Өміріміздегі дұрыс таңдау

Өміріміздегі дұрыс таңдау

Біз дұрыс шешім қабылдауда ең бірінші жақсылап ойлануымыз қажет. Мен осы тақырыпты бүгінгі түлектер мен қатар болашақ маман иелеріне арнағым келіп отыр. Өздеріңізде осы уақытқа дейін естіген боларсыздар адам екі жағдайда қателеспеу керек: жар таңдауда және мамандық таңдауда. Себебі бұл екі дүние біздің өмірімізбен байланысты. Ал енді мамандық дегеніміз — өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау деп ойлаймын. Білесіздер ме? Өмірдегі ең қиын мамандық- адам болып қалу. Ең бастысы адамгершілігімізді жоғалтпау. Негізі мамандық таңдауда бастысы жұмыс табылатын, оны әрмен қарай алып кете алатын, болашағы бар мамандық таңдаған жөн. Қазіргі таңда көп жастарымыз тек грантқа түсіп, грант көп бөлінген оқуға қарай жүгіреді. Ал болашағы туралы ойлайтындар аз десек қателескеніміз емес. Адам өз ісінің нағыз маманы атану кез келгенге бұйырмаған. Тек соған берілген, таңдауына деген махаббаты шексіз болу қажет. Міне сонда ғана біз өзіміз қалағандай, кішігірім болсада, мақсатымызға жетеміз. Сол себептен де жас түлектерге айтарым жеңіл жағын ойламаңыздар.Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Өмірімізді жақсы жаққа өзгерту, ол тек өзіңізге байланысты.Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *