Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек

Сабақтың тақырыбы:  Ақыл- парасат, ерік-жігер және жүрек  № 1 сабақ

Құндылық: «Сүйіспеншілік»   Қасиеттер:  бәрін жақсы көру.

Мұғалімі: Самадинова Б.Н

Сынып –  7

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылардың адам туралы, олардың мүмкіндіктері туралы түсініктері дамиды.

Сабақтың мақсаты: – ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек тәрбиесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: : – ақыл, қайрат, жүрек тәрбиесін сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету;

– адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту ;

– айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.
Сабақтың барысы:  а) Ұйымдастыру кезеңі.

– оқушылармен сәлемдесу.

– сынып тазалығына көңіл бөлу

– оқушыларды түгендеу. (топтарға бөлу)

Тыныштық сәтін. «Нұрға бөлену» баяу әуен тыңдау арқылы.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.
3. Дәйексөз:

   «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек»- деген Абайдың қара  сөзін оқушылар назарына ұсыну және жаттау. Жұмыс дәптерге жаздыру.

– Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 

Абайдың қанатты сөзін оқу арқылы дәйексөздің мағынасын ашу.

 

 

АКТ-ны пайдалану.

4. Әңгімелесу (сұхбат)    Оқулықта берілген Абайдың  Он жетінші қара сөзін  оқушыларға таныстыру.

Қорыту:

–         Автор қайрат, ақыл, жүректiң ерекшелiктерiн қалай жеткiзген?

–         Мәтінде ғылымның «жүрекке билет» дегенiнiң мағынасын қалай түсiнесiңдер?

–         Абай қандай адамды «қасиеттi адам» дейдi? Нелiктен?

–         Тағы қандай қасиеттердi «жүрекке билетуге» болады деп ойлайсыңдар?

Абайдың қара сөзін оқу арқылы сабақты аша түсу.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *