Қазақ тілі пәнінен 8 сынып сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар

Құндылықтар: 5.Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Сабақ: 2-бөлім. Сауда жасай білесің бе?

3-бөлімше. Сауда жасаймын

Мектеп: КММ «№80 ЖББМ»
Күні: 08.06.18 Мұғалімнің аты-жөні: Ергазинова Жаркинай Алтынбековна
СЫНЫП: 8 (Т2) Қатысқандар: 15 Қатыспағандар: 0
Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардың  композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс – әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;

Сабақ мақсаттары:

(Бағалау критерийі)

Барлық оқушылар орындай алады:
Оқиды, түсінеді, сұрақтарға жауап береді
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тақырыптың идеясын ашады, ойын еркін жеткізе алады, шағын эссе  жаза алады

Өз ойын еркін жеткізеді, тақырыптың негізгі идеясын анықтай алады, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді
Кейбір оқушылар орындай алады:
Сөйлем жүйелілігін сақтап, көркем  әдебиеттен үзінділерді қолдана отырып, эссе жаза алады
Тілдік мақсат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар орындай алады:

Шығарманың композициялық құрылымын анықтап, кейіпкерлердің іс – әрекетіне баға береді. Тақырыпқа байланысты мәселенің оңтайлы шешімін таба алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

айналым, таға, табыс, сапа, сатылым, сауда- саттық, жалқаулық, қолма – қол, саудалау

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Орталыққа барамын, сатып аламын, бағасына қараймын, сапасына қараймын, саудаласамын, ұнаса аламын;
Талқылауға арналған сұрақтар:Сауда жасау адам өмірінде маңызды ма?
Не себепті ……деп ойлайсыз? 
ишара:ыммен, қолмен, көзбен көрсеттім.
Алдыңғы оқу: Досыма сыйлық таңдаймын  (8.1.4.1; 8.2.2.1)
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған  жаттығу түрлері Ресурстар
 

 

 

 

 

Басы

8 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы             24 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы 8минут

Сәлемдесу, психологиялық ахуалды  қалыптастыру

Ұ

Психологиялық  ахуалды қалыптастыру мақсатында «Атомдар мен молекулалар» әдісін»(әдістің қалыптастыратын дағдылары: қызығушылықты оятады)  аламын. Білім алушылар ойнай жүріп, топқа бөлінеді.

Ж

Бағалау критерийі:

1.Сұрақтарға жауап бере алады.

2.Өз ойын еркін жеткізе алады.

3.Синоним сөздерді қолдана алады.

1-тапсырма.   «Сұрақтар шеңбері» әдісі (әдістің қалыптастыратын дағдылары: шапшаңдыққа, сұраққа нақты жауап беруге дағдыландырады)  арқылы  өткен сабақты пысықтаймын.

1.Сыйлықты қалай таңдау керек?

………………………………………………….

2. Сен үшін сыйлықтың бағасы маңызды ма, жоқ әлде сапасы ма?

………………………………………………………………………………

3. Өзің қандай сыйлықтар алғың келеді?

………………………………………………………….

4. Досыңның туған күніне қандай сыйлық алдың? Неге?

…………………………………………………………………………………..

5. Көбіне сыйлықты кімге аласың?

…………………………………………………

6. Сыйлықты қандай мерекелерде берген дұрыс деп ойлайсың?

………………………………………………………………………………..

Дескриптор:

— Сұрақтарға жауап берді;

-Өз ойын еркін жеткізді;

-Синоним сөздерді қолданды;

Қалыптастырушы бағалау: «Б.Б.Б» әдісі (әдістің қалыптастыратын дағдылары: өзіне деген сенімділігі артады, олқылықты анықтайды) арқылы бағалаймын.

Кері байланыс: Ауызша кері байланыс беріледі.

-Қандай сұраққа жауап беру қиын болды?

………………………………………………………………

-Жарайсыңдар, балалар, енді тақтаға назар аударамыз. (белсенді тақтадан тақырыпқа байланысты суреттер көрсетіледі)

Т

Мағынаны тану. Тақырыпты суреттер арқылы болжату үшін  «Бір минуттық әңгіме» әдісін (әдістің қалыптастыратын дағдылары: бір – бірімен еркін пікір алмасады, ой бөліседі)   қолданамын.

 

-Жақсы, суреттер бойынша өз пікірлеріңді білдірдіңдер.

-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырыбымыз қандай?

(оқушылардың жауабы тыңдалады)

-Бәрекелді! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Сауда жасаймын». Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

-Балалар, енді жаңа сөздермен танысып алайық.

Т

Бағалау критерийі:

1.Жаңа сөздердің мағынасын ашады.

2.Сөдерді анықтамасымен сәйкестендіреді.

2-тапсырма.  «Джигсо карточкалары»(әдістің қалыптастыратын дағдылары: өзіне деген сенімділігі артады) әдісі арқылы мәтіналды жұмыс жүргізіледі. Білім алушылар сөздерді анықтамаларымен сәйкестендіреді.

Жаңа сөздер: айналым, таға, табыс, сапа, сатылым, сауда- саттық, жалқаулық, қолма – қол, саудалау

Дескриптор:

-Жаңа сөздердің мағынасын ашты;

-Сөдерді анықтамасымен сәйкестендірді;

Қалыптастырушы бағалау: «Көңіл – күй смайликтері» әдісімен бағалаймын.

Кері байланыс:

-Сен жетістіктерге жетудесің!

-Нақтылық жетіспейді!

-Сен мұны бұдан да жақсы жасай аласың!

Бағалау критерийі:

1.Мәтінді түсініп оқиды.

2.Негізгі идеяны табады.

3.Тірек сөйлемдерді табады.

4.Кейіпкерлерге сипаттама береді.

Т

3- тапсырма.

 «Кейс стади» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жүргізіледі.

                         «Әке мен бала»

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

-Анау тағаны, балам, ала жүр.

Бала әкесіне:

-Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен. Соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір – бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым – ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма – жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраздан соң тағы бір шие, сөйтіп, әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

-Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң-көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең-көптен құр қаласың, — деді. (180 сөз)

Дескриптор:

-Мәтінді түсініп оқыды;

-Негізгі идеяны тапты;

-Тірек сөйлемдерді тауып, кейіпкерлерге сипаттама берді;

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргіземін.

Кері байланыс: «АВС»әдісі бойынша жүргізіледі.

 

Бағалау критерийі:

1.Оқиға желісін  сызбаға түсіреді.

2.Композициялық  құрылымын анықтайды.

3.Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді.

Т

4- тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісін пайдаланып, әңгіменің  композициялық құрылымын анықтатамын. Бұл әдіс білім алушыны  оқиға  желісі бойынша әңгімелеуге және шығарманың құрылымын анықтауға дағдыландырады.

Басталуы: Әкесі мен баласының егін даласында келе жатып, ескі тағаны көруі

Байланысуы: Ұсталар мен сатушыларды көруі

Шиеленісуі: Тағаны ұсташыларға сатып, ақшасына шие сатып алуы

Шарықтау шегі: Әкесінің баласына қарамай, шиені өзі жегені

Шешімі:Аз жұмысты қиынсынған, көп жұмысқа тап болады.

Дескрипторлар:

-Оқиға желісін сызбаға түсірді;

-Композициялық құрылымын анықтады;

-Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалады;

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен  бағалаймын.

Кері байланыс: «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі арқылы жүзеге асады.

Ж

Бағалау критерийі:

1.Эссе көлемі 50-60 сөзді құрауы керек.

2.Берілген сөз тіркестерін қолдану керек.

3.Сөйлем жүйелілігі сақталу керек.

5- тапсырма. «Еркін әңгіме» әдісі арқылы  эссе жазу.

-Балалар, енді осы алған білімімізді қорыту үшін «Сауда жасаймын» тақырыбына шағын эссе жазамыз.

Ол үшін  білім алушыларға  көмек болатындай сөз тіркестері беремін.

Орталыққа барамын, сатып аламын, бағасына қараймын, сапасына қараймын, саудаласамын, ұнаса аламын;

Дескриптор:

-Эссе көлемін талапқа сай жазды;

-Берілген сөз тіркестерін қолданды;

-Эссе құрылымында жүйелілік сақталған;

Қалыптастырушы бағалау:  «Стикердегі диалог» әдісі бойынша жұпта бірін – бірі бағалайды.

Кері байланыс:  «Жалғасын тап» әдісі арқылы жүргізіледі.

«Маған  қиын болған бір нәрсе……….»

«Мен үшін қызық болған екі нәрсе………»

«Есте сақтау керек үш нәрсе……»

Рефлексия:  «Ашық микрофон» әдісі бойынша білім алушылар сабақтан алған әсерімен бөліседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://tengrinews.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы.Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://ds04.infourok.ru/

 

 

 

 

 

 

 

Сызбаларды қолданады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://ds04.infourok.ru/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

 

Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).
3- тапсырма. «Кейс стади» әдісі арқылы мәтіннің негізгі идеясын, тірек сөйлемдерді табуда, кейіпкерге сипаттама беру мақсатында  мақсат бойынша саралауды алдым. Бұл жерде қабілеті жоғары оқушылар мәтінді өз бетінше оқып, мұғалімнің көмегінсіз жұмысты орындады. Орташа деңгейдегі оқушыларға мәтін желісінде суреттер берілді. Көмек қажет ететін оқушыларға  тапсырманы орындауға жетектейтін сөз тіркестері берілді.

5- тапсырма. «Еркін әңгіме» әдісін қолдана отырып, (нәтиже немесе жауап бойынша саралау) оқушыларға бірдей тапсырма ұсынып, түрлі деңгейде жауап алдым. Ол үшін  қабілеті жоғары оқушыларға  көркем әдебиеттен үзінді келтіре отырып жазуды ұсынсам, орта деңгейдегі оқушыларға  сабақта қолданған сөз тіркестерін тиімді пайдалануды көздедім, көмек қажет ететін оқушыларға  дайын сөз тіркестерін ұсындым.

Уақытты тиімді пайдалану үшін сабақтағы жылдамдық (темп) бойынша саралауды ,мен, сабағымның өн бойында қолдандым.

Қалыптастырушы бағалауға қолданған әдістер:

«Көңіл – күй смайликтері»

«Б.Б.Б»,

«Бағдаршам»,

«Екі жұлдыз, бір тілек»,   

«Стикердегі диалог» әдістері бойынша бағалаймын.

 

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының 5 құндылығы:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Тарих, әдебиет

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

 

Қорытынды бағалау

 

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

 

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

 

2:

 

 

 

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

 

2:

Мақсат бойынша саралау

Сыртқы саалау барысында белгілі бір мақсатқа сайтүзеті, жетілдіру, педагогикалық қолдау көрсету шаралары, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс, қосымша шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту, мамандықты игеру немесе жоғару оқу орындарына дайындық жұмыстары жүзеге асырылады.

Нәтиже немесе жауап бойынша саралау

Тәжірибеде саралаудың бұл түрі кеңінен қолданылады. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Топтағы барлық білім алушыны ынталандыру шаралары да ортақ, бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.

Сабақтағы жылдамдық (темп) бойынша саралау

Кейбір оқушылар ақпаратты баяу қабылдайды, басқалардың қабылдау жылдамдығы өте жоғары болады. сабақты жоспарлау барысында қанша тапсырма ұсынылатындығы және оларды орындау жылдамдығы ескерілуі шарт. Қабілетті білім алушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін  — тапсырманы шұғыл және жоғары жылдамдықта орындау маңызды.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *