Сын есімді оқытуға арналған танымдық жаттығулар жүйесі

1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, сын есімді тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айтыңыз:

Абайдың ағаш үйінің іші-сырты салтанатты, өте көрікті.

Оның сұлу көздерінің ақ-қарасы әлі де тап-таза.

2-тапсырма: Төмендегі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар:
Терең, таяз, әдемі, семіз, ауыр, жеңіл, қара, ұзын, тәуір, қышқыл, тәтті, аласа, биік.

3-тапсырма: Төмендегі сын есімдерден сөз тіркестерін құрастырып жазыңдар:

Төмен, жуас, әділ, сүйкімді, қошқыл, сылбыр, тентек, тар, боз, сұйық, ыстық, келте, қоңыр, ашық, сыпай, кішіпейіл, жағымпаз, түзу, қисық, салтақ, саяз, бұжыр.

4-тапсырма. Дұрыс жауап: Қазақ халқы қандай халық? Сұрағына жауап ретінде сөзжұмбақтың кестесін толтыру

    Қ О Н А Қ Ж А Й
Б А У Ы Р М А Л    
Ө Н Е Р П А З      
          Т А Т У  
      А Ш Ы Қ      

5-тапсырма: Төмендегі берілген сын есімдерді сапалық және қатыстық сын есімдер деп екі бағанға бөліп жазыңдар. Қатыстық сын есімдердің жасалу жолына мән беріңдер:

Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
   

Терең, сусыз, мейірімді, таяз, әдемі, семіз, шырайлы, құнарлы, ауыр, жеңіл, қара, өнерлі, орманды, ашық, ұзын, тәуір, қышқыл, тарихи, әңгімешіл, тәтті, аласа, бойшаң, қазақы, биік.

Сын есімді меңгертуде әртүрлі тілдік бірліктерге арналған жаттығулар жүйесі жасалып, олардың метафоралық, ассоциациялық деген түрлері анықталды. Олардың үлгілері метафора мен ассоциациялардан тұрған себепті, сын есімның құрылымдық үлгілері арқылы таныту және меңгерту көзделді.

Метафоралық жаттығулар. Концептілер когнитивті метафоралардан тұрады да, олар концептінің құрамында жеке адамның көзқарасы мен ұлттық дүниетаным негізінде құрылады. Танымдық метафоралардың басты ерекшелігі сөздің лексикалық мағынасының басты бөлшектерінің ұштасуы арқылы мағыналық үйлесімділікке бағынады. Метафораларды оқушыларға ұғыну ауыр болғанымен, оларды жеңілдету арқылы меңгертуді осы кезде бастаған жөн. Метафораларды ұғына білген оқушының бойында шығармашылық деңгейдегі дарындылық негізі калыптаса бастайды. «Метафоралық жаттығулар» тіркесін балалар ұғымына түсінікті болу үшін «бейнелеу жаттығулары» деп алуға болады.

Мысалы: Ұғымдардың бейнесін ұқсас белгілері арқылы сипаттандар.

Міндеті: Сын, зат есімдердің ұқсастығын ажырата білуге, логикалық байланысын табуға үйрету. Үлгі: шөп – жасым кілем; мұз -…; тау- …батыр.

Табиғат -… (ана), Әке – … (асқар тау)

Сабақ беру барысында мұндай мазмұндағы тапсырмалар жоғары денгейдегі оқушылар үшін қиындау болғанымен, сынның белгілерін білдіретін сөздерді іздестіріп, дұрыс қолдануда және сөйлемдегі сөздерді тиісті орнына қоюда қызығушылық тудырды.

Ассоциациялық жаттығулар. Танымдық оқытуда сын аталымдарының лексикалық мағынаның үлкен және кіші бөлшектері, яғни семантиканың әр алуан бөлшектерін ұғындыруға тура келеді. Лексикалық мағынаның ірі, кіші семалары сол сөзді қабылдағанда, бірден ойға түсетін бейнелер мен ұғымдар болса, ойлау салыстыру ассоциациялары арқылы жүреді. Көк сөзінің тілдік таңба ретіндегі мағынасы: «Ашық аспан тәрізді түс». Ал символ ретінде көк сөзі басқа семантикалық мәнде көрінеді. Ә. Марғұлан көк түс – көкке табынудың, аспанның символы екендігін атап көрсетеді. Қазақ ұғымында көк түс – ең таза, киелі, қасиетті түс. Өйткені көк түс – аспанға берілген, оның тәңірлік сипаты болған. Көк түс адалдықтың,  мәңгіліктің, тұрақтылықтың символы ретінде мәңгілік Көк Аспанмен, Тәңірімен ассоцацияланады. Сөзді дәлелді ету үшін, жоғарыдағы үзіндідегі көк сөзінің қолданысына назар аударайық. Жазушы көк сөзін сан мәрте қолдана отырып, шығарма кейіпкерлерінің ішкі сезім күйлерін терең де жан-жақты таныта түскен. Көк сөзін қанша қолданса да, ол артықтық етпей, керісінше жазушы осы арқылы айтар ойын нақтылап, оқырман көкейіне қондыра білген. Сонда көк сөзі бірде таза да пәк, биік махаббат символы ретінде көрінсе, бірде тәкаппарлық пен суықтықтың символы ретінде қолданылған. Соның өзінде бұл сөздің мағыналық өрісі қаншалықты қарама-қайшылықта көрінсе де, айналып келгенде бір бүтін мағынаға – тазалыққа, рухани сүйіспеншілік,  мөлдір махаббаттың символына ие болады.

Мысалы: «Достық» концептісін тақырып ретінде алғанда, мынадай танымдық сұрақтар қойылады: Достықты бұзатын не екенін ойлап, сөздерді өзара мағыналық қатынастарына қарай топтастырыңдар, мағынасын қалай түсінесіндер? Олардың ішінен ең бастысы қандай?

Үлгі: Достықты бұзатын ұғымның ассоциациялары: сатқындық, күншілдік, мақтаншақтық, өтірік, өсек, қорқақтық, ашу, ыза жағымпаз,  т.т.

Сын есімнің танымдық  тұрғыдан тілін дамыту мақсатында жазылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарындағы тіл білімі салаларының жүйелі, бірізді, жинақы,  оқушылар  ұғымына  жеңіл, түсінікті  болуы   көзделді;

– Сын есімнің танымдық  тұрғыдан сөздік қорын дамыту мақсатында жазылған оқулық мазмұнындағы тілдік талдауларға берілген жаттығулар мен тапсырмалар және қосымша дайындалған материалдар оқушының логикалық ойлау жүйесі және танымдық әрекеті шығармашылық ізденісін   қалыптастырады.

   – Қолданылған талдау-жинақтау, салыстыру, қатысымдық әрекеттер, жаттығулар, интербелсенді әдістер оқушылардың танымдық ақпаратын жетілдіруге көмектеседі.

1- тапсырма:   Сын есімді оқытуда «БЛУМ таксономиясы» арқылы берілген тапсырмаларды жіктеп көрсек:

I «БІЛУ»

  1. Сын есім туралы не білесіңдер?
  2. Сын есімнің түрлері туралы
  3. Сын есімнің сөйлем құраудағы маңыздылығы
  4. «ТҮСІНУ»
  5. Сын есімнің дара және күрделі болып бөліну себебін түсіндіріңдер.
  6. Сапалық сын есім қандай ерекшелігін атап өтер едің? Неліктен?
  7. Құрамын жағынан сын есімнің бөлінуі ерекшелігін түсіндіріңдер.

III. «ҚОЛДАНУ»

  1. Сын есімнің ерекшелігі туралы баяндап беріңдер. Мысал келтіріңдер.
  2. Сапалық сын есімдерге мысал келтіре отырып, коммуникациядағы қолданылу ерекшелігін сипатта.
  3. Сапалық сын есімдергді пайдаланып диалог құраңдар.
  4. «ТАЛДАУ»
  5. Сын есімнің түрлерін өзара салыстырыңдар.
  6. Сапалық және қатыстық сын есәмнәң ерекшелігін, айырмашылығын салыстыру арқылы дәлеледеңдер.
  7. Венн диграмасы арқылы дара пен күрделі сын есімдерді салыстырыңдар.
  8. «ЖИНАҚТАУ»
  9. Кез келген мәтінді алыңдар. Сол мәтіндегі сын есімнің рөлін айқындаңдар.
  10. Мәтіндегі сапалық сындардың берілу сипатын жинақтап, түбірдің қызметін айқындаңдар.
  11. БАҒАЛАУ
  12. Сапалық сын есімдер мен туынды сындардың мағынасы қалай өзгерер еді? Өзгермес еді?
  13. Дебат арқылы сапалық, қатыстық ерекшелігін бағалап, ұлттық құндылықтар тақырыбына арналған шағын пікірталас өткізіңдер.

«БЛУМ таксаномиясы» арқылы сын есімдерді танымдық оқыту арқылы түсіндіруге, меңгертуге болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *