Colors

Досанова Гульдана

Сабақтың мақсаты:

Ағылшын тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану.

  1. Білімділігі: ағылшын тілінде түстерді атап беруге үйрену, ажырату, қазақ тілінен салыстыру
  2. Дамытушылығы: ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс шығару, сөздерді дұрыс, нақты айту, сөз қорын байыту.
  3. Тәрбиелігі: шет тіліне деген қызығушылықтарын арттыру

Сабақтың көрнекіліктері: әр түрлі түстердің суреттері, қағаздан жасалған әр түрлі түсті жапырақтар, қағаздан қиылған жануарлар, тақта, қағаздан жасалған гүл, үн таспа, доп.

 

Organization moment:

Greeting: Good morning, children

Children: Good morning, teacher

 

I.Warm-up activities:

Қане бәріміз шаттық шеңберге тұрайық. Доппен ойнап өз атымызды ағылшын тілінде айтып берейік (балалар шеңберге тұрып, мұғалім допты әр балаға лақтырып сұрайды).

  • What is your name? Сенің атың кім?
  • My name is…..Менің атым?

 

II.Phonetic drill (фонетикалық жаттығу):  Балаларға қағаздан қиылған жануарларды көрсетіп, қандай жануар екенін, ол қандай түсті екенін балалардан сұрайды.

  • What is it? – Мынау не?
  • What color in the cat? – Мысық қандай түсті?

III.Негізгі бөлім

Жеті түстердің суреттерін көрсетіп, түстерді атап беру. Менің артымнан бірнеше рет қайталайды.

Red-қызыл

Green-жасыл

Blue-көк

Black-қара

Yellow-сары

Brown-қоңыр

Orange-қызғылт сары

Grey-сұр

White –ақ

 

IV.The new words: Слайд көрсету. Слайдтарда түстер көрсетілген. Түстердің суреттерін көрсетіп, сұрау:

  • What color is it? – Бұл қандай түс?

V.Warm-up: ‘What color in the sky……?’

VI.Let’s play (ойынды ойнау). Гүлді жинау. Балаларға әр түрлі жапырақтан қиылған түстерді көрсетіп, ойынның шартын түсіндіру. Балалар кезекпен бір бірден тақтаға шығады, жапырақтарды үстелге қойып, ағылшын тілінде түстердін біреуін атау. Бала естіген жапырақты тақтаға жапсырады. (Бұл ойында есту қабілеттері дамиды).

VII.Poems (түстер туралы тақпақ)

I see green. I see brown

I stand up! I sit down!

I see red. I see blue.

I see you and you and you!

VIII.Қорытынды бөлім:

-Балалар бүгін қандай тақырып өттік?

-Сендерге сабақ ұнадыма?

-Good bye, Children!

-Good bye, Teacher!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *