Мен өмірді сүйемін! (Психологиялық тренинг)

Өмір – дегеніміз не? Өмір дегеніміз – баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір өзен болса ағысқа қарсы емес. Өмір дегеніміз – баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Әрбір адам – өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!

Жан-жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Бұл – өмір. Қайсымыздың болмасын, өміріміз өз қолымызда. Әркім өз өмірінің сәулетшісі. Алдағы өміріміздің жақсы не жаман болуы осы өмірде өздеріңіз таңдаған алдарыңызға қойған мақсаттарыңызға және достарыңызға байланысты. Өз мінез-құлқын, өзін айналасындағылармен салыстыру, адамдармен өз қарым-қатынасын түзету мүмкіндігіне ие бола отырып, адам өмірде сыналады, шыңдалады, қалыптасады. Өмірде өз орнымызды, өмір жолымызды дұрыс таңдауға тырысуымыз керек. Қазіргі қоршаған ортадан тек жақсы мінез-құлық, тәрбиені, адамгершілікті үйренуге өзімізді дағдыландыруымыз керек. Қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір-біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты.

Олай болса, өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді сүйеміз, өзімізді танимын деп ойлаймын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *