Жетімдікке тоқтау бола ма?

Байдильданова Балжан

Біз қазақ жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, өзіндік салт-дәстүр, тәрбие үлгісімен ерекшеленген халықпыз. Әйтседе «жетімдік» деген індет болып барады. Бізді қынжылтатыны сан ғасырлық тарихы бар халқымызда бұрын мұндай мәселе көп болмаған.

Өйткені, қазақта ұят, ар-намыс деген ұғым бәрінен биік тұратын. Тұлдыр жетімнен гөрі, қазір тірі жетімдер көбейіп кетті. Теледидар, газет-журнал беттерін, ғаламтор желілерін ашсақ баласын қараусыз қалдырған ата-ана, нәрестесін қоқысқа лақтырған қыз-келіншектер, өз баласынан бастартқан ер мен әйел жайлы мақалалар мен жаңалықтар толып артылады. Жан түршігерлік дүние артында жауапкершіліктің жоқтығын байқайсың. Тіпті қаны асылдан тараған ұрпақ адамның қадірін білуден қалды ма дейсің.

Әрине, жастар еліктегіш келеді. Ерте есейіп, үлкен өмірге асығады. Бірақ көңілге қаяу түсіретіні, жастарымыз өмірлік теңімді кездестірдім деп үлкен қателікке жол береді. Соңы ажырасуға әкеліп соқтыратынын өз көзімізбен көріп жүрміз.

Өкініштісі, сол ажырасу салдарынан қаншама бала ата-анасының толыққанды қамқорлығын көрмей, психологиялық күйзеліске тап болып, зардабын тартуда. Бүгінде бұл жайт тіпті ата-ананы алаңдатпайтын да секілді. Олар тек өздерінің ғана бақытын ойлап, кішкентай сәбидің болашағына балта шабатынын ескеріп жатқаны шамалы.

«Тәрбие-тал бесіктен» демекші, құрметті оқырмандар, ұл-қыздарымызды ар-ұятты, намысты қылып тәрбиелейік. Өзіміз бен соңымыздан ерген ұрпағымыз қателікке ұрынып, шалыс баспауына түрткі болайық. Осы ретте Ботакөз Екмағанбетованың «Қателік» атты өлеңін жолдағым келеді.

Анам мені алдыруды ойлаған,
Әкемде де мейірім жоқ әкелік.
Дүниеге әлі келе қоймаған
Сәби едім…
Менің атым – қателік.
Әлди айтар әлемге бұл шыға алмай,
Бұлқынумен тар құрсақта тұншықтым.
Мен жылауды білмесем де уанбай,
Тумай жатып қарғыс алған қырсықпын.
Әкем үшін әлі ертемін дерт едім,
Алдымда ажал, жан жағымда бекініс.
Ал шешемнің шерлі өзегін өртедім.
Шикі өкпемін…
Менің атым – өкініш.
Құрсағында бауыр еті езілген,
Екеуіне ел өсегі жоғары.
Селкілдеген бір-ақ сәттік сезімдер
Бір бейкүнә жетімектің обалы.
Жарып шығып жан анамның жатырын,
Жарық жалған сені көрсем бір шығып.
Жанталасқан бір жетімге жасырын,
Төріңді бер ей тәкаппар тіршілік

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *