Қазақ батырлары

Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырлары.

Мақсаты:

Оқушыға қазақ батырларының ерлігі туралы мағлұмат беру.

Өлеңдегі негізгі ойды анықтай білуге, ойын жүйелі түрде баяндай білуге үйрету. Оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу, көркем жазу дағдысын жетілдіру. Өлеңдегі негізгі ойды анықтай білуге, ойын жүйелі түрде баяндай білуге үйрету. Оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу, көркем жазу дағдысын жетілдіріп, халқының батырлары мен данышпандарын құрметтеп, үлгі тұтуға баулу.

 

Көрнекілігі: Қазақ батырларының суреттері, қару-жарақ суреті, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, 7 модуль элементтері.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

— үш тілде амандасу (қазақ, ағылшын, орыс)

Бір аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын даярлату.

  • кезекші баяндамасы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • ендеше үйге берілген тапсырма «Абылай хан» болса, үй тапсырмасын сұрамас бұрын біз екі топқа бөлінейік, біз өткен сабақтарда «Үш би» туралы оқыған болтынбыз соған сәйкес қазір біріміз «Билер» тобы, біріміз «Хандар» тобы болайық.
  • қима-қағаздар таңдау арқылы топқа бөлінеміз.

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын пысықтау (Абылай хан мәтінінің мазмұнын айту, ереже айту, мысал келтіру, мақал айту) әр топ өз жоспарын құрып ретімен айтады.

 

 

Қосымша сұрақтар:

  1. Абылай хан кім болған?

Қазақтың ханы болған.

  1. Абылай ханның шын аты кім?

Әбілмансұр.

  1. Абылай кімдердің ақылына жүгінген?

Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына жүгінген.

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ой шақыру:

  • Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батырларымен танысамыз. Батыр деп біз кімдерді атаймыз? Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.

Қазақ батырлары

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Шапырашты Наурызбай.

Өңкей батыр жиылып,

Абылай салды жарлықты.

Үш жүздің басын қосқан Абылай хан – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген. Қазақ батырлары атты өлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі, ақылшысы болған.

 

 

 

 

 

 

 

Бауыржан, Әлия, Мәншүк сынды ұлдарымыз бен қыздарымыз көп болған. Оларға Кеңес Одағының батыры деген атақ берілген.

 

ІV. Сергіту сәті.

  • 4 қадам алға, 4 қадам артқа
  • Айналады, айналады
  • Біздің балалар, қолмен шапалақтаймыз
  • Аяқпен тоқылдайыз, иықты қозғап – қозғап,
  • Ал енді секіреміз.
  1. Ой толғаныс.

— ал батырлар бұрынғы кезде жауға қарсы немен шыққан?

Ер қаруы – бес қару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батырларымыз елді жаудан қорғағанда мына қаруларды қолданған. Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Ер азаматтың – бес қаруы сақадай сай болған.

VІ. Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу

Бб

146-жаттығу.

1топ                                                 2 топ

Үлкен – кіші                                алыс – жақын

Кең – тар                                              жақсы – жаман

Жуан – жіңішке                                    ақ – қара

Ұзын – қысқа                              қалың – жұқа

147-жаттығу.

5,7,9,30,50,100

VІІ. Қорыту.

1 топ

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 топ

Сұрақтарға жауап беріңдер

 

  1. Қандай қазақ батырларын білесіңдер?
  2. Ер қаруы неше қару? Ата.
  3. Заттың санын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

 

VІІІ. Үйге.

158 бет, Қазақ батырлары, жаттау.

Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін төрт сөз жаз және төрт сөйлем құра.

ІХ. Бағалау.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығына, белсенділігіне қарай мадақтай отырып жұптар бойынша бірін – бірі  бағалау. (оқушы бағалайтын досының атын қима қағаз бойынша таңдап алады)

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.