Ойыншықтар арқылы әңгіме құрау
Ибраимова Гульмира
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы ұғымдарын кеңейту. Үйренген сөздерден сөйлем құрату. Дыбыстарды дұрыс анық айтуға, сөйлем мүшелерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыру, сүйікті ойыншықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ойыншықтар, машина, доп, ыдыс-аяқтар, қуыршақ.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сипаттау, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау.
Сабақтың барысы: Балалармен үстел айналасында дастарқан басында отырып ойыншықтар туралы әңгімелеу.
Жұмбақ жасыру.
Ішін желмен толтырдым,
Қуалап жүріп болдырдым. (доп)
– Балалар, біз бүгін ойыншықтар туралы әңгімелесеміз.
– Сендерде қандай ойыншықтар бар?
– Сенің ең жақсы көретін ойыншығың не?
– Ойыншықты қайдан алдың?
– Ойыншықты кім жасайды?
– Қане, балалар, біз енді ойыншықтар дүкеніне барайық. Балалар,қараңдаршы қандай әсем, әдемі ойыншықтар.
Әр бала ойыншықты сипаттап береді. Сатушы сол ойыншықты алып береді.
– Балалар ,мұнда көптеген қуыршақтар бар екен. Балалар қуыршақтың әдемі әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Сонымен бірге балалар қуыршақтың да сендер сияқты екі көзі, екі аяғы, қолы бар.
– Қане балалар, кім айтады? Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
– Қуыршақ қалай жүреді?
– Ал енді мына ойыншық не деп аталады?
– Ыдыс–аяқ.
– Біздер ыдыс-аяқты не үшін қолданамыз?
– Мамаларымыз тамақ пісіреді. Ата-әжелеріміз шай ішеді.
– Балалар, кім ыдыс-аяқ туралы тақпақ айтады?
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шәй құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз? Ыдыс-аяқ
– Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ?
– Бүгін саяхатқа қайда бардық?
– Ойыншықтар дүкеніне бардық
– Дұрыс айтасыздар. Қандай ойыншықтар көрдік?
– Доп, машина, трактор, қуыршақ, ыдыс-аяқ.
Барлықтарыңыз сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Сіздерге рахмет!