды қатты қырғынға ұшыратқандығын айтады тарихи шежірелер.Жоңғарларға қарсы күрестер 1712-1723жылдар аралықтарында Шаян,Бөген өзендері бойында,Қаратаудың шығысындағы Күйік асуынан батыста Ақжойқын,Айғыржал таулары аралығын қамтыған шайқастар өткен.Қостұра тауының аралығындағы Садырқамал,Бөген өзені бойларындағы Тарақтықамал,Қаржасқамал,Ұзынбұлақ,Сарытау,Хорен,Сарыкемер шайқастары жергілікті халықтың жанқиярлық ерлігінің бүгінгі тарихи куәлері.
Атақты қолбасшылар,батырлар Бөгенбай,Тоғанас,Қойгелді,Саңырық, Есіркеп, Рысбек,Елшібектердің есімдері осы кезде шыққан еді.ХVII-XVIII ғасырларда қазақтың мемлекеттігін, тәуелсіздігін нығайтуға көптеген батырлар үлес қосты.Олар туралы небір тамаша дастандар,ерлік жырлары,хиссалар туғандығы белгілі.Сол жырларда оңтүстік өңірінің жер-су, адам атаулары жиі кездеседі.Кейбір эпостық жырлардағы оқиғарлардың осы өңірлерде өткендіктерін байқаймыз.Соның мысалының бірі-Қамбар батыр жыры.Ел аузындағы сақталған аңыздарға қарасақ,Қамбар батырдың ауылы қазіргі Алғабас ауыл әкімшілігіне қарасты Үсіктас-Қарасу болса,қыз Назымның ауылы-Созақ аудандағы Қызылкөлдің жағасы.Жоңғар шапқыншылығынан кейін де бұл өңірде тыныштық орнай қойған жоқ.
Бұдан сан ғасырлар бұрын батыр бабасы Бәйдібек, «Бақтиярлап» ұрандап,ел көтеріп жауға қарсы атанған жорық жолын,енді оны жаңа ұрпағы жалғастырады.Ел мен жер үшін сондай жанталас шайқастар 1710,1712,1718жылдары әйгілі «Ақтабанның» қарсаңында осы Қаратау өлкесінде,Бөген,Шаян,Қошқарата,Боралдай өзендері тарабында өткен.
Сол 1718жылдың ерте көктөмінде Түркістанға бет алған хан Хореннің қарақұрым қолына қарсы ашық майданға шықан Ысты,Ошақты,Сіргелеінің Тоғанас,Есіркеп батырлары мен бірге Кіші жүз Есет батыр бастаған жасақтары
4
Үлкен Шаян шатқалында бір түмен Құба қалмақпен алты күн арыстанша айқасып,он есе басым жауды ойсырата қырып,өздеріде түгелге жуық шейіт болған.Көне тарихтың сарғайған сараң беттері «Бұл соғыста қазақтар жеңілді» -дейді,әйтседе, өздері өлседе рухтары өлмей,туған ел,қасиетті жер-ана бауырында қалған ерлердің асқақ аруағы, мәңгілік мәртебесі қашанда биік.
Жомарт батыр бастаған Садыр руының жорығы туралы әңгімені қазіргі таңда Қостұра тауының етегінде орналасқан,елді мекендер аңыз қылып айтады.
Бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама»замандағы,тауық жылы көктемде Қаратаудағы Қостұраның батыс жағындағы алқапқа Жолбарыс ханның әскері орналасқан болатын.Одан әрі Ақтас төңірегінде қалмақтар жатыр еді.Олар мұндағы ыстылармен ошақтыларды аямай қырып, ұрып өтін соғып сөлін алуда.Бұл қалмақтарды Қоржық басқарады десті.Қалмақтармен ұрысты Қаратаудағы Ұзынбұлақтың Бөгенге құяр жеріндегі өзеннің сол қанатында жүргізетін болып бекінген.Жетісу,Талас жерін басып,Қаратау асуларынан асып,жойқын шабуылдап келе жатқан қалың жаудан хабар алған қазақ ауылдары үдере көтеріліп,Қосдария жағына шұбара көшкенде Арыс,Боралдай бойын жайлаған Найманның Садыр руының батыры Жомарт жауды ауыл әулетімен осында көктеу қонысында қарсы алыпты.Жау жасағына қаруланып қарсы тұрған батыр ауылы күші әлдеқайда басым жаудан қорғанып,Теректі бұлағын өрлеп Ұлкен тұра шыңына бекініпті.Батыр ауылы жау қоршауында қалып,түгелдей мерт болып,жаңа туған нәрестесімен бір жас келін тасада аман қалған екен.Садыр руының ауылы мерт болған орынды ел-жұрт «Садыр қамалған» жер деп атаған.Боралдай өзенінің Үшаша атты қосылысының жанында Садырмүрде,Садырсай,Садыр қамалған,деген жерлер бар.Садырмүрде де Садыр руы адамдарының зираты орналасқан.Осы аймақтарда аман қалған 40 мың үйден 15 мың шаңырағы шұбырып Әндіжан жеріне өтіп кетеді. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қазақ халқының алдында өзінің болашағы туралы өзекті мәселе тұрды. Жоңғарлар 1723 жылы қазақ жеріне 70-80 мың әскермен, жеті бағытта шабуыл жасаған болатын. Патша үкіметінің жансызы Д.Гладышев жоңғарларда түйемен тасып жүретін үш мың зеңбірек барын жазды. Жоңғар әскерінде 400-ге жуық орыс офицерлері мен солдаттары болды. Оның үстіне 1723 жылы қазақ жерінде күшті жұт болды. Қазақтар оны «Қайың сауған ақ тышқан жылы» дейді. Жұттан әлсіреген қазақ ауылдарына шабуыл жасау уақытын жоңғарлар дәл таңдап алған болатын.1723 жылғы қасіретті оқиға салдарынан сол кездегі қазақ халқының тең жартысына жуығының қырылуы халықты есеңгіретіп қана қойған жоқ, қатты ойландырды да. Жұртшылық елдің елдігін сақтау үшін бірігу қажет екенін түсінді.
5
Ел билеген хандар да, оларға ақылшы бола білген билер де осындай түйінге келді. Қиын-қыстау заманда халық арасынан елі мен жерін қорғайтын батырларын шығарды. Бұл туралы Бұқар жыраудың толғауында: «Өңкей батыр жиысты, Абылай салды жарлықты», – деп көрсетеді. Шоқан Уәлихановтың «ХVІІІ ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» атты еңбегінде Малайсары, Баян, Байқозы, Оразымбет, Баянбай, Елшібек, Есет, Жаулыбай, Томаша, Үсен, Алтай сияқты батырлардың есімдері аталады. 1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730 жылы біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билер (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызады. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан өліп, оның ұлы Қалдан Серен (Цэрен) билікке келген (1727). 1723 жылдан бастап еліміздің Шығысы мен Жетісуды, Оңтүстігін, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді басып алған жоңғарлар енді қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хан тауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталады) жиналды. Бұл таулардың бауырында “Үлкен Орда қонған” деген жер атаулары күні бүгінге дейін сақталған. Шайқас солтүстік Балқаш, оңтүстік Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы беделді жерлерде өткендігін бұл өңірде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Бұл қорымдар КСРО Бас штабының 1942 жылғы құпия карталарында көрсетілген. Аңырақай аталатын да – осы өңір. Шамамен көктемде басталып, жаз айларына ұласқан (40-45 күн) майданда біртіндеп басым түсе бастаған қазақтар Ит ішпестің Алакөлі (Балқаштың шығысындағы Алакөл емес) маңында ірі жеңіске жеткен. Балқаштан оңтүстікке қарай 120ш. жердегі бұл көл қазір Сорқұдық деп аталады. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр жүзеге асырды. Аңырақай шайқасы алғашқыда позициялық, күштерді барлау соғысы болды. Екі жақ та өңірдің таулы, жыралы бедерлерін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, жауын аз шығынмен көп қыруға тырысып бақты. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. Мылтықпен бірге өздерінде құйылған, Ресейден сатып алынған әр түрлі қашықтыққа атқылайтын зеңбіректері де болды.
6
Қазақтар бұл кезде зеңбірекке қарсы ұрыс тәсілдерін меңгергендігін байқатты. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. “Ай қорланды”, “Құйрық жеу”, “Ашамай”, т.б. қазақтың байырғы ұрыс-тәсілдерін кеңінен қолданды. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, бұл қолдың құрамындағы дулат тайпасының әр руының қолын: сиқым Қара батыр (Төле бидің күйеу баласы), жаныс Өтеген, ботбай Сәмен, шымыр Қойгелді, ошақтыларды Саңырық, ыстыны Төлек, шапыраштыны Қазыбек бек, албандарды Хангелді батырлар бастады. Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, қыпшақ Тілеулі, қаракерей Қабанбай, абақ керей Жауғашар (Шақантай), кіші жүз қолын тама Есет, шекті Тайлақ, т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Кейбір деректерде болашақ ұлы хан шамамен 17-20 жасар Әбілмансұрдың (Абылайдың) жауға “Абылайлап” шапқаны осы шайқас деп көрсетіледі, сіргелі Елшібек батырдың өз тобымен жау зеңбіректерін жарып жібергендігі айтылады. Сонымен Аңырақай шайқасының тарихтағы алатын орны мен атқарған маңызын 1723-1728 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынастарының сипатынан көреміз. 1723 жылы көктемдегі жоңғарлардың тосыннан жасаған соққысы қазақтар үшін аса ауыр болған. ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынастары шеңберіндегі жорықтар, негізінен, тонаушылық, олжа түсіру сипатында болса, 1723 жылғы жорық басқыншылық сипатта, яғни қазақ халқының этникалық территориясын жаулап алу сипатында өрбиді. Аңырақай шайқасының маңыздылығы да осында. Қазақтардан тегеурінді қарсылық кездестірмеген жоңғар әскерлері 1723-1725 жылдары Ұлы жүзді, Орта жүздің бірталай бөлігін жаулап алды. Осы бір 3-4 жыл ішіндегі оқиғалардың өте ауыр болғандығы сондай – халықтың тарихи санасында бұл “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген атпен, “Елім-ай” деген әрбір сөзінен мұң мен зар шығып тұрған өлең арқылы есте қалады. Сөйтіп аталған шайқастан соң қазақ-жоңғар қатынасында жаңа кезең басталады да, ол кезең басқа белгілермен, өзгеше ерекшеліктермен сипатталды. Осылайша, Аңырақай шайқасы – 1723-1729 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынасының бір кезеңінде түбегейлі бетбұрыс әкелген және туған жерді жау қолынан азат етуге жол ашқан Ұлы жеңіс болды. т
Ендеше Аңырақай шайқасы – қазақ тарихында, оның ішінде ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынасы тарихында түбегейлі бетбұрыс әкелген, елді азат етуге жол ашқан Ұлы Жеңіс болды. Сонымен бірге бұл оқиға – ұлттық тұтастықты сақтап қалған, ұлттық сана-сезімді бір саты жоғары көтерген, қазақ әскери өнері жетістігінің, қазақ ынтымағының көрінісі болған, тағылымды тарихи тұжырымдамаларға негіз қалайтын, қазақ халқына тәрбие құралы болған және бола беретін шайқас деп санаймыз.
7

II-тарау. Садыр қамал туралы тарихи деректер.

1. Садыр қамал туралы ауызша деректер

Ел аузында мынадай аңыз бар. Бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама»замандағы,тауық жылы көктемде Қаратаудағы Қостұраның батыс жағындағы алқапқа Жолбарыс ханның әскері орналасқан болатын.Одан әрі Ақтас төңірегінде қалмақтар жатыр.Олар мұндағы ыстылармен ошақтыларды аямай қырып, ұрып өтін соғып сөлін алуда.Бұл қалмақтарды Қоржық басқарады десті.Қалмақтармен ұрысты Қаратаудағы Ұзынбұлақтың Бөгенге құяр жеріндегі өзеннің сол қанатында жүргізетін болып бекінген.Жетісу,Талас жерін басып,Қаратау асуларынан асып,жойқын шабуылдап келе жатқан қалың жаудан хабар алған қазақ ауылдары үдере көтеріліп,Қос дария жағына шұбара көшкенде Арыс,Боралдай бойын жайлаған Найманның Садыр руының батыры Жомарт жауды ауыл әулетімен осында көктеу қонысында қарсы алыпты.Жау жасағына қаруланып қарсы тұрған батыр ауылы күші әлдеқайда басым жаудан қорғанып,Теректі бұлағын өрлеп Ұлкен тұра шыңына бекініпті.Батыр ауылы жау қоршауында қалып,түгелдей мерт болып,жаңа туған нәрестесімен бір жас келін тасада аман қалған екен.Садыр руының ауылы мерт болған орынды ел-жұрт «Садыр қамалған» жер деп атаған.
Біреуден біреуге жеткен бұл әңгімені аңыз десек те әруақты бабалардың құдіретіне шек келтіріп болмас және шындық оқиға деп бағаламасқа лажы да жоқ.Бабамыздың өзгеден ерекше осындай қасиеттері ел аузында әлі күнге дейін жыр боп айтылуда.

2.Садыр қамал туралы жазба деректер
Қазақ елінің мыңдаған жылдық тарихында басты орын алатын негізгі проблемалық мәселелердің бірі де, бірегейі де қазақ-жоңғар соғыстарына байланысты. Олай дейтініміз аса құнды ғылыми тақырып бола тұра, ол кезең жай ғана тарихи оқиғалардың қатарында бағаланып келгені ешкімге құпия емес. Тәуелсіздігіміздің таңы атқаннан кейін ғана мәселеге шындап бет бұра бастадық.
Тарихымыздың осы бір аумалы-төкпелі кезеңінде ақ найзасын қолға алып, арғымақ мінген батырлардың бірі, әрі биі,

8
Орта жүз елінен шыққан нақтылап айтсақ,Найманның Садыр руынан шықан Жомарт батыр туралы, әдеби материалдар тапшы.
Барының өзі мардымсыз және мәселеге ынталы аз ғана қауымның арасынан ұзап шықпаған. Оның үстіне Жомарт есімін қасиетті бойтұмардай сақтап, айтудан жалықпайтын қарияларымыздың қатары да селдіреп қалғандықтан қазіргі жас қауым бабаларының есімін де білмейді десек артық айтқандық емес.
Тарихи дерекке сүйенер болсақ Жомарт батыр ХVIIIғасырдың бас кезінде Садыр қамалда болған соғыс «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»қырғыны 1723-1724 жылдарды қамтиды. Жау жасағына қаруланып қарсы тұрған батыр ауылы күші әлдеқайда басым жаудан қорғанып,Теректі бұлағын өрлеп Ұлкен тұра шыңына бекініпті.Батыр ауылы жау қоршауында қалып, Садыр руының ауылы мерт болған орынды ел-жұрт Садыр қамалған жер деп атаған.
Қаратауға жалғасқан Қостұра, «Тұра» аталуы бұл аймақты жүз жылдай жайлаған ойраттардың сөзі,мағынасы «қамал» дегенді білдіреді.Тұраның қазақы атауы «Сеңгір» болған, сол аимақты мекен еткен ойраттардан қалған «Байқалмақ» деп аталатын жерде ойраттардың бай бағландары қоныстанған деседі.

9

Қорытынды
Жалпы, Жомарт батыр тұспалдай сөйлеп, ыммен айтатын ишараны тез түсінетін, шындық сөзді тынбай айтатын кісі болыпты. Аумалы төкпелі заманда«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»уақытында Садыр руының жасаған ерліктері мәңгі ел жадында сақталады. Біздің замандастарымыз үшін беймәлім болып қалуға айналған Садыр қамал аз-кем дерек, әңгімелердің осылайша қағаз бетіне түскенін мақұл көрдік. Бұлай жасамасақ, енді бір ұрпақ жаңарғанда тіпті бұл мәліметтерден айырылып қаларымыз ақиқат.Қазіргі ел арасын жалғап жатқан қасқайған қара жолдан аз кем шығып айналаға көз жіберген жолаушы Шыбықбел мен Мұзбелдің жотасында Хоренмен Сарытаудың биігінде,Үсіктас пен Езендінің адырында,Жамантаспен Шоқанның асуында,Тарақты мен Садырдың тау қамалында,Құба қалмақпен арыстанша айқасып он есе басым жауды оисырата қырып өздеріде түгелдей жуық шейт болған.Әйтседе өздері өлседе рухы өлмей туған ел, қасиетті жер ананың бауырында қалған ерлердің асқақ аруағы мәңгілік мәртебесі қашанда биік.
Түйін
Қазақ тарихында азаттық жорықтардың алғашқы ақ таңы болған Бұлантыдағы ірі жеңіс ерекше орында тұр.Оның ел санасынан мәңгі өшпейтін ізі бар.Ол анығында «Жүз жылдық жосын,қырық жылдық қырғын» деп бабаларымыз бейнелеп айтып кеткен қазақ-жоңғар арасында өткен соғыс Ұлы отан соғысында қазақтың ұлт ретінде өмір сүруі немесе жер бетінен жойылу тағдыры таразы басына қойылған аса қатерлі кезеңде халықтың жүрегіне үміттің өшпейтін отын жаққан жорық жолының басы еді.
Бүгінгі тарихшылар қазақ жасақтарының Бұлантыдағы жеңісін екінші әлемдік соғыстағы Сталинград шайқасына ұқсастығын айтады.Осы ұқсастық ғаламдық, ауқымдық жағынан салыстыруға келмесе де, тағдырдың тәлімі, тарихи маңызы жағынан ерекше ұқсастығы бар екені даусыз.Екінші ғаламдық соғыста жеңістің таңы Сталинградта саз берген болса,қазақтың ұшан-теңіз елі мен жерін Жоңғар басқыншыларынан тазарудың жеңісті жорығы Бұлантыдан басталғаны ақиқат.

Ұсыныс
Халық арасынан Садыр қамал туралы тың деректерді жинақтап, оны аудандық, облыстық баспасөз беттеріне жарияланса.

10

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Түп-Тұқианнан өзіме шейн кітабында» авторы Шапырашты Қазыбек бек Тауаса ұлының.
«Бәйдібек» авторы Еркінбек Тұрысов.
Қазақстан тарихы. 11 сынып. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт. Алматы «Мектеп» 2007 ж.
«Екі ғасыр тынысы» редактор-Бағдат Ерболғанұлы Қалаубай.
«Тарақты қамал» авторы Дәулет Мақұлов.
«Ауыл ақсақалдарының ауызша шежіресі».
«Қазақстанның энциклопедиясы» 2том
«Есіркеп батыр» авторы Бағдат Қалаубай
Абдіманап Шұғыла «Ауыл абыздары» болашақта. 125-бет.

11

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *