Заттардың кеңістікте орналасуын бағдарлау
Мұхамбетамин Жанар Мұхамбетаминқызы
Білім беру салалары: «Таным».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ
Мақсаты:
а) Білімділігі: Балаларға көрсетілген заттарды сан, көлем кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішінді бір – бірінен ажыратуға, сөзбен айтуға дағдыландыру.
ә) Тәрбиелігі: Балаларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балалардың ой-өрісін бейімділігін дамыту. Тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру.
б) Дамытушылығы: Логикалық ойлау дағдысын дамыту. Сөйлеу қабілетін, мәдениетін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: карточкалар, заттық суреттер, әртүрлі пішіндер.
Қостілділік: көлік – машина, үй – дом, күн – солнце, гүл – цветок, ағаш – дерево.
Қызметтің кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеттері |
Ұйымдас-тырушы – қозғаушы қызмет |
Тәрбиеші: Балалар біз қол ұстаса дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрайық. Енді бір – бірімізге алақан арқылы жылылық танытып жылы лебіз білдірейік.
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біздің тобымызға көптеген қонақтар келіпті. Бүгін ерекше күн болғандықтан, сабағымызда ерекше болмақ. Көңілді отырып сабағымызды бастайық. |
Шаттық шеңбері:
– Армысыз қайырымды, Аспан ата! – Тату-тәтті болайық.
Балалар мұқият тындап отырады. |
Ұйымдас-тырушы – ізденушілік | Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Заттардың кеңістікте орналасуын бағдарлау».
– Балалароң жақтарыңда не орналасқан? – Ал сол жақтарыңда не орналасқан? -Алдыларыңда не орналасқан? – Арт жақтарыңда не орналасқан?
Осы кезде Д ымбілмес кіреді.
Дымбілмес:Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер не істеп жатырсыңдар, бұл не? Математика демекші балалар, менде біраз тапсырмалар бар. Шешімін таба алмай қойдым. Тәрбиеші: Мүмкін балалар көмектесер. Көмектесеміз бе балалар? Тәрбиеші Дымбілместің тапсырмаларын жасырады.
1-тапсырма. 1 адым алға, 2 адым солға, 3 адым оңға.
2-тапсырма. Алдарыңда жатқан ақ шаршы қағаздың жоғары оң жағына дөңгелек қоямыз, оң жақ төменге үшбұрышты, ал жоғары сол жаққа сопақша орналастырамыз,сол жақ төменге төртбұрыш орналастырамыз. Дымбілмес:Өте қызық екен, балалар маған тапсырмаларды орындаған ұнап тұр.
Сергіту сәті. Ал балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оңға бір бұрылып, Солға бір бұрылып, Алақанды соғайық! Алға қарай бір адым, Жоғары, төмен қарайық Орнымызды табайық.
(Дымбілмес тапсырманы хатпен беріп отырады)
3-тапсырма. Балалар тақтадағы суреттердің кеңістіктегі орналасуын бағдарлайды. (тәрбиеші айтуы бойынша) Үй ортада, ағаш оң жақта, күн жоғарыда, көлік сол жақта, гүлдер астында.
Дымбілмес: Балалар, менде орналастырып көрейнші?Гүлдер жоғарыда орналаса ма? Енді мен заттардың қайда орналасатынын білетін боламын, рахмет сендерге балалар. Тәрбиеші:Дұрыс балалар, өте тамаша. Сендер әр заттың кеңістіктегі орындарын таба білдіңдер.
4-тапсырма.«Миға шабуыл» -Сиырда неше аяқ бар? – Машинаның неше дөңгелегі бар? – Бағдаршамның көзі нешеу? – Алма үлкен бе, түйме үлкен бе? – Екі құста неше қанат бар? Дымбілмес:Балалар, сендерге көптен – көп рахмет! Маған тапсырмаларымды орындауға көп көмектерің тиді. Енді мен қайттым. Сау болыңдар, балалар!
Тақтада жемістердің суреті ілінеді. Балалар жемістерді санына қарай рет-ретімен қойып шығуы керек.
Доп-1, сәбіз-2, алма-3, саңырауқұлақ-4, гүл-5.
Тәрбиеші:Өте тамаша балалар, сендер санның ретін біледі екенсіңдер. |
Жауаптары.
-Сәлеметсіз бе! Бізде математика сабағы болып жатыр.
-Ия сізге тапсырмаларыңызды орындауға көмектесейік.
Балалар орындарынан тұрып, адымдарды орындайды.
Балалар тәрбиешінің айтқанымен алдарындағы ақ шаршыға пішіндерді орналастырады.
Мазмұны бойынша сергіту жаттығуын орындайды.
Тәрбиешінің айтуымен балалар тақтаға шығып орналастырады.
– Жоқ, гүлдер төменде орналасады.
Жауаптары.
-Сау болыңыз, Дымбілмес. Балалар тақтаға шығып, ретімен іледі. |
Жетекші – жөндеуші | Сабақты қорытындылау.
Ойын:«Аз ба, көп пе» Ойынның шарты:Алма ағаштары суреттері тақтада ілулі. Оң жақ, сол жақ, астында, үстінде деген ұғымдарды қолдана балалар бұтақтағы алмаларды санайды. Аз ба, көп пе салыстырады, орналасу кеңістігін бағдарлайды.
Балаларды мадақтау. |
Балалар ағаштағы алмаларды санау арқылы салыстырады және кеңістікте орналасуын бағдарлайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:кеңістікті бағдарлауды, оң мен солды айыра алуды.
Игереді:кеңістіктегі заттардың орналасуын бағдарлауды,заттарды ретімен орналастыруды, оларды салыстыруды.
Меңгереді:геометриялық пішінді бір – бірінен ажыратуды, логикалық ойлауды.