Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері (7- сынып)

Тастаева Райхан Гайсиевна

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы.

«Аттандыру» , «Алғадай  туралы  әрбір  ой» өлеңдері

 

Сабақтың мақсаты

а) білімділік: халық ақыны Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығ   туралы айта отырып, ақын өмірін үлгі ету, өлеңін талдау және   өлеңнің мәнін ашып, меңгерту

ә) тәрбиелік: Жамбыл өлеңі арқылы туған елі мен жерін сүйетін, асқақ арман, биік мұратқа талпынатын ұлттық рухтағы патриот ұлан  тәрбиелеу

б) дамытушылық: оқушылардың шығармашылығын дамыту, ойлау   шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту

 

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ материалын өздігінен игеру

 

Сабақтың әдісі: СТО.

 

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, музыка

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд суреттер, кітаптар

Күтілетін  нәтиже:

-Жамбыл өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  білетіндерін кеңейтеді,мәліметтер  алады.

-Өлеңдеріне талдау  жасап,өз ойларын  еркін,анық  жеткізе  алады,пайымдауға,пікір  айтуға дағдыланады.

Сабақ  фазалары:

1.Қызығушылықты  ояту  бөлімі

2.Мағынаны  тану  бөлімі.

3.Толғаныс бөлімі

Сабақтың  беташары:

Маған  бақыт-сабақ өту  сіздерге,

Көріп тұрмын ,қуаныш  бар жүздерде!

Балалықтың  бал дәурені шат  күліп,

Бәрімізге  болсын серік сәттілік!

«Ой  қозғау» стратегиясы

  1. Ж.Аймауытұлы кім және оның қандай шығармалары бар?
  2. «Әнші»әңгімесіндегі Әмірхан бейнесі өнер тарихынан өздерің білетін қай әншіге ұқсайды?
  3. Әміре Қашаубаев кім? Әңгімеле.
  4. «Күн менікі» әңгімесінде  көш  қалай  суреттеледі?
  5. Күнікейдің өн бойынан  қандай  ерекшеліктерді  байқадыңдар?
  6. Көштің сән-салтанаты  мен қызығы  кімдердің үлесіне  тиеді?
  7. Бейнетін кімдер  көреді?

1.Қызығушылықты ояту  кезеңі

«Болжау  картасы» стратегиясы

1-топ  Боранды  күні  туылған,1846 жылы ақпан айы,әкесі Жапа,шешесі Ұлдан,домбыра  тартып,ән  салған.

2-топ.Өлеңді  суырып  айтқан,Сүйінбай  ақын бата берген,айтыста  жеңіліп көрмеген

3-топ.Кедеймін  деп  мойыған  жоқ,байлыққа  бас имеген,соғыс  қасіреті жүрегін  тілгіледі.

Бұл кім деп  ойлайсыңдар?

2.Мағынаны тану  кезеңі

 

Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз

жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен

М. Әуезов

 

1.Бала Жамбылдан        Дана Жамбылға дейін баспалдақ

(интерактивті тақтада слайд бойынша әңгімелеу)

  • Сәби Жамбыл
  • Бала Жамбыл
  • Жасөспірім Жамбыл
  • Ақын Жамбыл
  • Айтыскер Жамбыл
  • Жыршы Жамбыл
  • Күйші Жамбыл
  • Дана Жамбыл

«Жасымнан атым аян Жамбыл едім,

Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім»,-

деп өзі жырлағандай, шашасына шаң жұқпаған дана жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті.

Ол тарихта «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғ. Гомері», «феномен — феникс» атағымен қалды.

«Өлең сөздің даңғылы,

Бар қазақтың Жамбылы» болған Жамбыл бабамыз өз шығармаларының біразын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және  елін, жерін қорғауға үндеуге арнады. Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру» өлеңі.

«Өзара оқыту»страгетиясы

«Аттандыру» өлеңі

—  Өлең кімге арналған?

—  Ұлы Алғадайға арналған.

—  Өлең не туралы?

— Атаның балаға арнаған ақ тілегі, батасы, жүрегінің түкпірінен шыққан әкелік сезімі.

Қосымша мәлімет. 1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы 22 ақпанда Днепрпетровск облысы, Синельникова қаласында ерлікпен қаза табады.

Түсіндірме күнделігі (оқушылар өздері толтырады).

 

Өлеңдегі сөз           Оқушы түсінігі
Арлы  ар сақтағыш, ұяты бар
Абырой 1.     ар, ұят    2.атақ, дәреже, бедел
Ағат  жаңсақ, жаңылыс, теріс
Аңғарлы  әріден ойлап білетін, толғамды

 

Әдебиет теориясы.

Бата да, қоштасу да – халық поэзиясының шағын түрлеріне жатады.

Бата — өлең түрінде беріліп, елге тыныштық, от басына амандық, жасөспірімдерге  бақытты өмір тілеу мазмұнында болып келеді .

Қоштасу – мазмұны, сыр – сипаты әр алуан болып келетін жыр. Мәселен, өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын достан, жүйрік аттан, қыран құстан айырылу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандырарда  қоштасу, т.б.

  1. «Алғадай туралы әрбір ой» Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

1-топ  1бөлім

2-топ 2бөлім

3-топ 3 бөлім

«Кубизм»стратегиясы

1.Суреттеңіз. «Аттандыру», «Алғадай туралы  әрбір ой»өлеңдеріндегі ортақ кейіпкер  кім?Бейнесін  суреттеңіз.

2.Талдаңыз.Өлең  құрлысына  талдау.

3.Қолданыңыз.Ж.Жабаевтың  бір өлеңін жатқа  айту.

4.Зерттеңіз.Есімін неге Жамбыл деп қойды?Қандай    ақындарды жеңді?

5.Байланыстырыңыз.Халық поэзиясының  шағын түрлерімен  байланыстыр.

6.Салыстырыңыз.Қайраттың анасының  жоқтауы мен  Алғадайдың анасының  жоқтауын  салыстыру.

3.Толғаныс  бөлімі

«5 минуттық эссе» стратегиясы

«Жыр  алыбы-Жамбыл»

V.Қорытындылау

 

VІ.Үйге тапсырма.

  1. Жамбыл Жабаев туралы оқып, «Аттандыру» өленің  жаттау.
  2. « Біз соғысты көрген жоқпыз!» тақырыбына шағын шығарма жазу.

 

VІІ.Бағалау (Оқушылар бір-бірін бағалады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Қосымша деректер

 

 

  • Екі ғасырдың куәсі, жыршы – жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын Ж.Жабаев қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда дүниеге келді.
  • Жамбылдың өзі де, шәкірті Кенен де 20-дан астам күй шығарған. Ел арасында Жамбыл күйлері бүгінге дейін сақталған. Олар – «Ыңғайтөк», «Сұрмерген», «Басшылбай-Күйшілбай», «Ұран», «Ой, дүние-ай» т.б. күйлері.

Домбыраны қолыма,

Он жасымнан алғанмын.

Дәл жетпіске келгенше,

Күй тартудан танбадым.

  • Ұлы адамдардың киесі, пірі болады. Абылай ханда – ақ түйе, Райымбек бабада-қызыл түлкі, Кемпірбай ақында – көкала үйрек. Ал Жамбыл атамыздың киесі – қызыл шұбар жолбарыс.
  • Дәулескер күйші-сазгер Нұрғиса Тілендиевтің атын Жамбыл бабамыз қойған. Нұрғисаны Жамбыл «Тұқатай» деп еркелететін. Қайтыс болғанда өзін Жамбылдың қасына қоюды өсиет еткен.
  • Ж.Жабаев туралы «Жамбыл. Адамзаттың ұлы жыршысы» деректі фильмі және «Жамбылдың жастық шағы» кинофильмі (ақын бейнесін кейіптеуші: айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков) түсірілген.
  • Жамбылдың әдеби-мемориалдық мұражайы Алматы обл., Жамбыл ауд., Жамбыл ауылында 1947 жылы ашылған. Ол ақынның 1938-45 жылдары өмір сүрген үйінен ашылған.
  • Ақын атақты Балуан Шолақпен кездескен. Дәулескер Дина замандасымен күн құрғатпай хабарласып, жақын араласып тұрған.
  • «Жамбыл» журналы 2004 жылдан бері жарық көріп келеді. Редакторы және жоба авторы – Несіпбек Дәуітай.
  • Жамбыл атындағы халықаралық диплом мен медаль бар.

 

 

 

7-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі»

Сабақтың мақсаты:

1.Ақын өлеңдерінің өзіндік табиғатына, өзгешелегіне көңіл бөлу; өлеңдегі түйінді ойды аңғарту,Жамбыл туралы білгендерін кеңейту, бекіту.

2.Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, танымдық көзқарасын қалыптастыру.

3.Өз елін, Отанын, туған жерін сүюге, құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

-Өлең бойынша өз көзқарасын қалыптастырады;

-Өлеңдегі  Алғадай бейнесіне орай жақсы мінез-құлық, іс-әрекеттерін талдау арқылы өзінше ой қорытады.

-Жаңа ұғымды өзі іздеп табады.

Сабақтың түрі:

Әдіс-тәсілдер:топтастыру, инсерт, бес жолды өлең стратегиялары

Сабақтың барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі.

І.Қызығушылықты ояту.

Мәлімет жинау.

Жамбыл жайлы тағы не білдім?

«Топтастыру»

ІІ.Мағынаны тану.

Жамбыл өз қолымен майданға аттандырған «Аттандыру» өлеңінің кейіпкері кім?

Алғадай және одан тараған ұрпақ Қуаныш туралы өлеңдерімен танысамыз.

Оқушылар, сіздердің ойларыңызға қосымша түсінік бере кетейін.Жамбылдың алты ұлы болған, Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады.Ал екі ұлы Ізтелеу мен Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанады.1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады.Алғадай майданға кеткеннен кейін жеті күннен кейін келіні Жәміш ұл туады. 1943 жылы Алғадай ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келеді. Осы қайғылы хабарды естіртуге Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов келіп:

-Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың,

Қайғырып Алғадайға жатырмысың.

Пендеге бұл жалғанда өлім рас,

Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?

Кім күшті бұл дүниеде адам күшті,

Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.

Миуалы бақ ішінде дарағы едің,

Бір жемісің жел соғып жерге түсті-деген екен.Расында ұлының қайғысы ақынның жанына қатты батады.

 

-Өлеңдерді оқып шығу.

Инсерт әдісі бойынша өлең жолдарындағы түсініксіз сөздерді түртіп отырады.

Сөздікпен жұмыс.

Мүрде-өлген адамның денесі,өлік.

Көзел-көпті көрген, сұңғыла

Саулақ –елден ерен

Жабы-қазақ жылқысының байырғы қарабайыр түрі

Кәріп-соқыр, мүгедек.

Өлең құрылысына талдау жасау.

Өлеңдер топтамасын екі топқа бөліп беремін.

3 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 буын

2 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7-8 буын

ІІІ.Ой толғаныс.

Сонымен, ұлы ақынды қатты қайғыға салған фашистік немістердің бейбіт елдің берекесін алған соғысы еді.

«Бес жолды өлең» стратегиясы

Зат есім. Соғыс

Сын есім.

Етістік.

Сөйлем.

Синоним.

Бағалау.

Үйге тапсырма.Ұнаған өлеңді жаттау.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *