Білікті педагог — дарынды бала

Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең көкейтесті мәселе болып табылады. Бала дарындылығын дамыту жүйесі мұқият ойластырылуы, шынайы дараланып және оны жүзеге асыру қолайлы жас кезеңдеріне сай болуы тиіс. Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық шақ болып табылады. Мектепке дейінгі жастың ерешеліктері қиялдау, шығармашылықпен елестету, стандарттан тыс ойлай білу болса, мұнан басқа айрықша сезімталдығы, айналасына сергектікпен қарайтындығы анық байқалады. Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңының 5 — тарауындағы 41 — баптың 1 — бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым — қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы балалардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.

Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілеті дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше іс болып табылады. Дарынды оқушымен жүмыс істейтін әрбір мүғалімнің көкейінде мынадай сан қилы сұрактар тұрары сөзсіз. «Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не? Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылык па, әлде тәрбие ме?», «Оқушы дарындылығын, оның әлеуметті қабілетін қалай анықтауға болады?», «Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық эдістемелердің қайсысы нәтижелірек, қайсысы тиімдірек?», «Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гауе, Гете, Архимед, т.с.с.) қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі (Ньютон, Гегель Дарвин, Менделеев, Декарт, т.б.) ересек жаста пайда болады?». Осы сұрақтарға талмай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жүмыс жасай алмақ.

Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен ерекшеленетін бала. Дарынды балалар — өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік т.б.) балалар. Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр. Мектепте баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, олармен тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек.

Дарындылықтың жас ерекшеліктері:

Баланың дарындылығы өте ерте байқалады. Оның дамуының өте қарқынды кезеңі 2 жастан бастап 5 жасқа дейін. Осы жаста тұлғалық негізі қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Әртүрлі салалардағы әрекеттерде ырық бермей, алғашқы ықтиярсыз қабілеттері пайда болады. Мектепке дейінгі жастағы дарындылық бірнеше кезеңдерден тұрады: Бірінші кезең (2-3 жас) бұл кезеңде бала алғашқы сенсорлық әсер алады. Екінші кезең (3-4 жас) әрекеттерге еніп кетеді, табиғи материалдардың бастапқы белгілері туралы түсінігі пайда болады, өте белсенді, оған кең ауқымдағы әртүрлі әрекеттерге мүмкіндігі бар. Үшінші кезең (4-5 жас) баланың шығармашылық ізденіс кезеңі, қосымша әрекеттер үшін қабілетті балаларды біріктіруге болады. Төртінші кезең (5-6 жас) бала оң нәтижелерге жетуге ұмтылады. Бесінші кезең (6-7 жас) дарындылық өздігінен таныла бастайды. Дарындылық танылудың келесі кезеңі (11-14 жас) мәселелер болжамдық (гипотезалық) құрылымға ие болады, зерттеушілік сипат алады. Дарындылықты танудың қорытынды кезеңі (15-20 жас).

 Мектеп жасына дейінгі шығармашыл баланы тәрбиелеу үшін тәрбиешіге инновациялық тәсілдер қажет болады:

— стандарттан тыс , креативті жұмыс істеуге ынтасы;

— ізденіс белсенділігі, ізденімпаздық;

— мектеп жасына дейінгі бала психологиясы мен дарынды балалар психологиясынан білімі. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша бағдарлама мазмұны: «Таным», «Шығармашылық» білім беру салаларына негізделеді, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты дамуына бағдарланған.

Біз өз жұмысымызда мына ұстанымдарды басшылыққа аламыз:

  • тәрбиешілердің, педагогтардың және ата-аналардың ынтымақтастық үдерісі жүзеге асырылатын, сабақтастық;
  • әр балаға жеке қарым-қатынас жасау;
  • таңдау мүмкіндігі;
  • кешенді қарым-қатынас;

Күтілетін нәтижелер

  1. Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар санының артуы.
  2. Дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қаруланған педагог санының өсуі.
  3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымын кеңейту.
  4. Оқушылардың жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
  5. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру
  6. Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін жасау
  7. Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін оқытудың жаңа технологияларын жоспарлау мен жіктеу.
  8. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі қырынан проблемалар шығару.

Дарындылық ғасырлар бойы әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеден өз алдына бөлек дербес қарастырылып келді. Білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыстар ұйымдастырудың қажеттілігі болмады. Қазіргі кезеңде дарынды балаларды ертерек анықтау мен дамытуға ерекше назар аударылуда. Зияткерлік және шығармашылық дарындылық дарындылықтың негізгі түрлері ретінде қарастырыла бастады. Дарынды балаларға оза даму тән. Мектеп жасына дейінгі дарынды балалар мәселелерін анықтау олардың құрдастары, ересектер мен ата-аналарымен байланыс жасау арқылы жүзеге асады. Бағдарламада бірқатар ғалым-педагогтардың зерттеулері келтірілген. Дарынды балалар санынан орташа даму деңгейіндегі балалар саны басым болатындығын зерттеулер көрсетіп отыр. Яғни дарынды балалар саны өте аз. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі дарынды балалалардың дамуына көмек жасау және қолдау қажет. Бұл дарынды балалармен жұмыс бағдарламасын мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының жұмысына қолдануға болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *