«Дәрумендермен достасайық».
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту».
Тақырыбы: «Дәрумендермен достасайық».
Мақсаты: Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой – өрісін тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Балалардың бойына адамгершілік қасиетттерді сіңіру. Баланың ой қиялын, зейінін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын жетілдіру. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: көкөністер, жемістердің суреттері,слайд,бейнеролик, көкөністер мен жемістердің муляждары,көкөністер мен жемістердің түрлері т.б.
Әдіс – тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру. Дәрумендердің келуі. Жұмбақтар шешу, жаттау айту;
1.Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Негізгі бөлім.
-Балалар бүгін мен сендерді «АВС» мейрамханасына қонаққа шақырамын.Бұл мейрамхананың жасайтын тағамдары адамның ағсасына ғана емес,адамға жақсы білім беруге пайдасы өте көп.Ендеше орнымызға отырайық.
– Балалар, осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді бастаймыз. Бүгінгі жаңа ұйымдастырылған іс-әрекетімізде дәрумендердің денсаулығымызға деген пайдасын білетін боламыз.
-Олай болса бейнероликке назар аударайық.
Ендеше балалар дәрумендер туралы көптеген мағлұмат алу үшін балабақша медбикесі Қалиева Гүлжан апайымызды қонаққа шақырамыз.
Медбике қонақта.
-Сәлеметсізбе Гүлжан Рахманқызы.Сіз енді маман ретінде қандай кеңес бересіз?
Гүлжан апай: Дәрумендер – дегеніміз не? Орысшасы қалай аталады? Дәрумен – Витамин. Дұрыс айтасыңдар, адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам ағзасына әртүрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет.Сондықтан да біздің балабақшамызда 3 мезгіл тамақ уақтылы беріледі.Сонымен қатар сауықтыру шарасы ретінде шырын немесе жемістер де беріледі.Деніміз сау,сабағымызды жақсы оқу үшін әрдайым дұрыс тамақтанғанымыз жөн.Менің айтқандарымды естерімізден шығармайық.Қош сау болыңыздар!
-Гүлжан Рахманқызы сізге көп рахмет!Біздің балалар енді дәруменге бай тамақтарды көп жейтін болады.Сау болыңыз!
2.Ғажайып сәт:
Сахна артынан Күз ханшайымы шығады.
-Сәлеметсіңдер ме, достар! Менің патшалығыма қош келдіңдер! Мен Күз ханшайымымын. Мұнда көптеген қызықтар көріп, ойын ойнайсыңдар, табиғи дәрумендерден дәм татасыңдар! Дайынсыңдар ма?Олай болса мен өзіммен бірге шырынсыққышымды ала келдім.Сендер қандай шырынды жақсы көресіңдер балалар?
-Олай болса алма шырынынан дәм татайық.
-Ал енді балалар менің кететін уақытым болды.Сендер әрқашан дәрумендер жеп,шырынды ішіп жүріңдер.Қош сау болыңдар!
-Балалар сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.
3.Дидактикалық ойын: «Дәмін тап».
Ойын шарты: педагог жемістер мен көкөністерді кесіп, алдын ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек.
Біздің күнделікті ішіп жүрген тамағымыз жайлы Қ.Арайлым тақпақ айтып береді.
Тамақты ішсең күнде сен,
Белгілі бір мезгілде,
Таңертең, түс, түстен соң,
Жатар алды кезінде,
Біз тамақты күніне неше мезгіл ішуіміз керек екен? Төрт мезгіл. Таңертең, түс, түстен соң және де жатар алды кезінде. Дұрыс.
Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар. Сол дәрумендердің бірнешеуін қонаққа шақырып қойдым. (Осы кезде есік қағылып дәрумендер қонаққа келеді).
4.Дәрумендер қонақта.
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе, дәрумендер!
Мен «А» дәруменімін. Мен асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, сендер күнде ішіп жүрген айранда боламын. Мені күнде өз тағамдарында қолданған балалардың көздері жақсы көретін болады. Бойларына күш қуат беремін. (Айнаш)
Ал мен, «В» дәруменімін. Мен балықта, картопта, асбұршақта, сиыр етінде, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын. «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады. (Салтанат)
Мен «Д» дәруменімін. Мен жұмыртқада, балықтың майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта боламын. Мені қолданған баланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де, сүйектерін мықты болып өседі. (Ұштап)
Мен «С» дәруменімін. Мен орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта боламын. Мені жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Балалар, біз сендерге өте қажетпіз. Денсаулықтарың мықты болып өсу үшін бізбен дос болыңдар. (Райгүл)
Дәрумендер бәрі бірге айтады: сендер біз туралы не білесіңдер?
Біздің балалар жеміс-жидек,көкөністер туралы тақпақ біледі.
Балалардың тақпақтары:
Б.Айару: Қарыс-қарыс бойлары,
Жазда өсер бақшада .
Дидар: Болса да ащы
Дәмді етер асты.
Өседі ол жерге,
Тығып алып басты.
Раяна: Дәрі дейді қабығын,
Қабығын да аршыдым.
Дәмі қандай бал шырын,
Екінші аты бар оның.
Арнұр: Көкөніс бұл қалаулы,
Жасамас онсыз палауды.
Жарайсыңдар, балалар! Сендердің өнерлі балалар екенсіңдер.Сендер дәрумен туралы толық мәлімет алдыңыздар деп ойлаймыз.Біз сендермен қоштасамыз.Қош сау болыңыздар!
-Балалар енді мен сендермен қызықты ойын ойнағым келіп тұр.Ойынның аты «Жауабын тап» деп аталады .Ойынның шарты:Мен сендерге жұмбақ жасырамын ,ал сендер алдарыңда тұрған жеміс-жидектердің суретін көрсетесіңдер.
Жұмбақ шешу.
1.Бұйра шашы желменен ойнап тұрады,
Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады. (Сәбіз).
2.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз).
3.Қып-қызыл маржан,
Жарса қан тамған,
Пісіп тұр бұтақты ие,
Ол не? (Шие)
4.Көк лағым көгенде тұрып семірген.(Қарбыз)
4.Сергіту сәті.
Қане барлығымыз денемізді қыздырып, сергіту жаттығуымызды жасайық.
Видеоролик.
5.Сиқырлы көрме.
-Ал енді балалар біз ата-алармен бірігіп сурет салған едік.Сол суреттермен көрме ұйымдастырдық.Барлығымыз көрмеге назар аударайық.Ең жақсы салынған суретті айта кетейік.
Қорытынды.
Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.
-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Бүгінгі «АВС» мейрамханасында татқан дәмдеріміз,алған білімдеріміз бойымызға жақсы дарысын деп тілек айтамын.
5.Балалардың еңбектерін бағалап, мадақтау.
Келген қонақтармен үш тілде қоштасып, баларға күзгі сый ұсынады.
Осымен біздің сабағымыз аяқталды.Сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.Сендерге сыйым бар соны табыс етемін.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Дәрумендердің адам ағзасына пайдасын, олардың қандай тағамдарда болатынын білуі керек.
Болуы керек: Қызығушылығы, зейіні, сөздік қорларының көбеюі.
Қолынан келуі: Тапқырлығы, ұйымшылдығы, шеберлігін шыңдауы.