Рок музыкадағы төкпе күйді сабақта қолданудың әдіс тәсілдері

Реп музыкада төкпе күйді сабақта қолданудың әдіс тәсілдері
Алматы қаласы №26 жалпы білім беретін мектеп
Темирбаева Алма Алимбековна
Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Жасөспірімнің бойында талғампаздық, эмоциялық сезім қалыптастыруында мәдениетті болып өсуінде, музыка әлемін түсінуінде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Қазіргі таңда ақпараттың қарыштап дамыған әлемінде жас ұрпақтың білім алуға деген құштарлығын арттыруда оқыту технологияларының алатын орны ерекше. Музыка сабағында түрлі әдіс тәсілдерді қолдануда күй тыңдатудың маңызы зор.Баланы күй тыңдауға ,тыңдай отырып оны саналы түрде қабылдауда баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы күрделі міндеттердің бірі. Күйдің реп музыкадағы орны ерекше әрі өте жоғары деп бағалаймын. Домбыра сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді.Өмірдің барлық көріністері күйде кездеседі. Қуану, өкіну, шабыттану тіпті жан-жануарлар мен құстардың үні.Сыныпқа кіріп келе жатқан балаларды Құрманғазының «Сарыарқа», Түркештің «Көңілашар», Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйлерімен қарсы алудың өзі балаға шабыт беретіні анық. Балалардың ой толғау кезінде тыңдалатын терең салмақты күйлердің үні жан дүниесін рахатқа бөлейді.Алғашқы күннен бір-бірімізбен танысу сәтінде Құрманғазының «Аман бол шешем, аман бол» күйін орындап сол күйдің ырғағына сөз қосып танысу балаға ерекше әсер етеді. Мен өз тәжірбиемде осы күйдің үн таспада домбырада орындалған нұсқасына басқа аспаптарды қосу арқылы балалармен танысуды ұйымдастырдық. Бұл күйді мұқият тыңдасақ аман бол шешем , аман бол деген үн шығады.Бастауышта әріп өткен соң қосып оқуды алдымен буынға бөліп үйренеді. Сол сияқты күйге сөз қосу үшін бала алдымен ырғағымен танысады.Одан кейін қызығушылықты арттыру үшін домбыраға басқа аспатарды қосып алдымен мұғалім өзін таныстырғаны жөн. Мысалы мен күй әуеніне мынандай өлең жолдарын кіргіздім.
«Алдарыңда тұрған Алмамын Ұстаздық жолды таңдадым Танысып сізбен балалар Сабағымды жалғадым Қызықты сабақ алайық Өнерді бүгін салайық Танысып бүгін бәріміз Шырқатып әнге салайық» деген өлең жолдарымен өзімді таныстырдым. Одан әрі бала шығармашылықтарын көрсете бастайды. Бұл әдіс тәсілден түйіндегенім: бала бойындағы дарындылық ашылады, музыка әдебиетпен байланысады, барлық бала белсене араласып, сабаққа қатысады. Жасынан бала бойына күйдің қоңыр үнін сіңіру оның ертеңіне қосар үлес зор. Бала ұлтжанды, мәдениетті, рухани жан дүниесі таза болып өседі. Халқымыздың рухани мәдениетін бойына сіңіріп өседі, әйгілі композиторлардың шығармаларымен танысады, музыкалық қабылдаулары артады.Музыка сабағында түрлі әдіс тәсілдерді шебер қолдану мұғалімнің мамандығына деген құзыреттілігін арттырады.Балалардың ұйықтап жатқан шығармашылығы оянады.Музыка біздің өмірімізде адамның өзін-өзі тану көрсету жөніндегі өмірлік білім. Музыканы түсіну мен түйсіну оны тынысымен, бұлшық еттерімен,қозғалысмен сезіну.Негізгі акцент балаларды жоғары музыкалық мәдениетке «Алтын қор» шығармаларына баулу.Классикалық музыканы музыкалық терапия мақсатында қолдана отырып, қазіргі бағыттағы әндердің де қасиетін ұмытпаған жөн, яғни ол рок джаз.Жоғары музыкалардың формаларын тыңдау бастауыш сыныпта аса күрделі болмағанмен оған дағдыландыруды үйретіп алған жөн. Өз пікірінде көрнекті педагог В.Сухамилинский «Өнер-өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті.Сырлы да сазды әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра ,шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп,оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра түсу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді.Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздердерді де музыка әлеміне қызықтыра білу мұғалім міндеті. Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтардың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген ойына қосыла отырып баршаңызға шығармашылық шабыт пен табыс тілеймін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Күй қайнары» А.Райымбергенов, С.Аманова.-Алматы: Өнер,1990ж 288б
2. «Қазақ халқының аспатық музыкасы» Қосбасаров Б.-Алматы 1985ж ,423б

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *