Балабақша балаларын табиғатты қорғауға үйрету жолдары

Абжанова  Жанар

Өзіңнің туған ауылыңның,қалаңның табиғатын сүю,туған жерді қадірлеу –Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыу,патриоттық сезімге тәрбиелеудің негізі.Табиғатқа ұқыпты қарауға,аялай білуге тәрбиелеу балабақшадан басталады.Тәрбиешінің алдында тұрған мақсат балаларды табиғатты бақылауға,оның қарапайым көріністеріндегікеректі бейнелерді көре білуге үйрету.Баланың табиғатты тануына ,олардыңәр түрлі дағдылармен іскерлікті алуына басшылық ете отырып,сан алуан әдістер мен тәсілдеді қолдана білуі керек.Әдіс-тәсілдеді таңдап алу программаның мазмұнына, олардың жасына,объектіге ,олардың жипақтаған тәжірибесіне байланысты болмақ.Естияр тобындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияда,серуендерде,ойында және баулу жолымен жүргізіледі.Тәрбиешінің табиғаттың түрлі құбылыстары жайлы әңгімесі балалардың білімін едеуір молайтады.Тәрбиеші балалардың бақылағандарын толықтырып отыруы керек.Мысалы: балалар серуен кезінде құмырсқаның илеуін көреді. «Олар не істеп жатыр ?»-деп сұрайды бала. «Кәнекей байқап көрейік» деп тәрбиеші бақылау кезінде құмырсқаның қайда жорғалап бара жатқанын түсіндіріп, құмырсқалардың тіршілігі жөнінде әңгімелеп беруі тиіс.Мұның бәрі олардың ой-санасының жетілуне әсер етеді,дүниені материалистік жағынан тануына жағдай жасайды.Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан қалыптаса бастайды.Балалар бәрін байқайды:ағаш басындағы ұяларды,құмысқаларды,өрмекшілердіт.б.Балалардың көңілін маусымдық өзгерістер,түстердің ашықтығы,иістер тартады.Олар өздеріне жаңа әлем ашады:барлығын қолмен ұстауға,иіскеуге,дәмін көруге тырысады.Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып,табиғатты сүюге,табиғатсыз өмір сүре алмайтынымызды дер кезінде түсіндіре білуіміз керек.Ұйымдастырылған оқу қызметіндегі мақсатты серуендер,саяхаттар және де алған білімдерін іс-жүзінде тәжіибелерде көрсете білуі.Балалармен жұмыс жасау кезінде табиғат туралы мақал-мәтелдерді ,ертегілерді қолданған жөн.Бала өсімдікке қамқорлыққа,жануарларды күтуге,табиғи ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиешінің тікелей басшылығымен тәрбиеленеді,сондықтан тәрбиешінің күнделікті іс-қимылын бала бақылай отырып қайталайды.(тәрбиешінің өсімдіктерге су құйып,жануарлады тамақтандыруы т.б)

Балабақша балаларына адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбие беруге байланысты балабақша оқытушыларының тәрбие беру жөніндегі білім деңгейін көтеру,балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын ата-аналарына таныстыру,насихаттау,әтүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүргізіп отыруы керек.

Педагогикалық процесті ұйымдастырудың мазмұны мен принципі балабақшадағы тәрбие жұмысының бағдарламасында балаларды жылдың төрт мезгілімен жеке-жеке таныстыру керектігі көрсетілген.Себебі әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес ,қайталанбас құбылыстар олардың ой-пікірін ұштап ,жетілдіріп,сыры мен мәнісін сезінуге жетелеуі қажет.Табиғаттың мезгіл бойынша өзгеретін сан алуан құбылыстарын білгісі келген мақсатта  балалардың тарапынан бірнеше сұрақтар қойылады.Мәселен: «Неге құстар ұшып келеді?» ,«Қар неге ериді?», «Мұз неден пайда болады?» т.б Мұндай сұрақтар баланың логикалық ойлау қабілетінің ,сөздік қорының дамуына мүмкіндік береді.

Тәрбиеші балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай , әдемілікті түсініп,сезе білуге, күн сәулесінің шуағын, жаңбырдың нұрын ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге баулуы керек.Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігінің және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа өнеге боларлық асыл мұра ,даналық ұғымдар, мақал-мәтелдер,аңыз әңгімелер аз емес.Табиғат жайындағы нақыл сөздер ,өнегелі өсиеттер,ойлы пікірлер экологиялық тәрбие беруде ,болашақ ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал.

Қазіргі кезде адамдар табиғат байлықтарын өз керегінше алып,пайдаға жаратып қоймай ,олардың табиғи түріне де ірі өзгерістер енгізуде.Қазіргі таңда біздің ғаламшарымызда келешекте адам қмір сүруге жарайтын күйде сақтап қалуымыз крек.Ол үшін балабақша сәбиінен бастап өзі тұратын өлкенің өлі жіне тірі табиғатын ластап,улануына,табиғат қорының ысырап болуына,көркемдігінің тапталуына,саналы түрде қарсы тұра алатындай тәрбие беруіміз керек.Адам баласы өмірінің,материалдық және рухани тіршілігінің табиғи тірегі ол-табиғат.Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін адамзат баласы оны қорғай білуге қабілетті болуы тиіс.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.