I дыбысы және әрпі
Иманқұлова Айтолқын Сәтбайқызы
Көркем жазу
Сабақтың тақырыбы: I дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. I дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; сөзге дыбыстық талдау жасату; оқуға, жазуға жаттықтыру 2. оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту. 3. Өз ана тілін елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, суретті үлгі бойынша кітаптың ішіктің, түлкінің, ілгіштің суреті, текшелер.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа даярлығын тексеру.
- Өткен сабақты қайталау.
- Өтілген дыбыстарды кеспе әліппеден тапқызу.
- Қала, жан, ана, ата т.б. сөздерді кеспе әріптермен жазғызып, буынға бөлгізу.
III. Жаңа сабақ.
Кеспе әріптен і әрпін көрсете отырып, өлең шумағын оқу. Жалғыз таяқ боп тұр, Төбесінде доп тұр. Бұл не?
Бұл і дыбысы деп, әріп таңбаларын көрсету. Айтылу артикуляциясына мән беру.
– I дыбысы жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?
– Дұрыс. Айтылуына қарай қандай дыбыс дейміз?
– Көрдіңдер ме, дауысты дыбыс екі түрлі айтылады екен. Айталық ы дыбысы жуан дауысты, і десек жінішке дауыспен айтамыз.
Сондықтан да дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге бөлінеді. Мысалы: ы-і, ү-ү, а-ә, о-ө.
- Сергіту сәті
Жел соқты гу-гу
Жаңбыр жауды тырс-тырс.
Жаңбыр басталды.
Күн ашылды.
- Сурет бойынша жұмыс.
Тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттері ілінеді. Сөйлем құрастыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Мысалы: ілгіш і-дауысты дыбыс, қызыл.
л-дауыссыз дыбыс, көк
г-дауыссыз дыбыс, көк
і-дауысты дыбыс, кызыл
ш-дауыссыз
дыбыс, көк – текшемен белгілейміз.
- Қане, бәріміз хормен оқиық ілгіш
Енді сөзді буынға бөліп оқиық. іл-гіш.
- Өз бетінше жұмыс жүргізу
– Кеспе әліпелеріңе тіл, кітап сөзін жазыңдар. Оқушыларға аз ана тілінің қадір қасиеті, кітап жайлы түсінік беру.
VII. Мақалмен таныстырып, бірін жаттатқызу.
Кітап – білім бұлағы.
VIII. Жазу жұмысы.
І-нің үлкен, кіші әрпін жаздыру. Ін, тіл, тіс сөздерін жазғызу.
- Сергіту сәті
Кі-кі-кі – бұлаңдайды түлкі.
- Оқулықпен жұмыс.
- “Әріп тастамақ” ойыны
Ойынның шарты: 7-8 балаға бір-бірден әріп таңбасын таратады. Оқушы өз қолындағы әрпіне сай сөз ойлап табады айтады.
XII. Үйге тапсырма:
- Дәптердегі жазуды аяқтау.
- Тіл. кітап туралы мақал-мәтел жаттау.
XIII. Бағалау.