Ақыл – парасат, ерік – жігер және жүрек
Сабақтың тақырыбы: Ақыл- парасат, ерік-жігер және жүрек № 1 сабақ
Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.
Мұғалімі: Самадинова Б.Н
Сынып – 7
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.
Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылардың адам туралы, олардың мүмкіндіктері туралы түсініктері дамиды.
Сабақтың мақсаты: – ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек тәрбиесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері: : – ақыл, қайрат, жүрек тәрбиесін сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету; – адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту ; – айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу. |
Плакат, маркер, үлестірме қағаз. | ||||
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
– оқушылармен сәлемдесу. – сынып тазалығына көңіл бөлу – оқушыларды түгендеу. (топтарға бөлу) Тыныштық сәтін. «Нұрға бөлену» баяу әуен тыңдау арқылы. |
Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру. | ||||
3. Дәйексөз:
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек»- деген Абайдың қара сөзін оқушылар назарына ұсыну және жаттау. Жұмыс дәптерге жаздыру. – Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? |
Абайдың қанатты сөзін оқу арқылы дәйексөздің мағынасын ашу.
АКТ-ны пайдалану. |
||||
4. Әңгімелесу (сұхбат) Оқулықта берілген Абайдың Он жетінші қара сөзін оқушыларға таныстыру.
Қорыту: – Автор қайрат, ақыл, жүректiң ерекшелiктерiн қалай жеткiзген? – Мәтінде ғылымның «жүрекке билет» дегенiнiң мағынасын қалай түсiнесiңдер? – Абай қандай адамды «қасиеттi адам» дейдi? Нелiктен? – Тағы қандай қасиеттердi «жүрекке билетуге» болады деп ойлайсыңдар? |
Абайдың қара сөзін оқу арқылы сабақты аша түсу. | ||||
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылардың алған білім – біліктерін шыңдау мақсатында шығармашылық жұмыс беремін. 1. Сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбiр терминнiң өзiне сәйкес келетiн анықтамасын табыңдар.
2. Төменде берілген сӛздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, «Парасатты адамның» портретін жасаңдар. Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ар-ұят, ашуланбау, байыптылық, ақылға жеңдіру, сабырлы, салмақты, инабатты, әдепті, сезімтал, парқын білу, пайымды, мейірімді. Қорытындылау 3. Төменде берілген мәтіндерді оқып, парасаттылыққа қатысты түйiндi ойларды iрiктеп алыңдар. Олардың маңыздылығын дәлелдеп берiңдер. ● Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында. Әл-Фараби ● Парасат – қараңғыдағы шырақ. Жүсiп Баласағұн ● Өзінің сеніміне қарай іс жасаған адамның бәрі парасатты емес, ол үшін оның сенімі де парасатты болуы керек. Федор Достоевский ● Ұлтты ұйытқылы ететін – парасат. Адамды абзал ететін – иман. Әбіш Кекілбаев Бекіту 4. «Парасатты болу – парызым!» тақырыбын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңдар. Әл-Фараби
|
Баяу әуен қойылады.
Постер, маркер,сызғыш, қайшы – қаламсап. |
||||
6. Топпен ән айту. Ойлан, балам
Сөзін жазған Шөмішбай Сариев Әнін жазған Кеңес Дүйсекеев Ойлан, балам, өмір деген өтпелі, Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді. Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары, Қайта оралмас бұл ӛмірдің көктемі. Ойлан, балам! Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған, Ойлан, балам! Ойлан, балам, алда үміт, арманың, Алда сенің нұрлы күнің, таңдарың. Қайта оралмас жас шағымның кӛзіндей, Қайта оралмас ғұмырымды жалғадың. Ойлан, балам! Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған, Ойлан, балам! Ойлан балам, елің-жерің, салтың бар, Мұратына жетер адам талпынған. Таудай биік азаматы болсаң да, Биікпін деп айтпа, балам, халқыңнан! Ойлан, балам! Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған, Ойлан, балам! |
АКТ-ны пайдалану.
Әнді бірге шырқау арқылы балалар өз көңіл –күйлерін көтере түседі. |
||||
7.Үй тапсырмасы. | Өлеңді оқып келу.
Күнделікке жазып алу.
|
||||
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде. | АКТ-ны пайдалану. | ||||