Жақсылық жасай білейік

Төле би атындағы №8 гимназия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Сабақтың тақырыбы:

Жақсылық жасай білейік

4 – сынып

 

 

    

Өзін-өзі
тану пән мұғалімі:  

 

Кулмаганбетова Фарида Сейткеримовна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

            Мектеп: Төле би атындағы №8 гимназия

            Мерзiмі:

Сабақтың тақырыбы:  Жақсылық жасай білейік

     Құндылық: Дұрыс әрекет

     Қасиеттер: Кішіпейілділік , жанашырлық, мейірімділік

Мұғалiм:
Кулмаганбетова Фарида Сейткеримовна   

Сабақ:  №16                  

Сынып : 4  сынып           Оқушылар
саны
:33

 

Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу  арқылы оқушыларға  жақсылық
жасауды үйрету

Міндеттері:

·
жақсылық
жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

·
жақсы
істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

·
кішіпейіл
, жанашыр ,мейірімді болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: музыка,
оқулық, дәптер, суреттер Нақыл сөздер бейне фильм, үнтаспа, интерактивті
тақта

Сабақ барысы:

1.
Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың
назарларын сабаққа аудару.

      5Т еске түсіру.

      1.Тәртіп

      2.Талап

      3.Тыныштық

      4.Тазалық

      5.Татулық

 

      Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

(Ескерту: егер бұл
сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан
бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды
тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған
сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға
серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды,
дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды
желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін
сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз,
жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың
әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның
нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз.
Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен
ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей
түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей
әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың
сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз.
Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз
келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның
қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз.
Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс
алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут
үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл
әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша
сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін
қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген
уақытта  оған келе алатыныңызды есте
ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға
тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы
жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға
тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып
келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді
ашып, күлімсіреңіз!

 

Сабақ барысын ескертулер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1236550883_raznoe93275

2.     

чтениеҮй тапсырмасын тексеру

       №
16 сабақ, 83-беттегі «Жақсылық пен жамандық» ертегісін оқып, мазмұнын айту.

      Балалар
жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Ø  Неліктен
адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?

Ø  Өздеріңнің жақсылық  жасаған кездерің болды ма?

Ø  «Жамандыққа ерсең жаман боласың ,
жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

      Балалардың берген жауаптарына
сүйене отырып, ой түйіндеу.

-Жақсылық жасау үшін
адам бойында адамшылық, жанашырлық,мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі
болуы керек.Сонда ол жаман әдеттен жиреніп,жақсы әдетке үйренеді.Қолынан
келгенше ешкімді де,ешнәрсені бөліп жармай,бәріне бірдей жақсылық жасауға
ұмтылады.Біз де сондай болуға тиіспіз.Әлемдегі барлық адамдар тек қана
жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде
тыныштық, ынтымақ орнайды,адамдар бақытты өмір сүреді.

 

 

 

 

 

 

3.     

цитата2Дәйексөз

        «Жақсының жақсылығын
айт, нұры тасысын».
                                Халық  нақылы

Ø  Балдар осы дәйексөздің мағынасын қалай
түсінесіңдер?

Ø  Жақсылық жасау адамдарды қандай қуанышқа
бөлейді?

     Оқушылар дәйексөзді бірге дауыстап
айтып, балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытынды жасау.

-Өзі жақсы
адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа
толы болады.Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты
сезінеді.Өйткені оны адамдар, айналасы жақсы көреді,сыйлайды, онымен
достасқысы келеді.Осындай жетістіктерге ол өзінің  жақсы істері,жақсылықтары арқылы жетті.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.      Әңгімелеу.

Мұғалімнің
сыйы               Құм мен тас

            «Өмірдің үзік сырлары»
кітабынан алынды

    Екі дос шөл далада  саяхаттап жүреді. Бір
кезде  екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің  жағынан тартып
жібереді.  Соңғысы ауырсынса да,  ештеңе айтпайды, тек құмға былай
деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы  досым менің жағымнан шапалақпен
тартып жіберді».

  Олар әрі қарай жүріп  келе жатып, көгалға кездеседі, сол
жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені  суға секіріп кетеді
де,  батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол
өз-өзіне  келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін  менің ең
жақсы досым менің өмірімді  құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан
тартып жіберген, құтқарып қалған  досы сұрайды:

  -Мен сені ренжеткенде  сен құмға жаздың, ал енді тасқа
жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

    Досы былай деп жауап береді:

  -Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны
құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей  етіп,
тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып
үйрен.

Сұрақтар:

Не себепті ренжігенін құмға
жазды деп ойлайсың?

Жақсылық жасағанды тасқа
неліктен жазды?

Бұл оқиғадан досының қандай
дұрыс әрекетін байқадың?

«Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді»  бейнефильм көрсетіледі .

Видео бойынша  сұрақтар қойылады:

o
Жігіт
қандай риясыз жақсылық жасады?

o
Жақсылық
әрбіріміздің қолымыздан келеді дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

o
Жақсылық
жасау  жақсы ой мен дұрыс әрекетті
қажет ете ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіңнен баста!

5.      Шығармашылық жұмыс

     Оқушыларды жақсылық жасай білуге ынталандыру мақсатында жұмыс
ұйымдастырылады.Балалар екі топқа бөлінеді.Екі топқа екі түрлі әңгімеден
үзінді беріледі.Оқиғадан шығу жолдарын іздестіріп, ойланып әңгімені өз
ойларымен жалғастырып айтады.

1-топ                                Қарлығаш пен дәуіт


Халық ертегісі

Бір қарлығаш ұя
салып, балапандарын асырап жүреді.Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі
келіп,ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.Қарлығаш жыланды көріп, қатты
қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ….

2-топ                               Арыстан мен тышқан

                                         Латыш ертегісі             

Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан
келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді.Арыстан
оянып,тышқанды ұстап
алады.Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын»,-дейді
ол.Арыстан тышқанның  «жақсылық
жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді. ….

   Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген ертегіні өз ойларыңмен
жалғастырып жазыңдар.

….Бір күні орманда шөп жанып кетіп,өрт
басталады.Барлық аңдар шошып қаша жөнеледі.Тек тасбақа өзінің қысқа
аяқтарымен алысқа кете алмайды.От тасбақаға жақындап қалды.Ол енді қалай
құтылмақ

6.      Топпен ән айту

Айгерім Қалаубаева                    Ертегілер әлемі

 

   Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!

Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер
сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер
сендер?

Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя келіп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.

 

   7.      Үй
тапсырмасы

17-сабақ 90-беттегі Б.Әділовтың «Қанат
пен Жанат» әңгімесін

 оқып, дәптердегі тапсырманы орындап  келу

        Сабақты қорытындылау

-Адамға жақсылық
жасағанда риясыз жасау керек.Өйткені ол жанашырлықпен,шын көңілмен,адал
ниетпен жасалған іс.Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады.Әр адамның жаны
жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап,адамдар бақытты өмір
сүреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

7.      Соңғы тыныштық сәті


Оқушылар мұғалімнің айтқан өлең
жолдарын іштей қайталайды:

       Татулық
бар жерде, мейірімділік бар жерде, қамқорлық бар жерде, жақсылық бар жерде
сүйіспеншілік бар.

Балалар, енді бір сәт тынышталып,көзіміздіжұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі
сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп
көріңдерші..(сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе
салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші(сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп
болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер
жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге
рахмет айтамын!

           

      

           

      

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *