Менің педагогикалық ұстанымым (эссе)

Жумабекова Алтынай

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Ұстаз болу –жайғанамамандықемес. Оладамбағдарынжасаушы. Алғашқысәбилердіңсыңғырлағанкүлкісі, балдайтәттісөздері, мөлдірегенкөздерібәрі – бәріөтеқызықтысәттерболды. Бала өмірдіңгүлі, отбасыдәнекері, аннағұмырыныңжалғасы, еңбастысы, біздіңқоғамымыздыңалғақарайдамытушыболашағы. Сондықтан да жасұрпақтызаманталабынасай, көздіңғанаемес, көңілқуанышыетіптәрбиелеу – бастыміндет. Педагог К. Д. Ушинскийдің

«Егер педагогика адамды жан — жақты тәрбиелегісі келсе, оны жан — жақты білуі керек» деген терең мағыналы сөзін жадыма сақтай отырып, білімімді тереңдетіп, ізденуді мақсат еттім. Кішкене сәбимен сөйлесе білу де – үлкен өнер. Олар бір нәрсені естігені мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, мейлінше сенгіш, барынша таза, адал көңілді, білуге, тануға құмартқыш келеді.

 

Балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин «балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлесу, мағыналы сөздермен түсіндіру керек» деп кеңес береді. Ал сәби жүрегіне қонымды жауап беру үшін, мен күнделікті оқу іс — әрекеттерді шынайы, жақсы, қызықты өткізуге тырысамын. Әр оқу іс — әрекетінің сәтті шығуы бірінші кезекте, әрине, ұстаздар қауымына – өзімізге байланысты.
Музыка өнері-ең қызықты, ғажайып және балалармен қолайлы қарым қатынас икендігіне сенімдімін, өйткені балалар музыка оқу іс-әрекетінде  қиялдайды, музыка, ертегі әлеміне барады.Бірге би билеп, ән айтып, ойнаймыз және тыңдаймыз.Кейде баланың табиғи дарыны кұтпеген жерде пайда болады. Үлкендерге қарағанда, бала сурет салған кездеәндетуі, кітапты қарап отырыпүстелдің жанында билеуі мүмкін. Сондықтан музыка жетекшісі ретінде келешек музыкантардың қабілеттерін байқау, мен үшін маңызды. Олардың таланттарын ашу және шығармашылықты жалғастыруға мүмкіндік беруім қажет.

Музыкалық мерекелер және ойын-сауықтар («Алтын күз»,  «Жаңа жыл»,  «Наурыз мерекесі»ж.т.б.) мен ерекше музыкалық әрекеті деп елестетемін,ондағы әр бала өзін көрсете біледі және талттарын дамытады.

 

Өз жұмысымда мен балаларды музыканы түсіну және сезінуді маңызды деп есептеймін. Шынымен музыка өнерін сүйген адам, мейірімді, шыдамды әрі ақылды болып келеді. Ол сезімтал, жақын адамдарын және қоршаған ортаны түсіне біледі.Болашақта шәкірттерімнен Қазақстан елінің жарқын да белсенді балалары болады деген үлкен үміт күтемін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.