IT сыныптың ашылуы

Сләмия Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінде 2015 жылдың бірінші қыркүйегінде робототехника курсы басталды. Жетекшісі:Мергенбаев Айдос Куатович. Ал қыркүйек айының 20шы жұлдызында мектебімізде Фотошоп,3д модельдеу үйірмелері қосылып,қаламыздың әкімі Аубакиров Нурлан Ерикбаевич ресми түрде IT-кабинетін ашты.Енді мектеп оқушыларына үлкен мүмкіндік туды.Қазіргі заманға сай өздеріне қажетті ақпаратты жинай алады. Робототехникадан жазғы мектеп өз жұмыстарын атқаруда. Жазғы демалыс уақытында 66,16,27 мектеп оқушылары робототехника үйірмесіне келіп,робот жасау техналогияларын үйренді.ал балаларға бұл үйірменің қыр-сырын үйретуші,үйірме жетекшісі робототехника пәнінің мұғалімі Мергенбаев А.К.
Әрине, бұл үйірмеге қатысушы балалардың жетістігін айтпау үлкен қателік болар…
Осы күнге дейін жеткен жетістіктері
2016 жылы I қалалық робототехника байқауында жүлделі 1 және 2 бірдей 2ші орын иегерлері атанды.
2017 жылы II қалалық робототехника байқауында жүлделі 3 бірдей 1 орын иемденді.
Халықаралық Roboland сайысында өз білімдерін көрсетіп,3rd prize,2nd prize иеленді.
KazRobotics сайысында 2 орынға ие болды.
2018 жылы III қалалық «Үздік команда» сайысында 3-1ші орын игерлері,1-2орын және де 1-3орын иегерлері атанды.
Ал,мен тек табыстары көп,әрі қарай жүлдері орындары көп болсын деп тілеймін.

С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің
10 сынып оқушысы Шабдан Нәзгүл Ержанқызы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.