Кәсіп бастауға 5 млн теңге грант беріледі.

Кәсіпкерлікті дамытуға қатысты конкурс жарияланды. 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде гранттық қаржыландыру беру бойынша өткізілетін бұл конкурстың бюджеті 545 млн теңгені құрайды.
Конкурсқа өтінімдер жергілікті әкімшілік немесе кәсіпкерлерді қолдау орталықтары арқылы немесе «Электрондық Үкімет» веб порталында орналасқан «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Бұл порталға кез келген уақытта өтінім беруге болады.
5 млн теңге көлеміндегі қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 43 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жобасына сәйкес экономиканың басым секторларында мемлекеттік гранттар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

Грантқа қатысу үшін мына құжаттар болуы керек:
1.«Бастау бизнес» жобасын оқығаны жөнінде сертификаты;
2.Кәсіпкердің ағымдағы шотында 20% қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме;
3.Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама.

«Кәсіпкер өтінішті веб порталда тіркеген сәттен бастап, бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ол өтінішті 4 жұмыс күн ішінде қарастырады. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады», делінген басқарма хабарламасында.
Конкурсқа қатысты ақпарат https://atameken.kz, https://damu.kz сайтарында жарияланып отырады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *