Бала бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастыруда мектеп пен отбасы қарым-қатынасы

Нигметова Айман Сүндетқалиқызы

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,

тәрбиесіз  берілген  білім- адамзаттың қас  жауы,

        ол  келешекте  оның өміріне апат  әкеледі».

                                                                            Әбу Насыр әл Фараби

 

Тарихымызды танытар, азаттығымызды айқындатар, мәдениетімізді көркейтер, ұлттық құндылығымызды ұлықтар дарынды, талантты шәкірттердің болашағына алаңдаған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қай кезде де: «… мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- дейді.

Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы–егемен еліміздің ертеңгі болашағы. Бала тәрбиесі—өте күрделі құбылыс. Жас ұрпақтың тәрбиесі–қоғам алдындағы ортақ іс.

Бала бойында азаматтық және патриотизмді қалыптастыруда мектеп пен отбасының арасындағы қарым-қатынастың алатын орны ерекше.

Баланың алғаш бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік-отбасы болса, екіншісі, алтын ұя-мектебі. Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі Атырау жерінде қалалық білім беру бөліміне қарасты Атчибаева Жанаргүл Ерсайынқызыбасқарып отырған №1 В.И.Ленин атындағы орта мектепте қызмет ететін мұғалім мен ата-анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.

 

 

 

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады.

Отбасы–адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі–бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі–бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.

Мектеп қызметі қазіргі заман талабына сай толық өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру үшін тұлғаға бағдарланған болуы тиіс. Демек, оқушыны өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қарастыратын балаға деген құндылық қатынас орнату керек. Оқушы өзін басқалардың арасынан шығарып, бөлек қарамайынша, өз өмірінің мағынасын, өзін-өзі жете түсінбейінше, толыққанды білім алып, дамуы мүмкін емес.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғам мен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. 26.09.2016 жылы №01-06-45 бұйрығымен мектепішілік ата-аналар кеңесі құрылып, ата-аналар кеңесінің төрайымы Тауырбаева Г.К. әкелер кеңесінің төрағасы Мыңбаев С.С, әжелер кеңесінің төрайымы Марзия аже тағайындалды.

 

Тәрбие–алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы–адамзат бесігін тербет кен ұя болса, баланың бас ұстазы–ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы–ата-анасы.     Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады. Қазіргі мектеп отбасының қолдауына бұрынғыдан да күштірек мұқтаж, бұл жерде сөз терең түсіні стік пен өзара құрметке құрылған серіктестік жайында болып отыр. Педагогтың ата-аналармен жұмысы ынтымақтастық болмайынша, ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне белсенді тартпайынша мүмкін емес.

Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген  руханиадамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және  көзқарастарын қалыптастыру мақсатында төмендегідей шаралар өтті.

Қалалық білім бөлімінің 29,07.2016 жылығ №256 бұйрығы негізінде 2016 жылдың 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» атты ұранмен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. 15 аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына  оқу құралдар берілді. 5 А сынып ата-анасы Ж.Кулышевтің демеушілігімен 5 А сыныбы оқушылары Узенов Қайсар мен Шарипов Алдиярға мектеп формасын алып берді.

 

1  наурыз  Алғыс  айту күніне орай, «Қазақстан-мейірімділік мекені»  республикалық  қайырымдылық  акциясы  аясында  «Шын  жүректен  алғыс  айтамын» мерекелік кеш  болып  өтті.  Кешке мектеп  директоры  Ж.Е.Атчибаева, қалалық  білім  бөлімінің  тәрбие  жұмысының  әдіскері  Ж.Б.Жолмуханова, «Аязби»  ауыл  мәдениетін  қолдау  қорының  төрағасы, Қазақстан Жазушылар  Одағының  және  Журналистер  Одағының  мүшесі, Қазақстан Республикасы  Мәдениет  қайраткері, Республикалық  «Мерейлі-Мекен»  қоғамдық-саяси  журналының  Бас  редакторы, «Энергетик  прикаспий»  газетінің  Бас  редакторы  және  құрылтайшысы  Ж.А.Аронов, облыстық  «Тәжік  Ауған  шекарасындағы  жауынгерлік  қимылдарға  және  әскери  қақтығыстарына  қатысушылардың»  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы  Қ.Т.Қадырқұлов, ата-аналар  комитетінің  төрайымы  Г.Қ.Тауырбаева, әкелер  қоғамдық  кеңесінің  төрағасы  С.Т.Мыңбаев, мектептегі  мүмкіндігі шектеулі, бала күнінен мүгедек  7  оқушы: Кораблев  Данил, Нармагамбетова Нурай, Сериков Ансар, Камиева  Дильназ, Кушкинбаева Айару, Грецов  Артем, Тұрғанбай  Альбина  қатысты.

Ата–ана, мектеп, оқушы үш тағаны берік болса, алынбайтын қамал жоқ. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер, бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Яғни тәрбиенің түпкі мақсаты–қоғамның нарықтық қарым–қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын ізгілігі мен ХХІ ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген, жан–жақты,

 

 

 

 

 

 

 

мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасаған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан –2030» стратегиялық бағдарламасында «Біздің балаларымыз ғалымдар, инженерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, спортшылар, еңбеккерлер әртүрлі кәсіп иелері болады» деп келешек көк жиегіне көз тігеді.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толу тұсында Қазақстан кемел жетістіктердің жасампаздық істерін төрткүл әлемге таныта білді. Кең байтақ, қазыналы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ынтымақтың ордасы болған, Отанымыздың өркені дұрыс жайылуға тиісті. Тәрбиенің бастамасын бала жан ұядан алады. Отбасы әрбір бала үшін алтын бесік, сондықтан әрбір отбасы тәрбие тірегін осалдатпағаны абзал. Құрметті ата–ана, ұстаздар қауымы ұрпақ тәрбиесіне сергек  қарау,  серпінді тәрбие беру кезек күттірмес  күн  талабы.

Қазіргі заманымыз жақсарып, халықтың әл-аухаты артып келеді. Дегенмен де әртүрлі діни көзқарастағы адамдардың үгіт-насихатына балалардың еріп кетпеуін қадағалағанымыз жөн.

Ата-аналар балаларды мүмкіндігінше көп уақыт үйде жалғыз қалдырмауға, немен шұғылданатынын, мектепке қалай барып келуін, күнде қанша сабақ болып, қаншада қайтатынын біліп отырулары керек.

Баланың сабақтан тыс уақытын қалай ұйымдастыру керек? Олардың  кітап оқуына, мәдени тынығуына жағдай жасап көмектесу қажет. Осы орайда қаламыздағы мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің алар орны ерекше екенін атап өткім келеді.

«Тәрбие отбасынан бас талады» десек те, күйбең тіршілікке алданып жүріп, отбасындағы әрбір баланың әрекетін, қылықтарын бағалап, бағыт-бағдар беруге көңіл кейде аз бөлінеді. Әрбірата-анабаласыныңынтасын, қызығушылығынбайқап, оныңөзін-өзідамытуүшінжағдайжасап, ықпалетуікерек.

Мектеп пен ата-анаынтымақтасажұмысжүргізсе, балағатиістікөңілбөлебілсе, оларменсанасабілсе, келешектіңшынжанашыры, елдіңарқасүйеразаматтарытәрбиеленіпшығарысөзсіз.

Бала–Отанымыздыңкелешегі, біздіңжалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі–баршамызғаортақіс. Әрата-анаөзбаласынеліне, халқынашынберілген, халқынқұрметтейалатын, денісау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақтыжетілгеназаматетіптәрбиелеудіборышымдепесептеуікерек.

 

Әл-Фарабиайтқандай «Біріншіден, балағабілімемес, руханиқазынакерек. Руханиқазынасымолбалабілімдіөзііздептабады»

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *